55
54
ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
ПСИХОТЕРАПИЯ
Сөйлеуі кешеуілдеген бала психотерапиялық көмекке зәру келеді.
Оны ол- жиі жылаумен, ашуланғыштығымен, агрессия танытуымен
немесе қырсықтығымен білдіреді. Ата-аналар
қанша оның ырқына
көнгенімен, бала күйзелістен өз күшімен шыға алмайды. Мұндай
қалып ересектерде де болады. Бұл адам психикасына тән, ағзада
негативті эмоциялардың пайда болуы, қорғаныш реакциясы –
яғни күйзелісті тудырады.
Өршіп кетпеуіне жол бермей, одан
уақытылы құтылу керек. Балада мұндай қорғаныш реакциясы
шаршағанда, бір іс қолынан келмегенде, біреу ренжіткенде туады.
Ал, оны бала агрессиялық мінез-құлық (айқайлау, тістеу, ұрып
жіберу, жылай беру) арқылы көрсетеді. Егер мұндай реакция
бала әдетіне енсе, әлеуметтік ортаға бейімделуі қиынға соғады.
Балаға қалай көмектесе аламыз? Ішкі күйзелісті
сейілту
үшін, мынадай іс-шараларды ұйымдастыра аламыз:
-
Бассейнге жиі апару,
-
Батутқа секіру, балалар аттракционына бару,
-
Билеу, жаттығулар жасау,
-
Орманға, тауға шығу,
-
Коньки, сырғанақ тебу (ата-анамен бірге) т.б.
Сонымен қатар үй жағдайында да
релаксацияға бағытталған
ойындарды ойната аламыз:
-
Сумен ойнау немесе шомылғанда ойншықтармен ойнау,
-
Жаңбырдан кейін шалшықты басу (резеңке етікпен),
-
Грушаны суға толтырып фонтан жасау,
-
Құммен ойнау (түрлі формалар жасап),
-
Қолды, аяқты құмға көміп ойнау,
-
Қар атысып ойнау,
-
Таза қар болса үстінде аунау,
-
Әртүрлі дәнді-дақылдарды (крупа) ыдысқа құйып қолды
салып , қандай дақылды
ұстағанын жасырып ойнау,
-
Даладан, өзен жағасынан әдемі тастарды теру,
-
Жиналған тастарды түрлі түске бояу,
-
Арқан тартысып ойнау,
-
Бос коробка, пластмас бутылкалармен футбол ойнау,
-
Диваннан тізіліп тұрған жастықтарға секіру,
-
Қағаздарды умаждап «снаряд» жасап, атысып ойнау т.б.
Достарыңызбен бөлісу: