Саурыкова жулдыз мейрхановна


Қорғауға ұсынылған қағидалар



Pdf көрінісі
бет6/61
Дата23.09.2023
өлшемі3.24 Mb.
#478395
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Саурыкова-Ж.-диссертация

Қорғауға ұсынылған қағидалар: 
– жаңартылған оқу бағдарламасы жүйесі негізінде пәнаралық 
байланыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын 
қалыптастыру әрекеттері мен жеке тұлғалық дамуының ғылыми-теориялық
негіздемесін беру және «Пәнаралық байланыс» ұғымына жеке анықтама беру; 
– оқушылардың жеке тұлғалық болмысының дамуына жаңартылған 
білім мазмұнындағы пәнаралық байланыстың ықпалы, ғылыми дүниетанымын 
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайы, өлшемдері, деңгейлері
көрсеткіштері және мазмұны мен педагогикалық шарттары; 
– педагогикалық үдерісте бастауыш сынып оқушыларының ғылыми 
дүниетанымын қалыптастыруды жетілдіру мақсатында бағдарламада «ортақ 



бөлімдер мен ортақ тақырыптар» деп анықталған жүйелер арқылы тәжірибелік-
эксперимент жұмыстар жүргізіліп, тексеріліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныс 
берілді, зерттеу жұмысының қорытындысы тұжырымдалды. 
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі диссертациялық 
зерттеудің теориялық негізде дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми 
аппаратқа сәйкестілігімен, қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес қажетті әдіс-
тәсілдерді кешенді пайдаланумен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының 
жоспары жүйелілігімен, алынған зерттеу нәтижесінің нақтылығымен
дәйектілігімен, сенімділігімен сипатталады. 
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен енгізу: Зерттеу нәтижелерін
сынақтан өткізу педагогикалық эксперимент жұмысын жүргізу барысында 
жүзеге асырылды. Зерттеудің негізгі бағыттары мен нәтижелері Республикалық 
халықаралық конференцияларда – екі (2), ал, шетелдік халықаралық 
конференцияларда – екі (2), 4 (төрт) мақала – Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы Ереженің 16 – 
тармағының 121 тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін ғылыми 
қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми 
басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарық көрсе, екі (2) 
мақала – халықаралық ақпараттық компаниясының деректер базасында 
индекстелетін Scopus (Скопус) журналында жарық көрді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет