3. Кілегейді шайқау.
Кілегейді шайқау кезінде май түйіршіктерінің агрегация (жабысулары) жүреді. Кілегейді шайқау уақыты кезінде май түйіршіктерінің агрегациясы кілегейдің ішкі көлемінде май түйіршіктерінің соғысуы әсеріне жүреді, сонымен қоса кілегейдің беттік қабаты мен ауаның шекарасында жүреді. Қазіргі уақытта кілегейдің беттік қабаты мен аулы шекарасындаіы май түйіршіктерінің агрегациясы флотациялы теория түрінде аталады. Флотациялы теорияға сәйкес май түйіршіктері агрегациясының негізігі процесі май түйіршігінің кілегей-ауа шекарасына тартылуы болып табылады, кілегейді араластыру кезінде ауа, ауалы түйіршік түрінде қослуының нәтижесінде пайда болады. Флотацияның себебі плазманың басқа заттары мен ақуыздың белсенділігімен салыстырғанда, май түйіршігі қабықшасының липопротеинді комплексінің үлкен беттік белсенділігі болып табылады. Май түйіршігі мен ауа түйіршігінің беттік шекарасында агрегация процесінің екі кезеңі болады. Бірінші кезеңде май түйіршіктері ауа түйіршігінің беттік шекарасында жиналады.
Шекаралық бетте май түйіршіктерінің жиналуы ауалы түйіршіктің пайда болуы кезінде, ал одан әрі ауалы түйіршіктер біріккен кезде, сонымен қоса ауалы түйіршіктердің деформациясы кезінде және ұсақ бөлшектерге ыдырау кезінде жүреді.
Жиналудың салдарынан бір-бірімен әрекеттескен май түйіршіктері агрегатқа бірігеді. Нәтижесінде ауалы түйіршіктің ішкі бетінде флотацияланған май түйіршіктерінен тұратын алғашқы флотациялы майлы қабат пайда болады. Екінші кезең ауалы түйіршікті қоршаған және оның беттік жағына «жабысып» жиналған май түйішіктерден агрегаттың түзілуімен сипатталады. Май түйіршіктері ауалы қабатта ғана флотацияланып және агрегацияланбайды, сонымен қоса шайқау кезінде көбейген кілегейдің бос бетінде де жүреді. Ауалы түйіршіктер бұзылған кезде кілегейдің бос беті азаяды, май түйіршіктерінің жақындауы мен бір-біріне престелуі жүреді, осының салдарынан агрегаттар пайда болады. Бұдан басқа кілегей плазмасындағы сұйық майдың көмегімен май түйіршіктерінің агрегациясы жүруі мүмкін. Осы кезде жиналған сұйық майдың жиналуы жүреді. Периодты және үздіксіз жұмыс істейтін май дайындағышта кілегейді шайқау кезінде май дәнінің пайда болуы мен май түйіршіктерінің агрегациясы процесінің бір-бірінен ешқандай айырмашылықтары жоқ. Бірақ үздіксіз жқмыс істейтін май дайындағышта май дәні түзілуінің айырмашылықтары блады. Периодты жұмыс істейтін май дайындағышта кілегейді шайқауға қарағанда,үздіксіз жұмыс істейтін май дайындағыштарда кілегейді шайқау кезінде май түйіршігі агрегациясының жылдамдығы 1000 есе көп болады.
Үздіксіз жұмыс істейтін май дайындағышта кілегейдің бос бетіндегі ауалы түйіршіктер үлкен жылдамдықпен бұзылады. Үздіксіз жұмыс істейтіін май дайындағышта кілегейдің ағысы тұтастай болмайды, үздікті сипатты ағысты блады. Қалақтың айналу бағытының алдында ауалы түйіршіктер мен тамшылардан тұратын сұйықтықты толқын пайда болады. Кілегейдің ағысы қалақшадан өткеннен кейін үлкен жылдамдық пайда болады, тіпті мұндай жылдамдықта кілегей ағысы жеке ағындарға бөлінеді. Қалақты бөліп алу мүмкіндігі бойынша жеке ағындардың ағу жылдамдығы төмендейді және олар жеке ағындарға бірігеді. Үздіксі жұмыс істейтін май дайындағышта кілегей қозғалысының сипаттамасы үлкен көлемде шайқағыштың цилиндрінде кілегей ағысының кавитациялы режимінің бар болуымен түсіндіріледі. Сұйықтықтың ағысының бөлінуі кавитациялық жазықтықтың пайда болуына әкеп соғады. Кавитациялық жазықтықта май түйіршіктерінің агрегациясының екі циклі болады.
Бірінші циклде бөлімнің жаңа беттері пайда болады. Сұйықтықтан бос пайда болған жазықтық сұйықтықтан пайда болған жазықтық сұйықтықтан бөлінген газбен және бумен толтырылады. Бірінші цикл аралығында май түйіршіктері бөлімнің бетіне бөлінеді.
Екінші циклінде жоғарғы қысымды сұйықтықты ағынмен жазықтықты айналдырып қоршап алу жүреді. Осы кезде будың конденсацисы мен газдың еруі жүреді. Екінші цикл кезінде май түйіршіктері қысылып, агрегаттар түзіледі немесе бөлімнің бетіндегі май түйірщіктерінің көлемі мен соққының күшіне байланысты қабықтар түзіледі.
Үздіксіз әсерлі май дайындағышта кілегейді шайқау кезінде қаттты консистенциялы май дәнін алу үшін және пахтаның құрамына аз көлемде майдың кетуін қадағалау үшін шайқау температурасын дұрыс таңдау керек. Бұдан басқа шайқағыш араластырғышының айналу жиілігін дұрыс орнату керек. Кілегейді шайқау температурасына жыл мезгіліне, кілегейдің майлылығына, майдың қату дәрежесіне тәуелді майдың химиялық құрамы бойынша орнатады. Жылдың көктем-жаз мезгілінде сүт майының құрамында қанықпаған май қышқылдарының құрамы жоғары болған кезде кілегейді 8-12 0С температурада шайқайды.жылдың күз-қыс мезгілдерінде сүт майының құрамы, негізінен қанықпаған май қышқылдарынан тұратын жоғары балқитын глицеридтерден құралатын болғандықтан, кілегейді 8-14 0С температурада шайқау керек.
Құрамындағы жоғары майлылықтағы кілегейді температурада шайқайды, май дәндері тез түзілмеуі және пахтада май құрамының көбеймеу үшін қолайлы жағдайда май дәндерін өңдеу кезінде қамтамасыздандырады. Көктем-жаз мезгілдерінде кілегейді шайқау температурасын кілегейдегі майдың массалық үлесін тәуелді жобалау арқылы анықтауға болады.
Күзгі-қысқы мезгілдерде кілегейді шайқау температурасын 1,0-1,5 0С-қа дейін көтереді. Кілегей шайқау температурасы майдың қату деңгейіне қарай жүреді. егер майдың қату деңгейі 30-35% -дан төмен болса, одан жылдамдатылған әдіспен кілегейді шайқау температурасын 1-2 0С-қа дейін төмендетеді. Егер майдың қату деңгейі 35%-дан жоғары болса, онда кілегейді шайқау ұзақтығы жалғасады, май дәндері қатаяды, ылғалдылығы төмендейді. Ондай жағдайларда кілегей шайқау температурасын 1-2 0С-қа дейін көтереді, өйткені майдың қату деңгейінің жарты бөлігін сұйық күйге айналдыру үшін және кілегейді шайқау ұзақтығын және май дәндері қатаймауы үшін температураны жоғарылатады. Кілегейді шайқау кезінде температура жоғарылайды, себебі механикалық энергия жылуға айналады. Кілегей температурасының өзгеруі бөлменің ауасы мен кілегейдің арасында жылу алмастырумен, суық сумен кілегей арасындағы, арластырғыштың жейдесіндегі циркуляцияланатын кілегей арасында негізделген. Кілегей шайқау температурасының дұрыс таңдалғандығын консистенциясы бойынша және май дәндерінің өлшемі бойынша, пахтадағы май үлесінің массасы бойынша және кілегейді шайқау температурасы бойынша анықтауға болады. Температураны дұрыс таңдаған жағдайда май дәнінің консистенциясы нәзік және өлшемі 1-3 мм болады. Пахта май үлесінің массасы және келтірілген нормативі бойынша 0,7% болуы керек. Егер шайқау температурасы дұрыс таңдалса, онда кілегейді шайқау температурасы 2-3 0С-тан жоғары болмауы керек. Шайқау араластырғышының жиілігі жыл мезгіліне байланысты тәжірибе жолымен анықталады. Қысқы мезгілде сүт майының құрамында еріткіштігі жоғары глицеридтер көбейеді, шайқау араластырғышының айналым ұзақтығын көтереді, май түйіршігінің агрегациясын көтереді.Әрбір май дайындағыштың типтерін шайқау араластырғышының айналу ұзақтығына және өсімділігіне сәйкес анықтайды. Шайқау араластырғышының жиілігінің ұзақтығы жоғарылаған кезде кілегейді шайқау ұзақтығы қысқарады, ал май дайындағыштың қнімділігі жоғарылайды. Кілегейді шайқау алдында салқындатады немесе шайқау температурасына дейін резервуарда қыдырады және осы температурада 30-40 минут ұстайды. Ұстау кезінде қатты және сұйық майдың арасында тепе-теңдік болады. Линия жұмысқа қосар алдында температураны реттеу үшін шайқау жейдесіне суық су беріледі (2-4 0С). Шайқау жейдесіне берілетін судың температурасы мен қысымы қалыпты болу үшін міндетті түрде қарап отыру керек. Қолайсыз жағдайда майдың ылғалдылық құрамының тұрақтылығын ауыр қамтамасыздандырады. Қысқы мезгілде салқындату қажет емес. Кілегейде көпіршік пайда болмас үшін кілегейді резервуардан май дайындағышқа жіберу үшін сораптың кқмегімен құяды. Өндірісте кілегейді шайқау үшін периодты май дайындағыштар қолданылады. Олардың май сыйымдылығы әр түрлі формада: цилиндрлі, куб тәрізді, конус тәрізді, алмас тәрізді. Периодты май дайындағышта кілегейді шайқау кезінде қажетті факторлер – кәлегейді шайқау температурасы, май дайындағышқа толтыру нәтижесі және май дайындағыштың жиілік ұзақтығы. Кілегейді шайқау температурасын есеппен таңдайды, май дайындағыштың сыйымдылық формасынан қатысуынсыз шайқау ұзақтығы 50-60мин. құрайды. Периодты май дайындағышта кілегейді шайқау керек, ал көктемгі-жазғы мезгілде 7-12 0С-та шайқау керек, ал күзгі-қысқы мезгілде 8-14 0С та шайқау керек. Шайқау температурасын үздіксіз май дайындағышқа таңдағандай, сонымен қоса кілегей майлылығымен байланыстылығын және сүттің майлылық деңгейінің нәтижесін ескере отырып таңдайды. Кілегей майының массалық үлесі жоғарылаған кезде және май деңгейінің нәтижесі жетіспеген жағдайда кілегейді шайқау температурасы 1-2 0С-қа дейін төмендейді. Шайқау процесі ауа кілегейдің үстіңгі шекарасынан азболғаннан соң тоқтай береді. Май дайындағышқа толтырудың ең аз нәтижесі (25% құрайды) барлық көлемі бойынша 25% құрайды. Май дайындағышты 25% көлемінде толтырар кезінде ортадан тепкіш күш кілегейді май дайындағыштың қабырғасына жұқа қабатпен қысады. Кілегей шайқауы тоқтатылады,нәтижесінде кілегей шайқау орындалмайды. Май дайындағыштың айналу жиілігін есеп бойынша таңдайды, өйткені ортадан тепкіш жылдамдық бос түсуінің жылдамдығына аз болады.осы жағдайда кілегейдің түсуі және май дәндері пайда болады, кілегей ағынының жылдамдығы төмендейді және ауа дисперсиленуі жүреді. Май дайындағышта айналу жиілігінің маңызын көрсеткіштер бойынша есептеуге болады:
n = 0,5/ R
R– май дайындағыштың радиусы.
Кілегей шайқау шартының дұрыс таңдалғандығын үздіксіз май дайындағыштың көрсеткішіндей таңдауға болады. Май дайындағышқа кілегейді толтыру үшін жоғарыда көрсетілген сораптар қолданылады. Кілегейді ағынды жолмен толтыруға жібереді. Алғашқы 3-5 мин. сайын шайқау кезінде ауаны шығару үшін май дайындағышты 1-2 рет тоқтатады. Май дәнінің өлшемі 3-5 мм болған кезде шайқауды тоқтатады.
Достарыңызбен бөлісу: |