Сборник материалов международной научно-практической конференции



бет26/27
Дата09.07.2016
өлшемі2.66 Mb.
#187801
түріСборник
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Искакова М.С.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті


ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ӨНДІРІСІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Қазіргі заманда стратегиялық ресурс ретінде қарастырылған табиғи ресурстардың рөлі біртіндеп ғылыми – техникалық прогреске ауысуда. Кез келген ел өзінің бәсекелестік қабілеттілігін қалыптастыру жолында ғылымның ашқан жаңалықтары мен жаңа технологияларды экономикалық дамудың мүдделеріне барынша кеңінен пайдалануға көңіл аударуда. Ғылымның жетістіктерін пайдаланбай, технологиялық жағынан артта қалушылықты жою мүмкін емес.

Осы заманғы қоғамның барлық сфераларын модернизацияландыру дамудың басым бағыттарының бірі. Экономиканың салалары алдыңғы қатарлы технологиялардың көмегімен өнім шығарса, еліміздің бәсекеқабілеттілігі де арта түседі. Дамыған елдерде ақпараттық жүйелер өндірістік үдерістердің жетекші күші болып отыр. Ақпараттық жүйелер мен технологиялық дамудың бесінші сатысынан өтіп, интенсивті түрде алтыншы сатыға аяқ басуда. Қазақстанда салалардың даму негіздері технологиялық сатының үшінші және төртінші деңгейлерін ғана қамтиды. Бұл еліміздің қоғам дамуының ғылыми – техникалық үдерісіне ену мүмкіндігіне кедергі туғызады. Елде қалыптасқан өндірістік – шаруашылық құрылым жедел даму мақсаттарын орындаудың тежегіші болып табылады. Өндірісте пайдаланылып отырған технология, әлемдік шамаларға қарағанда, алдыңғы емес, бірақ дамыған деуге тұрады және ол жиі жетілдіруді талап етеді.

Модернизация (француз тілінде – осы заманғы, заманауи) әртүрлі жетілдірулер енгізіп, осы заманғы талаптарға сәйкес болу. Экономиканы модернизациялау тиімділігінің критериі әлеуметтік – экономикалық даму темптері болып табылады. Экономикалық дамудың жоғарғы темптері жаңа экономиканы қалыптастырады. Жаңа экономика – электрондық бизнес, озық технология, сандық, ақпарттық жүйе және Интернет экономикасы, яғни өнімдер және басқа да игіліктер жасаудың қоғамдағы жаңа технологиясы. Бұл жерде жаңа технологиялар жасалып шығатын экономиканың жаңа саласы – ақпараттық – коммуникациялық сектор пайда болады. Осыдан, «модернизация - өндірістерді техногендік жетілдіру және экономиканың барлық салаларының техникалық жарақтануын жаңарту» деген анықтама беруге болады.

Қазақстандағы экономиканы модернизациялау өндіріске инновацияларды енгізуден басталады. Экономикалық саясат шығындарды төмендетуді көздейтін жаңа технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпкерлікті қолдауға бағытталуы керек.

Экономикалық жүйедегі, әлеуметтік – саяси құрылымдағы сапалық өзгерістер, инфрақұрылымды қалыптастыру, ішкі инвестициялық резервтерді қолдана отырып білім мен ақпараттың индустриясын дамыту, жеке бизнесті тиімді ұйымдастыру, өндірістік өнеркәсіпті және жоғары технологияларды дамыту экономиканы модернизациялаудың басымдықтары болып саналады. Жоғары технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу экономика салаларының тек шикізаттық тұрғыда ғана емес, техникалық дамуына тікелей әсер етеді. Жоғары технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыру арқылы инновациялық белсенділікті көтермелейді.

Қазақстан дамуындағы индустриалдық – инновациялық белес экономиканы модернизациялаудың басты шарты болып табылады. Бәсекеқабілетті өндірісті қамтамасыз етуде ғылыми негізделген ақпарттық технологияларды дамыту елдің сапалық дамуын қамтамасыз етеді. Еліміздегі экономиканы модернизациялаудың мақсаты - отандық өндірістің жоғары бәсекеқабілеттілігін қалыптастырып, әлемдік нарыққа шығу. Бұл стратегиялық сипаттағы, ұлттық көлемдегі еліміздің, жеке алғанда тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталған міндет.

Модернизация - халық шаруашылығының негізі салаларын қамтитын құрылымдық өзгерістер.

Экономиканы модернизациялау ірі капитал салу көмегімен іске асады. Оны сыртқы несие алу есебінен іске асыру сыртқы қарыздарды қалыптастырады. Модернизацияны ішкі және сыртқы қайнар көздерді тең тұрғыда жұмылдырып, орындау қажет. Бұл жерде екі тапшылық моделі қолданылады (two gaps model). Модернизацияны іске асырғанда қаржыландырудың сыртқы қайнар көздерін ішкі қаржыландыру көздері алмастырады, яғни сыртқы қаржылық тәуелділік жойылады. Модернизациялауға инвестициялар тарту қазіргі уақытта оны іске асырудың басты қайнар көзі болып отыр. Еліміздегі инвестициялық ахуал өндіріс пен ақпараттық технологияларға қаржы тартуға жағымды болып отыр. Ғылыми – техникалық инфрақұрылым және нарықтық қағидаттарға сай қызмет ететін инновация жүйесін қалыптастыру, халықаралық ғылыми – технологиялық ынтымақтастыққа ену өндірістің бәсеке қабілеттілігін арттырудың ресурсы ретінде қарастырылады.

Әлеуметтік – экономикалық модернизация мемлекеттік реттеудің ролін күшейтуді талап етеді. Экономикадағы жүйелік қайта құрулар әрбір салада да сәйкес өзгерістердің болуын қажет санайды. Осы заманғы ғылыми – техникалық базаға негізделген өндірістерді қалыптастыру саланың алдыңғы қатарға шығуына мүмкіндік береді.

Экономиканы ұйымдастыруда шаруашылықты орталықтандырудың өндірістік кешендерді тікелей салааралық шоғырландыруына негізделген жаңа тұрпатын құру маңызды болып табылады.

Осылайша, модернизацияны іске асырудың негізгі шарттары мыналар болып табылады:


  • бәсекелестік қатынастардың даму тізбегінде эволюциялық элементтің болуы;

  • кеш индустриалдық дамудың салдарынан жоғалтулардың болуы;

  • инновациялық – индустриалдық даму стратегияларының орындалуы;

  • экономиканың оңтайлы құрылымын құру;

  • білім, ақпарат, инновация нарықтарын қалыптастыру.

Инновациялық және құрылымдық саясат елімізде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Бірақ, саяси – құқықтық қайта құрулардың баяу жүруі жедел модернизацияны іске асыруда мемлекеттің араласу деңгейін күшейтуді талап етеді.

Экономиканың басым салаларын модернизациялау ақпараттық және өндірістік дамудың жаңа сатысына көтерілуіне мүмкіндік береді.

Экономиканы модернизациялау мемлекеттік инвестициялық және әлеуметтік саясатты, экономиканың құрылымын мемлекеттік басқаруды жүйелік жетілдіруге негізделген.

Инновациялық экономиканы құру және елдің технологиялық «секірісінің» басты шарты адам дамуы болып табылады. Халықты тұрғын үйлермен, әлеуметтік – тұрмыстық бағыттағы нысандармен қамтамасыз етуде құрылыс материалдары өндірісін ақпараттық жүйелер мен технологиялар арқылы дамыту қажеттілігі туады.

Құрылыс материалдары өндірісі – экономикадағы еңбек сыйымдылығы жоғары, құрылымдық өзгерістердің болуын талап ететін салалардың бірі. Құрылыс материалдары өндірісіне жаңа технологиялар мен ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы өндірісті ұйымдастырудың ұтымды жолдарын тауып, сапалы өнім алуға мүмкіндіктер туады. Осы салада жасалатын модернизация өндірісті жүйелік басқаруды ғана емес, бәсекеқабілетті өнімдер шығаруды да қамтамасыз етеді.

Экономика – математикалық әдістерді қолдану арқылы құрылыс материалдары өндірісін модернизациялау үшін мына кезеңдерді іске асыру қажет:

- басқарудың экономика – ұйымдастырушылық мәнін анықтап, мазмұнын ашу;

- қойылған мақсаттарға қажетті ақпаратты жинау және талдау;

- басқарудың экономика – математикалық модельдерінің жүйесін құру;

- алгоритмдерді жасау және есеп әдістемелерін таңдау;

- құрастырылған модельдер жүйесінің көмегімен альтернативті варианттарды талдау және оңтайлы шешімдерді қабылдау.

Құрылыс материалдары өндірісін модернизациялауда мына негізгі қағидаларды есепке алған дұрыс:

- экономика – математикалық модельдер кешенін құрастыруда иерархиялық бағытты ұстану;

- жоспарлаудың мүмкіндігі, яғни есептердің уақыт ағымында бірнеше рет есептелу мүмкіндігі;

- зерттелетін үдерістер мен жүйелердің динамикасының және ресурстарға жасалатын шектеулердің есебі.

Қазіргі уақытта құрылыс материалдары өндірісін дамыту бойынша оңтайлы шешімдер қабылдау үшін экономикалық – математикалық әдістерді қолдану қажеттілігі туады. Бұл барлық жұмысты техникалық жағынан ғана жеңілдетіп қоймай, оның сапасын да көтеруге әсерін тигізеді. Экономикалық – математикалық модельдер құрылыс материалдары өндірісінің құрылымын және техникалық қайта жарақтануға, реконструкциялауға салынған күрделі қаржылардың көлемін анықтаудың, сонымен қатар жаңа құрылыстарды тұрғызудың есептемелерін кешенді түрде қарастырады.

Құрылыс материалдары өндірісін жоспарлағанда белгілі бір кезеңде шығарылатын өнімнің оңтайлы деңгейін анықтап алған дұрыс. Оңтайлы деңгейді анықтауда осы күнге дейін екі амал қолданылып келді: нормативтік және статистика – экстраполяциондық. Біріншісінің мәні мынада: уақыттың белгілі бір бөлігінде бекітілген көрсеткіш қалыптасады да, ол соңғы есепте саланың даму көлемін анықтайды. Құрылыс – монтаж жұмыстарының 1 млн. теңгесіне кететін құрылыс материалдарының әрбір түрінің тұтыну динамикасын талдау негізінде болашақтағы белгіленген уақыт кесіндісіне осы көлемде жұмсалатын құрылыс материалдары өндірісінің көлеміне бірнеші жылдарға болжамдық бағалау жасалады. Осы норматив пен құрылыс – монтаждау жұмыстарының стратегиялық жоспары негізінде бір жылға құрылыс материалдары өндірісін дамытудың деңгейі есептеледі. Бұл әдіс есептемелердің қарапайымдылығымен ерекшеленгенімен, өзіндік кемшіліктерді де қамтиды. Біріншіден, мұнда саланың өндірістік қуаттылығы және дамуына қажетті ресурстары есептелмегендіктен, құрылыс материалдары өндірісін кеңейтуді шектейтін себептер қарастырылмайды. Екіншіден, үлестік нормативтік көрсеткіштің аз мөлшердегі өзгерістері өндіріс деңгейінің үлкен өзгерістеріне әкеп соғатындықтан, алғашқы жоспарды іске асыру мүмкін емес.Үшіншіден, бұл әдіс құрылыс материалдары өндірісінің оңтайлы құрылымын анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл әдіспен есептелген көрсетілген өнімді ең байыпты талдау да өндірістің оңтайлы құрылымының қандай болатындығын көрсете алмайды. Бірақ бұл әдісті қолдану техника – экономикалық зерттеулерде оң нәтиже береді.Өткен кезеңдердегі саланың дамуын талдауда нормативтік әдіс жетістікпен қолданылады, мысалы, соңғы өнімге қажеттілікті есептеуде, жаңа кәсіпорындарды құру мен қалыптастыруға қажетті ресурстар мен үлестік салымдарды анықтауда. Бірақ бұл жоспарлар норма мен нормативтерді қолдана отырып, қарапайым есептемелер жолымен құрастырылу керек дегенді білдірмейді. Ал, прогрессивті нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы оңтайлы жоспарлау әдісінің көмегімен жасалу керек. Сонда ғана, жоғарыда айтылған кемшіліктерді ығыстыруға болады.

Құрылыс материалдары өндірісінің оңтайлы деңгейін анықтауда қолданылатын әдістердің бірі – статистика – экстраполяциондық әдіс. Оның мәні өткен кезеңдердегі өндірістің дамуын талдай отырып, дамудың негізгі тенденцияларын анықтау болып табылады. Осы мақсатта соңғы жылдары көпсатылы корреляция әдісі қолданылып келді. Мұнда салалардың өзара байланысы жүйесінің даму заңдылықтары қарастырылатын. Бұл әдіс құрылыс материалдары өнеркәсібінің өндірістік қуаттылығын толығымен есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз етеді. Құрылыс материалдары өндірісін дамыту жолдарын анықтауда көпсатылы корреляция немесе статистика – экстраполяциондық әдістерді қолдануда бірқатар қиыншылықтар да кездеседі.Олар, біріншіден, жаңа материалдар өндірісін дамыту тенденцияларын анықтаудың қиындығымен және екіншіден, материалдар үнемі өндіріліп, өндіріс құрылымының өзгеруіне әсер ететіндігімен байланысты.

Құрылыс материалдары өндірісін стратегиялық жоспарлауда нормативтік әдісті қолдану саланың алдында тұрған жалпы мақсатты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алынатын көрсеткіштің дәлдік деңгейі өнім өндірісін кеңейтуді тоқтататын шектеулерді есептеу дұрыстығынан тәуелді. Статистика – экстраполяциондық әдісте құрылыс материалдары өндірісінің дамуын тоқтататын шектеулер жүйесін белгілі деңгейге дейін анықтауға болады.

Қарастырылған әдістердің оң және теріс жақтары болғандықтан, құрылыстың материалдық базасын дамытуды жоспарлауда олардың әрқайсысын жеке пайдалану тиімсіз. Сондықтан оңтайлы бағдарламалау қағидаларына негізделген жүйелік есептемелерді қолданған дұрыс болады. Оңтайлы бағдарламалау әдістері өндірістің дамуына әсер ететін факторларды есептеп қана қоймай, қарастырылған кезеңдегі сала алдындағы мақсатты да анықтайды.

Құрылыстағы ресурстардың жиынтығын үнемді пайдалану мен күрделі салымдарды тиімді пайдаланудың маңызды шарты құрылыс материалдары өндірісінде экономика – математикалық модельдерді пайдалану болып табылады.

Өндірістегі құрылғының модернизациясы бірнеше бағыттарда жүргізілуі мүмкін: әрекет етуші құрылғылардың конструкциясын жетілдіру арқылы оның техникалық мүмкіндіктерін арттыру; құрылғының өнімділігін жоғарылату мақсатында механизмдерді автоматтандыру; құрылғыны бағдарламалық басқаруға ауыстыру.

Құрылғыны модернизациялау нәтижесінде экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болады. Ол өндірістің жылдық көлемінің өсуінен, еңбек өнімділігінің артуынан, өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен байқалады.

Пайданың салыстырмалы өсімі модернизацияға кеткен шығындар есебінен болған негізгі қорлар құнының өсімінен жоғары болса, өндіріс рентабельді болады.

Қазақстан Республикасында 2005 – 2014 жылдарға арналған құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытудың қазіргі уақытта іске асып жатқан Бағдарламасы аясында осы салаға озық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы өндіріс тиімділігі мен жоғары сапалы өнімдер алуға мүмкіндік туады.
Әдебиеттер

1. Е.Н.Сидоренко. Предпочтительная модель экономической модернизации в Казахстане: аргументы за и против// Вестник КазНУ Серия экономическая №6(58) 2006 стр.42 - 45


Мухамадиева А.А.

Семипалатинский государственный университет имени Шакарима


РАЗВИТИЕ АУДИТОРСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
В Республике Казахстан аудиторская деятельность появилась с подписания распоряжения Совета Министров Казахской ССР главой правительства Нурсултаном Назарбаевым, о создании, в порядке эксперимента, хозрасчетной ревизионной группы при контрольно-ревизионном управлении Минфина. На нее возлагалось проведение ревизий и проверок «за плату по договорам с предприятиями (объединениями), организациями и кооперативами по их заявкам» 17 марта 1988 года. Группа через некоторое время преобразовалась в аудиторский центр, а в 1992 году — в аудиторскую компанию «Казахстанаудит».

В 1993 году вышел закон «Об аудиторской деятельности», появившийся в Республике Казахстан раньше других стран СНГ, затем была создана Палата аудиторов, которая стала членом ИФАК — Международной федерации бухгалтеров, объединяющей не только бухгалтеров, но и аудиторов, с нею идет интенсивный обмен информацией, которая используется в процессе обучения аудиторов. Палата тесно сотрудничает с Институтом профессиональных бухгалтеров России, многими крупными аудиторскими и бухгалтерскими организациями СНГ, заключила соглашение о стратегическом партнерстве с Шотландским институтом бухгалтеров (аудиторов), самым авторитетным объединением в мире.

Развитие аудита играет большую роль в развитии предпринимательства любого государства. Аудит обеспечивает прозрачность финансовой отчетности. В ходе проверки финансовой отчетности юридических лиц аудитор выражает независимое мнение о достоверности и объективности составления финансовой отчетности. Это повышает устойчивость бизнеса. На сегодняшний день многие фирмы, желающие обзавестись перспективными партнерами, получить кредиты и развиваться, приглашают аудиторов, чтобы те вынесли решения, в какой мере их финансовые отчеты соответствуют истинному положению дел. Заключение аудиторов — это визитная карточка фирмы, свидетельствующая об эффективности производственно-хозяйственной деятельности.

Такие заключения нужны также и самим фирмам для внутреннего пользования, поскольку они нуждаются в предупреждении об имеющих место или намечающихся неблагоприятных тенденциях. В аудиторских услугах все больше нуждается общество в лице состоявшихся или потенциальных акционеров, пенсионные фонды, а также банки, где находятся накопления многих граждан. Для таких публичных организаций законом предусмотрен обязательный аудит. Любой инвестор, прежде чем вложить деньги, должен быть уверен, что они пойдут на заявленные цели, а не на обеспечение плавучести компании. А для того он должен знать, что баланс предприятия соответствует истинному положению дел, и в официальных отчетах нет недостоверной информации.

Качество аудита — это в значительной мере и отражение уровня развития бухгалтерского учета. Крайне важно, что согласно новому закону о бухгалтерском учете в Республике Казахстан внедрены международные стандарты финансовой отчетности. Они создали хорошие условия для согласованных действий развития бухгалтерского учета и аудита в республике, позволяют своевременно реагировать на требования жизни. Качеству аудита будет способствовать и тот факт, что сегодня уже 12 аудиторских компаний страны стали полноценными членами международной аудиторской сети.

Численные параметры Палаты аудиторов — сто аудиторских организаций и четыреста аудиторов. Они обеспечены четко действующей системой отбора и повышения квалификации, контроля качества работы. В сотрудничестве с издательским домом «Премьер» Палата выпускает ежемесячный журнал «Евразийский вестник аудитора».

В Республике Казахстан работают фирмы, которым доверяется аудирование проектов Всемирного банка, не только в Казахстане, но и СНГ. Этому предшествовали серьезное обучение, стажировки специалистов аудиторов-казахстанцев на лондонской, американской, канадской биржах. Аудиторы с международными сертификатами поднимают престиж отечественного бизнеса и всей страны, их заключения авторитетны, они способствуют притоку инвестиций.

Таким образом, можно отметить, что между развитием аудиторской деятельности и становлением экономики республики есть прямая связь, конкурентоспособность страны — это и конкурентоспособность ее аудита.

Список литературы.

1. http://www.assembly.kz «Аудиторы Казахстана» Алексей Петровский

2. Ажибаева З.Н. «Аудит», Алматы, 2007 год
Санбаев Е.М., Карымсакова И.Б.

Семипалатинский государственный университет имени Шакарима


«ТАМОЖЕННЫЙ СОЮЗ КАЗАХСТАН-РОССИЯ. ПРЕСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ И ИНТЕГРАЦИИ НОВЫХ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ»

Информационные технологии прочно вошли во все ниши нашего существования. Особенно ярко это проявилось в тех сферах, где необходимо было выполнение определенных последовательностей или работа с огромными информационными потоками. Надеюсь, нет нужды объяснять все достоинства и недостатки информационных технологий в экономике и бизнесе. Основная идея данного доклада состоит в том, чтобы максимально продуктивно использовать современные информационно-технические средства в сфере предпринимательства в виду расширения реальных границ Казахстана и России.

Одним из ярких представителей информационно-технические средства является – компьютеры и их составляющие аппаратные и программные средства. Компьютеры прочно вошли в нашу жизнь, потому при покупке, дальнейшей эксплуатации и обучения персонала не возникнут трудности. Для этого даже нет необходимости нанимать специального работника и платить ему ежемесячное жалование. По программе правительства РК по борьбе с компьютерной не грамотностью каждый гражданин Казахстана не только успешно освоил все премудрости информационных технологии, но и всегда может сделать это в бесплатных тренинг центрах. Да при возникновении вне штатных ситуации, всегда можно вызвать мастера консультанта, который может восстановить работоспособность компьютера и комплектующих. Покупка хорошого офисного персонального компьютера может варировать от 40000 тенге до 60000. Покупка более мощного компьютера считается нецелесообразным. Подключение к интернету тоже не составит особого труда и знания, и главное денежных затрат. Оплата производится в терминалах также как за обычный телефон.

Использование компьютера на рабочем месте предпринимателя очень выгодно и дает больше преимуществ в конкурентной борьбе. Простые офисные программы как MS Word, MS Excel, MS Access, MS PowerPoint при умелом использовании могут на много облегчить труд предпринимателя для учета и статистики, анализа и аудита собственного дела. Использования ручных сканеров и программных пакетов 1С предприятия облегчить работу учета товара. При большом бизнесе могут также быть использована версия 1С бухгалтерия и так далее. Все эти технологии не новый так что не будем заострять наше внимание на них. В Казахстане предложенные технологии учета и статистики, анализа и аудита в сфере предпринимательства уже успешно применяются, но только на специализированных терминалах выпускаемые определенными фирмами. Плюс от этого подхода состоит в том что узкоспециализированные аппараты точны надежный и легкий в использовании. Минусы этой технологии состоит в том, что для расширения, обновления или адаптации для другого производства требуется покупка новых приборов и аппаратов, при выходе из строя одного компонента – требуется замена всего аппарата и главное использования разных аппаратов в разных сферах применения, что повышает общую стоимость и эксплуатацию аппаратов. Компьютер универсальное решение в сфере предпринимательства может заменить любой аппарат при наличии необходимого программного обеспечения. Не обязательно покупать платное программное обеспечение, в мире существуют и не мало бесплатных аналогов выше перечисленных программ (Linux, пакет Open office и так далее).

Необходимость интеграции России с Казахстаном публично никем не ставится под сомнение. Но многие чиновники и эксперты из обеих стран признают, что эта задача в ближайшей перспективе считается практически невыполнимой. В этом не легком деле нам помогут новые информационные технологии. Открытые границы плюс онлайн доступ через интернет к любому товару или источнику информации дает неограниченные возможности для граждан обеих стран. Геополитическая и геоэкономическая взаимодополняемость, протяженная общая граница, сходство политических систем и культур, использования единых программных и аппаратных средств обработки информации является неоспоримым преимуществом использования интернет технологий. И самое главное, - Россия и Казахстан, вместе взятые, представляют собой экономическое большое пространство - примерно 70% потенциала бывшего СССР. Идея быстрой экономической реинтеграции и новой индустриальной модернизации использования Интернета просто необходимо это решит ряд насущных проблем. Ниже приведем итог не официального отчета многих экспертов по таможенному союзу.

Как показал опыт формирования Евросоюза, межгосударственная интеграция   процесс позитивный и не противоречит политической самостоятельности каждого суверенного государства. Главное, чтобы всеми сторонами одниково четко понималась конечная цель интеграции и основные вехи на этом пути. По мнению экспертов, для полноценной интеграции всем участникам надо последовательно пройти пять этапов. Первый - согласование тарифов и снятие таможенных барьеров. Это уже отработанный сторонами формат Таможенного союза, который будет реализован к 2010 году. Скажем прямо, для России это не самый выгодный этап, поскольку наша страна будет донором интеграционного процесса на первых двух этапах. Для стран СНГ - напротив, Таможенный союз сразу приносит выгоду. Это будет особенно заметно в условиях затяжного кризиса, поскольку снятие запретительных барьеров позволит продвигать другим странам-участницам Союза (Белоруссии и Казахстану) свои более дешевые товары на российский рынок и облегчит реэкспорт.

Второй - самый ключевой этап - взаимные инвестиции. Именно они делают интеграцию необратимой, а заодно гарантируют, что участники процесса не разбегутся по сторонам (как это было с первым изданием Таможенного союза). Данный этап тоже затратный для РФ, но при этом формируется новая эффективная структура взаимозависимой экономики, которая даст заметную прибыль в скором будущем. Вот с этого этапа между нашими странами начинаются определенные трудности. Как известно, казахстанские компании и банки широко реализуют свои проекты на российской территории. Некоторые крупные российские компании тоже получили возможность работать в Казахстане, но по каждому случаю принимается, что называется, "штучное" решение. Попытки поставить процесс взаимных инвестиций на конвейер пока результатов не дали. Так, из пакета документов по формированию Таможенного союза и деятельности ЕврАзЭС, которые были подписаны 12 декабря с.г. на заседании глав правительств Сообщества в Москве, по инциативе РК был снят один важный документ. "Одно соглашение - о поощрении и взаимной защите инвестиций в государствах - членах Сообщества - снимается, поскольку у Казахстана есть по нему принципиальная позиция", - пояснил руководитель канцелярии премьер-министра РК Габидолла Абдрахимов.

 Третий этап - введение общей валюты. Мировой финансовый кризис подтвердил известную истину, что выживают только крупные геоэкономические блоки со своими региональными валютами. Сегодня, в странах СНГ, в основном расчеты производятся в долларах США и в евро, тогда как на российские рубли приходится всего 10-15%. Переход на расчеты в рублях помог бы странам СНГ уйти от негативного воздействия подобных кризисов. Премьер-министр Белоруссии Сергей Сидорский заявил, что "российский рубль - наиболее предпочтительная региональная валюта, которая будет иметь устойчивый спрос на рынке СНГ". Однако это предложение пока не встретило поддержку Астаны. Как заметил в интервью на "Эхе Москвы" премьер-министр РК Карим Масимов, "для того чтобы российский рубль реально состоялся как резервная валюта, должна пройти большой путь". Для России этот вопрос имеет принципиальное значение, поскольку использование рубля гарантирует серьзность намерений участников Сообществ к полноценной интеграции и обеспечивает исполнение первых двух этапов. Эксперты считают, что вопрос о введении на территории стран ЕврАзЭС региональной резервной валюты станет основным во время переговоров в Боровом.

Четвертый этап интеграции - формирование единого экономического пространства (формально, это и есть ЕврАзЭС). И , наконец, пятый - финальный этап - политический союз. По моему глубокому убеждению, одной лишь экономической солидарности нашим странам не достаточно, нужен политический союз. Проще говоря, интеграция между Россией и Казахстаном должна получить политическую составляющую, одинаково понимаемую высшим руководством обеих стран. В противном случае, можно говорить лишь о неких стремлениях к объединению, об отдельных проектах или даже об сугубо прагматических инструментах, призванных решать ограниченные политические задачи для своих национальных систем. Полагаю, что такой стратегический подход не должен вызвать возражений со стороны руководства обеих стран, и особенно Казахстана.

По первому этапу, согласование тарифов и снятие таможенных барьеров, информационные технологии помогут для проведения непрерывной и онлайн видео-конференции, передачи определенных файлов и отчетов при согласование определенной информации.

По второму этапу, взаимные инвестиции, интернет поможет ознакомиться и также показать какие фирмы, организации, товары или услуги есть у соседних государств. Создание интернет сайтов для рекламы своего производства – мировой стандарт, который применяется уже много лет. В Казахстане есть не только много специализированных фирм для реализации этих проектов, но это может сделать даже продвинутый школьник. Так как существует много универсальных и не требующих специализированных знаний решений в этой области.  

По третьему этапу, введение общей валюты, можно ограничиться существующими электронными валютами или созданием новой электронной валюты для Казахстана и России. Это не даст загубить национальную валюту Республики Казахстан и даст выход на интернет рынки с общей валютой двух стран. А развития и распределение на большую аудиторию интернет пользователей рунет позволить этой валюте хорошо закрепить себя на рынке электронных валют.

По четвертому этапу, формирование единого экономического пространства, все ясно - это интернет. Возможно организации специализированного интернет-соединения и дальнейшее развития казнета в интгрированной среде рунета.

В заключение хочется сказать таможtнный союз Казахстан-Россия открывает новые горизонты для развития предпринимательства и большую роль в этом могут сыграть новые инновационные технологии.

Список литературы.

1.www.yandex.ru

2.www.gooogle.kz

3.Максимова О. В., Невзорова В. И. Информационные технологии для экономистов: - Ростов – на –Дону, Феникс, 2004.

4.Карминский А. М., Нестеров П. В. Информатизация бизнеса: - М.: Финансы и статистика, 1997.

5.Овчаренко Е. К., Ильина О. П., Балыбердин Е. В. Финансово-экономические расчеты в Excel. Издание 2-е, дополненное: - М.: Издательство «Филинъ», 1998.

6.Компьютерные технологии обработки информации./ Под ред. Назарова С. В. – М.: Финансы и статистика, 1993



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет