«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қОҒамының ЖӘне дауыс беретін акцияларының (Қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару қҰҚЫҒында «самұРЫҚ-Қазына»


-тарау. Жабық екі кезеңдік конкурс



бет12/13
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170483
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

6-тарау. Жабық екі кезеңдік конкурс

331. Комиссияның шешімі бойынша Жабық екі кезеңдік конкурс өткізілуі мүмкін. Жабық екі кезеңдік конкурс өткізген кезде хабарламаны мерзімді баспа басылымдарында Компанияның және Бірыңғай оператордың веб-сайттарында жариялау жүргізілмейді. Жабық екі кезеңдік конкурсқа Комиссия анықтайтын қатысушылардың шектелген тобы қатысады. Жабық конкурстың барлық талаптары жазылған жабық конкурсқа қатысуға жазбаша шақыруды Сауда-саттық ұйымдастырушысы жібереді. Қатысуға шақыру жіберілген және жабық конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу жазбаша шақырулар жіберілген күннен бастап жүргізіледі және жабық конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

332. Жабық екі кезеңдік конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатпайды, ол Комиссияның шешімінде көрсетілген тұлғаларға жіберіледі. Сауда-саттық туралы хабарламаны жіберу Жабық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдау аяқталғанға дейін 20 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Бұл ретте Сауда-саттыққа қатысуға өтініштер және Конкурстық ұсыныстар Сауда-саттық туралы хабарлама жіберілген тұлғалардан ғана қабылданады.

333. Осы Қағидалардың 125-тармағында көзделген мәліметтерге қол жеткізу Жабық екі кезеңдік конкурсты өткізу кезінде Сауда-саттық туралы хабарлама жіберілген тұлғаларға ғана беріледі.



7-тарау. Электрондық конкурс

334. Активтерді және Объектілерді өткізу бойынша электрондық конкурс Қор Басқармасының шешімі негізінде тізілімнің веб-порталында жүзеге асырылады. Осы 6-тарауда пайдаланылатын Электрондық конкурсты өткізу бойынша ережелер мен рәсімдер Электрондық сауда-саттық өткізу регламентінің электрондық конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ережелер мен рәсімдерге сәйкес келеді.

335. Электрондық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарлама, егер Комиссияның шешімімен немесе Электрондық сауда-саттық өткізу регламентінде өзгеше мерзім көзделмесе, Электрондық конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдау аяқталғанға дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей тізілім веб-порталда жарияланады.

336. Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында немесе Электрондық сауда-саттық өткізу регламентінде көзделген мәліметтерден басқа, Электрондық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарлама мыналарды қамтуы қажет:


1) Конкурстық өтінімді қабылдау басталған және аяқталған күні және уақыты;

2) Активтің немесе Объектінің бастапқы бағасы;

3) Конкурстық өтінімдерді бағалау өлшемдері;

4) Конкурстың өтінімнің мазмұны;

5) егер бұл Комиссияның шешімімен көзделген болса, Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген Конкурстық өтінімдерді бағалау өлшемдеріне сәйкес ең төменгі талаптар;

6) Электрондық конкурстың қорытындылары шығарылған күн;

7) Электрондық конкурсқа қатысу үшін тізілімнің веб-порталында тіркеу қажеттілігі туралы нұсқама;

8) Электрондық конкурсқа қатысу үшін нұсқаулық алу тәртібі туралы мәліметтер.


337. Электрондық конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаны тарату үшін жарнама құралы, оның ішінде Комиссияның шешімімен белгіленген тұлғаларға Сауда-саттық туралы хабарламаны атаулы жіберу қосымша пайдаланылуы мүмкін.

338. Электрондық конкурсқа қатысуға өтініш беру үшін тұлға тізілімнің веб-порталына тіркелуі қажет.

339. Электрондық конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдау және тіркеу Электрондық конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім ішінде тізілімнің веб-порталында Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі.

340. Электрондық конкурсқа қатысуға үміткер тұлға Электрондық құжат нысанында Электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне Қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді Жүйеде тіркейді. Мұндай өтінішке Сауда-саттық өткізу тәртібіне қатысты осы Қағидалардың жалпы ережесінде көрсетілген мәліметтерді және Электрондық көшірмелердің нысанында құжаттарды қоса беру қажет.

341.Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу автоматты режимде тізілімнің веб-порталында жүзеге асырылады, мұнда Электрондық конкурсқа қатысуға қабылданған өтінімдер бойынша деректер мамандандырылған Өткініштер тізілімінде сақталады.

342. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер беруге арналған мерзім аяқталғанға дейін тізілімнің веб-порталы Электрондық конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлғалардың тізбесін қарау мүмкіндігін болдырмауды, ал Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер мазмұнына қатысты осындай өтінімді берген тұлғадан басқа, басқа біреудің қарау мүмкіндігін болдырмауды көздеуі қажет.

343. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді аукционға қатысуға жіберілмеген қатысушыларды анықтау мақсатында тізілімнің веб-порталында комиссия мүшелері қарайды. Комиссия Электрондық сауда-саттық өткізу регламентінің 24-тармағында көзделген банктік кепілдіктің түпнұсқасын сауда-саттық басталғанға дейін сатушыға бермеген немесе Электрондық сауда-саттық өткізу регламентінде көзделген тәртіппен кепіл жарна енгізбеген конкурсқа қатысушының өтінімін қарамайды.

344. Комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап
5 күнтізбелік күн ішінде Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер беруді қарайды (Конкурстық өтінімдерден және баға ұсынысынан басқа) және қатысушының электрондық почтасына жіберілетін хабарлама арқылы осы Электрондық сауда-саттық өткізу регламенті мен сауда-саттық туралы хабарламаның талаптарына Электрондық конкурсқа қатысуға оның өтініміндегі анықталған сәйкессіздіктер (олар болған кезде) туралы конкурсқа қатысушыға хабарлайды.

345. Хабарлама конкурсқа қатысуға өнітімдерді ашқан күннен бастап
4 күнтізбелік күн ішінде комиссия хатшысының тізілімінің веб-порталында негерацияланатын өтінімді ашу хаттамасының негізінде қалыптастырылады.

Өтінімдерді ашу хаттамасына өтінімдерді ашқан күннен бастап
5 күнтізбелік күн ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып, комиссия мүшелерінің қолдары қойылады.

346. Өтінімдерді ашу хаттамасына комиссия мүшесінің қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, комиссия хатшысы осы хаттамада қол қойылмау себебі бар ақпаратты көрсетеді.

347. Өтінімдерді ашу хаттамасында мыналар анықталады:

1) комиссия өтінімдерді ашу хаттамасына қол қойған күннен бастап
7 күнтізбелік күннен кешіктірмей белгіленген Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайталама ашу күні және уақыты;

2) Электрондық конкурстың талаптарымен қанағаттандырылған қатысушылардың тізімі;

3) қатысушының ЭЦҚ қойылған Электрондық конкурсқа қатысуға қосымша өтінім тізілімін (Баға ұсынысы бар конкурстық өтінімнен басқа) веб-порталда қалыптастыру арқылы анықталған сәйкессіздіктерді өтінімдерді қайталама ашу күніне дейін жоятын себептер көрсетілген Электрондық конкурстың талаптары қанағаттандырмайтын қатысушылардың тізімі.

348. Өтінімді ашқан күннен бастап (өтінімге ескертпелер болмаған жағдайда) не өтінімді қайталама ашу күнінен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде комиссия Конкурстық өтінімді қоса алғанда, Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және тізілімнің веб-порталында комиссияның хатшысы қалыптастырған конкурсқа жіберу хаттамасына қол қояды.

349. Комиссия мүшесінің конкурсқа өткізу хаттамасына қол қою мүмкіндігі болмаған жағдайда, комиссияның хатшысы осы хаттамада қолтаңбаның болмау себебі қамтылған ақпаратты көрсетеді.

350. Аукционға конкурсқа қатысушыларды жіберу туралы комиссияның шешімі конкурсқа жіберу туралы хаттамаға комиссияның барлық мүшелерінің ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою уақыты көрсетілген тізілімнің веб-портында автоматты түрде жарияланады, ал конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушылардың электрондық почтасына автоматты түрде хабарлама түседі.

351. Конкурстық өтінімге қосымшалар түпнұсқа құжаттардың электрондық көшірмелері немесе олардың нотариалдық куаландырылған көшірмелері түрінде Жүйеге жүктеледі. Конкурсқа қатысуға жіберу хаттамасында мынадай ақпарат қамтылған:

1) себептері көрсетілген аукционға қатысуға жіберілмеген қатысушылардың тізімі;

2) аукцион өткізу күні мен уақыты көрсетілген аукционға қатысуға жіберілген қатысушылардың тізімі.

Аукционды өткізу күні мен уақыты аукционға кемінде екі конкурсқа қатысушыны жіберу туралы комиссия шешімін тізілімнің веб-порталына жариялаған күннен бастап бірінші жұмыс күніне тізілімнің веб-порталында белгіленеді (сату объектісі аукцион өткізбестен жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін үшінші және кейінгі сауда-саттықтарды қоспағанда).

352. Аукционға жіберілген конкурсқа қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және тізілімінің веб-порталында берілген аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион өткізілетін залға кіреді.

353. Аукцион тізілімінің веб-порталы белгілеген уақытта басталады және былайша жүргізіледі:

1) аукцион басталған сәтте аукцион залында өтінімде көрсетілген конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары көрсетіледі, ол сатушының комиссиясы белгілеген старт бағадан аз болмайды және ағымдағы баға қалыптастырылады;

2) аукцион басталған сәттен бастап қатысушыға сатушының комиссиясы белгілеген және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген қадамға басқа қатысушының барынша жоғары ағымдағы бағасын ұлғайтуға мүмкіндік беріледі;

3) аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де бірі барынша жоғары ағымдағы бағаны ұлғайтпаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы лот бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

4) егер аукцион басталғаннан бастап жиырма минут ішінде аукцион залында қатысушылардың бірі конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қадамға басқа қатысушының барынша жоғары ағымдағы бағасын ұлғайту арқылы сату объектісін сатып алуға өз ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғаяды;

5) егер ағымдағы баға ұлғайғаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бір де бірі ағымдағы бағаны ұлғайту арқылы сату объектісін сатып алуға өз ниетін растамаса, онда сату объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал аукцион өткізілмеген болып танылады.

354. Егер аукцион басталған сәтте екі және одан көп қатысушылардың баға ұсыныстары сату объектісіне бірдей ең жоғары бағаны қамтыған жағдайда және осы ағымдағы баға жиырма минут ішінде ұлғаймайтын болса, онда ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың арасында өтінімі басқа қатысушылардан бұрын қабылданған қатысушы осы қатысушылар арасында аукционның жеңімпаз болып танылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет