«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қОҒамының ЖӘне дауыс беретін акцияларының (Қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару қҰҚЫҒында «самұРЫҚ-Қазына»


-тарау. Ашық екі кезеңдік конкурс



бет11/13
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170483
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

5-тарау. Ашық екі кезеңдік конкурс

291. Ашық екі кезеңдік конкурс мына кезеңдерден тұрады:


1) Бірінші кезең – өткізілетін конкурстың мәні бойынша алдын ала ұсынысты қамтитын Сауда-саттыққа қатысуға өтініштер беру және оларды қарау. Бірінші кезеңнің қорытындыларында Комиссия ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңіне қатысуға адамдаржы жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және Конкурстық ұсыныстарды бағалау мазмұны мен өлшемдерін бекітеді;

2) Екінші кезең – Конкурстық ұсыныстарды беру және оларды қарау, олардың негізінде ашық екі кезеңдік конкурстың жеңімпазы анықталады.


292. Егер Комиссияның шешімімен өзге мерзім көзделмесе, Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтніштер қабылдау аяқталған дейін 20 жұмыс күнінен кешірмейтін мерзімде Ашық екі кезеңді конкурсқа қатысты сауда-саттық туралы хабарлама жарияланады.

293. Ашық екі кезеңдік конкурстың бірінші кезеңіне қатысты сауда-саттық туралы хабарлама Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көзделген мәліметтерден басқа, мынарады қамтуы қажет:


1) Активтің немесе Объектінің Бастапқы бағасы;

2) алдын ала ұсыныстарды бағалау өлшемдері;

3) алдын ала ұсыныстың мазмұны;

4) егер Комиссияның шешімімен көзделсе, Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген Конкурстың шеңберінде жіберілген ұсыныстарды бағалаудың өлшемдеріне қойылатын ең төменгі талаптар;

5) Конкурстық ұсыныстарды бағалау өлшемдері анықталып, оның екінші кезең барысында Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушыларға жіберілгені туралы көрсету;

6) Ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындыларын шығаратын күн.


294. Ашық екі кезеңдік конкурстың бірінші кезеңіне қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаны тарату үшін жарнама құралдары, оның ішінде Комиссияның шешімімен белгіленген адамдарға Сауда-саттық туралы хабарламаны адрестік жіберу қосымша пайдаланылуы мүмкін.

295. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға үміткер адам Сауда-саттыққа қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті өтініш береді.

296. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау және оларды тіркеу Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерді берге арналған мерзім ішінде мерзімді баспа басылымдарында Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі.

297. Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көрсетілген Сауда-саттыққа қатысуға өтінімге қоса берілген мәліметтерге қосымша Ашық екі кезеңдік конкурсқа үміткер тұлға Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген алдын ала ұсыныстарды бағалау өлшемдеріне сәйкес алдын ала ұсыныс береді.

298. Егер Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтінімдер беруге арналған мерзім өткен сәтте 1-ден аз өтінім берілген болса, ол өткізілмеді деп танылады.

299. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім өткен күні Сауда-саттық ұйымдастырушы өтініштері бар конверттерді ашады және олардың Сауда саттықтар туралы хабарлама және осы Қағида талаптарына сәйкестігі мәнін (алдын ала ұсыныстарды бағалау өлшемдеріне сәйкестігіне тексеру жүргізбестен) тексереді. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Сауда-саттық ұйымдастырушысы берілген материалдарды қарайды және телефон байланысы, электрондық почта немесе өзге де байланыс құралдары арқылы анықталған сәйкессіздіктер туралы өтініш берушілерге хабарлайды.

300. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға үміткер адам Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштер беруге арналған мерзім аяқталған күннен кейін 70 жұмыс күні ішінде анықалған сәйкессіздіктерді жояды. Бұл ретте, алдын ала ұсыныстың мазмұнын және/немесе талаптарын бұзатын мәліметтер мен құжаттарды беруге болмайды.

301. Анықталған сәйкессіздіктерді жоюға арналған мерзім өткен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Комиссия Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға (кемшіліктер жойылған) өтініштерді және оларға қоса берілген алдын ала ұсыныстарды қарайды.

302. Сауда-саттық туралы хабарлама мен осы Қағидалардың талаптарына Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштердің сәйкессіздігі болмаған жағдайда, осы Қағидалардың 301-тармағында көзделген мерзімді Сауда-саттықты ұйымдастырушы өтініштерді қарау аяқталған күннен бастап алып тастайды.

303. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерді Коммис қарауға арналған мерзім Комиссия шешімі бойынша бірнеше рет, бірақ 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

304. Осы Қағидалардың 301 және 303-тармақтарында көзделген мерзімдер Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысты Сауда-саттық туралы хабарламаны жариялау мерзімі азайған дағдайда, кему жағына Комиссияның шешімімен өзгеруі мүмкін.

305. Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңіне қатысуға сол немесе өзге тұлғаны жіберу туралы мәселені қарау барысында Сауда-саттықты ұйымдастырушы және/немесе Комиссия Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға үміткер адамдардың өкілдерімен Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген талаптарға олардың сәйкестігін белгілеу мақсатында келіссөздер өткізуге құқылы.

306. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерді қарау қорытындылары бойынша Комиссия Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңіне көрсетілген өтінішті берген адамдарды жіберу және оларға Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушылар мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.

307. Сауда-саттыққа қатысуға жіберуден бас тартуға қатысты Қағидалардың осы Бөлімінің 1-тарауында көзделген негіздемелерден басқа, егер осындай тұлғаның алдын ала ұсынысы Сауда-саттық туралы хабарламаның талаптарына, оның ішінде Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген ең төменгі талаптарға Конкурс шеңберінде жіберілетін ұсыныстарды бағалау өлшемдеріне сәйкес келмесе, Комиссия Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңіне қатысуға тұлғадан бас тартуға құқылы.

308. Егер Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерді қарау қорытындылары бойынша көрсетілген Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға тек бір адам жіберілсе, Ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылады. Мұндай жағдайда, Комиссияның шешімі бойынша тиісті Актив немесе Объекті тиісті алдын ала ұсыныспен, Актив немесе Объекті бойынша құжаттама пакетімен және сауда-саттық туралы хабарламамен Сауда-саттыққа қатысуға оның өтінішінде көзделгеннен нашар есес талаптарда Тікелей атаулы иеліктен шығару арқылы мұндай адамға өткізілуі мүмкін. Бұл ретте Активті немесе Объектіні өткізу бағасы Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініште айтылған осы тұлғаның алдын ала ұсынысында көрсетілген бағадан аз болмауы қажет.

309. Егер Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға барлық берілген өтініштерді қарау қорытындылары бойынша екінші кезеңге қатысуға бірде бір адам жіберілмеген болса, мұндай Конкурс өткізілмеді деп танылады.

310. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушының жеке өзі немесе өзінің уәкілетті өкілдері арқылы Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңіне қатысуға құқығы бар.

311. Сауда-саттыққа қатысуға өтініштерді Комиссияның қарау мерзімі өткеннен кейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия Сауда-саттық ұйымдастырушысы әзірлеген көрсетілген бағалау өлшемдеріне сәйкес Конкурстық ұсыныстарға қойлатын ең аз талаптарды көрсете отырып, Конкурстық ұсыныстардың мазмұнына және бағалау өлшемін қамтитын Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламаның мазмұнын бекітеді. Көрсетілген ең төменгі талаптар Ашық екі кезеңдік конкурсқа Қатысушылардан түскен Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштерде бекітілген көрсеткіштерден төмен болмауы қажет (алдын ала ұсыныстарды қоса алғанда). Өткізілетін мерзімі, орны, уақыты және Конкурстық ұсыныстар беру тәсілі көрсетілген Ашық екі кезеңдік конкурстық екінші кезеңі туралы хабарламаны Комиссия бекіткеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде Сауда-саттық ұйымдастырушы Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушыларға алғаны туралы хабарламамен, сонай-ақ электрондық почта немесе факсимильді байланыс арқылы тапсырысты почта жіберілімімен жібреді.

312. Ашық екі кезеңдік конкурс шеңберінде Конкурстық ұсыныстар беру мерзімі, егер Комиссия шешімімен өзгелей көзделмесе, мерзімді баспа басылымдарында Сауда-саттық туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 60 жұмыс күнінен азды құрамайды.

313. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушы Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада көрсетілген Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі ішінде Актив немесе Объекті бойынша берілген құжаттама пакетіне сәйкес Конкурстық ұсынысты, Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламаны және Сауда-саттық ұйымдастырушысы берген өзге ақпаратты дайындайды.

314. Конкурстық ұсынысты жабылған конвертте Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушы береді. Конкурстық ұсыныс тігілген, беті не парағы нөмірленген, соңғы беті не парағы Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушының қолы және мөрі қойылып, расталуы қажет (жеке тұлға үшін, егер онда бұлар болса).

315. Конкурстық ұсынысқа қосымша (беттері не парақтары нөмірленген, соңғы беті не парағы Қатысушының қолы қойылып, мөрі басылып (жеке тұлға үшін, мөрі бар болса), расталған, тігілген қалыпта) бөлек тіркеледі.

316. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушының Конкурстық ұсынысы салынған жабылған конверттің бет жағына мыналарды көрсету қажет:


1) Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушының толық атауы және почта мекенжайы;

2) Сауда-саттықты ұйымдастырушының және Компанияның толық атауы және почта мекенжайы, ол Актив немесе Объекті бойынша құжаттама пакетінде және Сауда-саттықтар туралы хабарламада көрсетілген осындай мәліметтерге сәйкес келуі қажет;

3) Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушының Конкурстық ұсынысы берілген Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысу үшін Активтің немесе Объектінің атауы;

4) Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес Конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталатын күн мен уақыт көрсетілген «ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген жазу.


317. Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген Конкурстық ұсыныс салынған конверт ашылмай, Қатысушыға қайтарылады.

318. Тиісті дәрежеде ресімделген Конкурстық ұсыныс Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада көрсетілген Конкурстық ұсыныстарды беруге арналған мерзім ішінде Сауда-саттық туралы хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушы жібереді немесе береді.

319. Ашық екі кезеңдік конкурстың әр қатысушысы бір ғана Конкурстық ұсыныс беруге құқылы. Конкурстық ұсыныстар беру мерзімі аяқталғанға дейін Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушы бұрын жіберген Конкурстық ұсынысын қайтарып алуға немесе оған өзгерістер және/немесе толықтырулар жіберуге құқылы.

320. Сауда-саттық ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныстарды қабылдауды және тиісті Конкурстық ұсыныстарды тіркеу журналына оларды тіркеуді жүзеге асырады.

321. Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы хабарламада белгіленген, бірақ Конкурстық ұсыныстар беру мерзімі аяқталғаннан кейін
30 минуттан кешіктірмейтін мерзімде Сауда-саттықты ұйымдастырушы Конкурстық ұсыныс салынған конверттерді ашуды жүргізеді, оған Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы. Әр Конкурстық ұсынысты ашқаннан кейін Сауда-саттық ұйымдастырушысының өкілдері Конкурстық ұсыныс салынған конверттегі материалдар мен құжаттардың тізбесін жариялайды.

322. Конкурстық ұсыныстарды ашқан күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде Сауда-саттық ұйымдастырушысы Конкурстық ұсыныстар салынған конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оның көшірмесі Конкурстық ұсыныс берген қатысушыларға олардың сұрауы бойынша 1 жұмыс күні ішінде беріледі. Егер Конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталғанда Сауда-саттық ұйымдастырушысы 2-ден кем Конкурстық ұсыныс алса, онда Ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылады, ол туралы тиісті Конкурстық ұсыныстар салынған конверттерді ашу хаттамасына белгі жасалады.

323. Конкурстық ұсыныстар салынған конверттерді ашу хаттамасын жасағаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде Сауда-саттық ұйымдастырушысы Комиссия хатшысына Конкурстық ұсыныстар мен Конкурстық ұсыныстар салыған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін береді.

324. Комиссия Конкурстық ұсыныстарды Комиссия хатшысы алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды қарап, тиісті қорытындылар шығарады. Осы мерзім Комиссия шешімімен бірнеше рет ұзартылуы мүмкін, бірақ 10 жұмыс күнінен аспауы қажет.

325. Комиссия Қатысушының қаржылық, ұйымдық, басқарушылық және өзге же мүмкіндіктері сынды Конкурстық ұсыныста көрсетілген немесе Сауда-саттыққа қатысуға өтініштерді қарау кезінде алынған Қатысушылар туралы мәліметтерді ескере отырып, Конкурстық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша Ашық екі кезеңдік конкурстың жеңімпазын анықтайды. Бұл ретте, Конкурстық ұсыныс Ашық екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңі туралы тиісті хабарламада бекітілген өлшемдерге сәйкес келуі қажет.

326. Конкурстық ұсыныстарды бағалау өлшемдеріне сәйкес ең төменгі талаптарға жауап бермейтін конкурстық ұсыныстар Комиссияның қабылдамауына жатады, ол туралы Ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындылары туралы хаттамада тиісті белгі жасалады. Егер нәтижесінде
2-ден аз қабылданған Конкурстық ұсыныстар қалса, Ашық екі кезеңді конкурс өткізілмеді деп танылады.

327. Комиссияның шешімі Ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындылары туралы хаттамамен ресімделеді, оған комиссия отырысына қатысқан және Ашық конкурстың қорытындыларын шығарған күні осындай отырысқа төрағалық жасаған Комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия мүшесінің өзінің ерекше пікірін жазбаша беруге және оны Ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға тіркеуге құқығы бар, ол туралы соңғысы белгі жасайды.

328. Ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындылары туралы хаттамада мыналар көрсетіледі:


1) Комиссия туралы мәліметтер;

2) Активтің немесе Объектінің атауы және қысқаша сипаттамасы;

3) өткізілген Ашық екі кезеңдік конкурстың әдісін қоса алғанда, ол туралы мәліметтер;

4) өткізілген Ашық екі кезеңдік конкурстың өткізілді деп танылғаны туралы нұсқама;

5) өзінің Конкурстық ұсынысын берген Ашық екі кезеңдік конкурстың қатысушылары туралы мәліметтер;

6) осындай өлшемдерге сәйкес ең төменгі талаптар көрсетілген қатысушылардың Конкурстық ұсыныстарын бағалау өлшемі;

7) Ашық екі кезеңдік конкурс жеңімпазының Конкурстық ұсынысының мазмұны;

8) Жеңімпаз туралы мәліметтер;

9) Сауда-саттық туралы хабарламаға сәйкес Шартқа қол қою үшін біршама талаптар мен мерзімі көрсетілген Шартқа қол қою бойынша Компания мен Жеңімпаздың міндеттемесі;

10) осы Қағидаларда көзделгендей Шартқа қол қоюдан бас тартқаны үшін Жеңімпаздың жауапкершілігі;



11) Комиссияның қалауынша өзге де мәліметтер.

329. Ашық екі кезеңдік конкурсқа қатысуға өтініштер болмаған немесе Жеңімпаздың болмауы туралы Комиссия шешім қабылдаған жағдайда, Сауда-саттық ұйымдастырушысы Комиссияның шешімі бойынша Комиссияның осындай шешімінде көрсетілген мерзім ішінде жаңа Ашық екі кезеңдік конкурс өткізеді (осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып), осы Қағидаларла көзделген жағдайларда Активті немесе Объектіні өткізудің басқа нысанын пайдаланады немесе Активті немесе Объектіні өткізу үшін Сауда-саттықтың тәсілін өзгерту туралы ұсынысты Қордың уәкілетті органына жібереді. Комиссияның шешімі бойынша Сауда-саттық ұйымдастырушысы Комиссияның шешімімен белгіленген мерзімде Активті немесе Объектіні өткізуді ұлғайту мақсатында Ашық екі кезеңдік конкурстың талаптарын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды береді.

330. Ашық екі кезеңдік конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың қол қойылған көшірмесі Қатысушыларға тиісті сұрау түскен күннен кейін
3 жұмыс күні ішінде беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет