Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат



бет6/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.07 Mb.
#6432
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Дәріс №5


Тақырыптың атауы: Жаңа тас ғасырындағы Қазақстан.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге “Неолиттік төңкеріс” ұғымының мәнін аша отырып, жаңа тас дәуіріндегі мәдениеттер жөнінде мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Неолит дәуіріне жалпы сипаттама. 2. “Неолит төңкерісі”, өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы. 3. Неолиттік ескерткіштер, Атбасар және Маханжар мәдениеті.

Дәріс мазмұнын көрсететін сызбалар:

Дәуір

Тарихи шеңбері

Ауа-райы

Еңбек құралдары

Тасты өңдеу техникасы

Шаруашылығы

Қоғамдық құрылысы

Қоныстан

ған жері

Археологиялық ескерткіштері

Қосымшалар

Неолит

Б.з.б. 5-3 мың жылдар бұрын

Табиғи орта осы заманғы бейнеде болды

Керамика, тас қалақтардан сына жасау, дән үккіштер

Кесу, жону, жылтырата тегістеу, сүйек өңдеу

Кен кәсібі, мал шаруашылығы, егіншілік (өндіруші шаруашылық)

Аналық рулық қауым-матриархат

Америкаға қоныс аударған

Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағы, Солтүстік Қазақстандағы Железинка

Керамика жасау, тоқымашылық

Біздің заманымыздан бұрынғы 5 –3 мың жылдықтар арасын қамтыған неолит-тас құралдарын пайдаланған дәуір. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит кезеңі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал жабдықтарына ортақ меншік үстемдік етті. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағынан және шаруашылықтың түріне қарай негізделді. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен, егіншілікпен және кен өнеркәсібімен айналыса бастады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Неолит дәуірі қандай жыл аралықтарын қамтиды?

2. Неолит дәуірінде тас өңдеудің қандай әдістері қалыптасты?

3. Неолит дәуіріндегі керамика бұйымдарына қандай өрнектер тән болды?

4. “Неолит төңкерісі” дегеніміз не?


  1. Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері?


Дәріс №6

Тақырыптың атауы: Қазақстан мыс дәуірінде.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге мыс дәуірінің алғашқы еңбек бөлінісі, аталық рулық қауым қалыптасқан кез ретінде сипаттай отырып, Ботай мәдениетінің даму ерекшелігіне тоқталу.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Энеолит дәуіріне жалпы сипаттама. 2. Энеолиттік Ботай мәдениеті.

Б.з.б. ІҮ және ІІІ мыңжылдықтар аралығында тас дәуірінің адамдары құрал-сайман жасағанда металл пайдалануды үйренеді. Олардың алғашқы пайдаланған металы мыс болатын. Энеолит деген сөздің қазақша мағынасы мысты-тас дегенді білдіреді.

Мыс құралдарының пайда болуы адамдар қоғамына үлкен екі өзгерісті ала келді. Оның біріншісі-еңбек бөлінісінің пайда болуы. Енді негізінен тек егіншілікпен және бірыңғай мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар пайда болды. Екіншісі-мұннан былай адамдар қоғамында аталық рулық (патриархат) үстемдік ете бастады.

Қазақстан жеріндегі бұл дәуір ескерткіштерінің көрнекілерінің бірі-Ботай мәдениеті. Ол бұрынғы Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Бұл мәдениет Солтүстік Қазақстанның Жайық, Ертіс өзені аралығындағы кең алқаптың мыс ғасырындағы өзіне тән ерекшеліктерін сипаттайды. Мерзімі б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтар, шамамен бір мың жылдай болған. Қазба жұмыстарының нәтижесінде бұл мәдениеттің 15 гектардай жерді алып жатқаны анықталды, 158 тұрғын үйдің жұрты табылды.

Бұл ескерткіш 1981 жылдан бері қазыла бастады. Қазу кезінде табылған тас құралдар:найзалар, қанжарлар, пышақтар, балталар, қысқыштар, сүйектен жасалған инелер, түйреуіштер, қыш ыдыстың сынақтары т.б.

Кейінгі кезде мыстытас ғасырының ескерткіштері Маңғыстаудан да табылды. Мұндағы адамдар мекендеген ең елеулі тұрақ Бозашы түбегіндегі көшпелі құм өңіріндегі Шебір елді мекені маңынан кезікті. Мәдени қабатты аршу кезінде 105 ұсақ сынықтар мен қалашықтар толтырылған табынушылық мәні бар шұңқырлар кездесті. Олардың арасында тері өңдеу үшін жасалған қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, бұғылар бар. Бұл құралдарды дайындау үшін жергілікті кеніштердің шақпақ тастары шикізат ретінде пайдаланылған.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Мыс дәуірі қай жылдықтар аралықтарын қамтиды?

2. Ботай мәдениеті кезеңі?

3. Ботай мәдениеті қалыптасқан аймақ?

4. Ботай мәдениетінің ескерткіштері?
Дәріс №7

Тақырыптың атауы: Қола дәуіріндегі Қазақстан.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге қола дәуірінің басты үш ерекшелігі, даму кезеңдері, Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің даму барысы, ескерткіштері туралы мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Қола дәуірінің ерекшеліктері мен даму кезеңдері. 2. Қола дәуірі мәдениеттері:Андронов мәдениеті.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті.



Дәріс мазмұнын көрсететін сызбалар:

Дәуір

Тарихи шеңбері

Ауа-райы

Еңбек құралдары

Шаруашылығы

Қоғамдық құрылысы

Мәдени ошақтары

Археологиялық ескерткіштері

Қола дәуірі

Б.з.б. ІІ-І мың жылдықтар

Б.з.б. І мың жылдықтың басында Қазақстан жері шөлейтті аймаққа айнала бастады

Тесе (басына тас немесе мүйіз орнатылған, жер өңдейтін құрал)

Ежелгі қола металлургиясы, бақташылық мал шаруашылығы, теселі егіншілік

Аталық отбасылық рулық қатынас

Андронов мәдениеті-Оңтүстік Сібірдегі Андронов қонысының атына байланысты

Беғазы-Дәндібай-Қарағанды маңындағы Дәндібай ауылы және Балқаш (б.з.б. 11-8ғғ.)



Батыс Қазақстандағы Алексеевка, Ұралысай, Тастыбұтақ, Қостанай мен Челябинск түйіскен жеріндегі Арқайым қалашығы, Сырдарияның төменгі ағысындағы Түгіскен кесенесі, Бұғылы, Мыңшұңқыр, Алакөл

Б.з.б. екінші мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасының қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылады. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында –1 мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі-көшпелі мал шаруашылығына ауысады.

Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшеюіне әкелді. Сөйтіп патриархат пайда болды.

Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекен етті. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде “Андронов мәдениеті” деп аталды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. және орта кезеңін б.з.б. ХҮ-Хғғ. түгелдей қамтиды. Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде б.з.б. Х-ҮІІІғғ. Дәндібай-Беғазы мәдениеті болған. Бұл мәдениет Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Қола дәуірінің қай жылдықтар аралықтарын қамтиды?

2. Аналық рулық қатынас аталық отбасылық рулық қатынасқа қашан орын берді?

3. Қола дәуірінің ерте кезеңі?

4. Қола дәуірінің орта кезеңі?

5. Қола дәуірінің кейінгі кезеңі?

6. Қола дәуірінің мәдениетін атаңыз?

7. Қола дәуірі кезінде Қазақстанның шаруашылығында қандай өзгерістер болды?

8. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші қашан қай жерден табылды?

9. Киіз үйдің прототипі болып не саналады?

10. Ең алғашқы еңбек бөлінісі болып не есептеледі?
Дәріс №8

Тақырыптың атауы: Қола дәуірі.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік, Жетісу аймақтарындағы қола дәуірінің ерекшеліктері, археологилық ескерткіштері туралы мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Солтүстік Қазақстан қола дәуірінде. 2. Шығыс Қазақстан қола дәуірінде. 3. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу аймағы қола дәуірінде.

Солтүстік Қазақстан қола дәуірінде. Бұл өңірден 80-нен аса қоныс, 90-ға тарта қорым ашылған. Петропавл қаласы маңындағы Вишневка қонысында қазба жұмыстары жүргізілді. Жердің үстіне салынған ауданы 126 шаршы метр тұрғын үй табылды. Оның ағаш шатырына ағаш бағаналардан тіреу қойылған. Осы қоныспен тұстас салынған бірқатар қоныстарды ежелгі қалалардың алғашқы белгілері деуге болады. Солардың бірі-Қостанай мен Чельябі облыстарымен шекарадағы Арқайым қонысы.

Шығыс Қазақстан қола дәуірінде. Ертіс пен Бұқтырманың, Күршімнің көгарай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандарынан, Тарбағатайдың далаларынан қола дәуірінің ондаған қоныстары табылды.

Мало-Красноярка селосы жанындағы қоныс кейінгі қола дәуірінде салыныпты. Бұл жерден қора-қопсысы бар, жапсарлас салынған екі тұрғын үй ашылды. Үйдің аумағы 160 шаршы метр. Бұрыштары иіліп келген тікбұрыш, жартылай жертөле үлгісімен салынған Ортадағы екі қатар тіреулер үйдің шатырын тіреп тұр. Үйдің ортасынан екі ошақ қазылған, түрі сопақша. Оның қасынан граниттен жабылған келі шықты. Үйдің солтүстік-шығыс жақтағы қабырғасына дәліз сияқты екі құрылыс жалғасқан. Олар да жерден қазылып тереңдетілген. Бұлар жабық аула сияқты. Екі құрылыс та күрке тәрізді жабылған.

Тұрғын жайлар мен қор-қопсылардан қоладан жасалған шоттар, пышақтар, орақтар, біздер, инелер, тоғалар қазалып алынды.

Саз балшықтан жасалған ыдыстар, қоладан соғылған еңбек құралдары көптеп табылды.



Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу тайпаларының мәдени ескерткіштері. Қазақстанның басқа аудандарымен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қола дәуірінің ескерткіштері аз зерттелген. Әр жерден табылған бірнеше қорым мен кездейсоқ табылған заттардың қола дәуіріне жататыны мәлім болып отыр. Бұлар-Алакөл ойпатындағы Қарақұдық қорымы, бірен-саран бейіттер мен қоныс жұрттары.

Осы екі аймақтағы қола дәуірі ескерткіштерінің ерекшелігі-салынған құрылыстардың қарапайымдылығы және шағындығы. Мұнда Орталық Қазақстан сияқты жүздеген қоршаулары мен обалары бар бейіттер жоқ. Қорымдарында көп дегенде 10-нан 20-ға дейін қабір бар. Жерлеу мүліктері де жұпыны. Мәселен, қоладан жасалған бұйымдар өте аз. Қыш ыдыстарға ешқандай өрнек салынбаған.

80-жылдары Жетісу өлкесінде археологиялық зерттеуге баса көңіл бөлінді. Соның нәтижесінде Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарынан қола дәуіріне жататын бірқатар қоныстар мен қабірлер табылды.

Оңтүстік Қазақстандағы Таутары ескерткіші Қаратаудың солтүстік баурайында жатыр. Мұндағы қабір үстіндегі ескерткіштер-жерге қырынан қазылып қойылған тақта тастармен, немесе қазылмай жай қойылған тастармен белгіленген. Қоршаулар тікбұрышты, шаршы, сопақша болып келеді. Тіпті шеңбер тәрізділері де кездеседі.

Мәйіттер жерден қазылған, тақта тастармен жабылған шұңқырларға жерленген. Өлікті өртеу ғұрпы басым болған. Өртелген сүйектердің қалдықтары шұңқырдың батыс жағына үйілген, немесе сол батыс жаққа шашылып тасталған. Қабірдің батыс жағына бірден беске дейін тағам салатын қыш ыдыстар қойылған. Ыдыстардың түбі жайпақ, бітімдері екі түрлі:көзелер және бүйірлері ойықталып жасалған құмыралар. Қола мен алтыннан жасалған әшекей бұйымдар да табылды.

Сырдария өзенінің төменгі жағынан, Арал теңізі алқабынан қола дәуірінің бірегей ескерткіші Түгіскен кесенесі ашылды (Қызылорда қаласының оңтүсік-шығысына таман). Тік-бұрышты шикі кесектен салынған құрылыстың ерекшелігі-мұнда сәулет өнерінің озық үлгілері пайдалынған, жерлеу мүліктері де бай. Кесенінің орталығына орналасқан бөлмелер мен дәліздерге қыш ыдыстар қойылған. Қабірден мұнымен қоса қоладан жасалған қару-жарақтар, алтын әшекейлер табылды.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ескерткіштерін атаңыз?

2. Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ескерткіштерін атаңыз?

3. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңіріндегі қола дәуірінің археологиялық ескерткіштерін атаңыз?


Дәріс №9

Тақырыптың атауы: Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалық одақтар.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге сақтар туралы парсы, грек-рим авторларының деректері негізінде сақтар тобы, олардың орналасу аймағы, азаттық үшін болған күрестерін баян ету.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Сақтар туралы деректер. 2. Саяси тарихы.

Біздің заманымыздан бұрынғы Ү ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың “Тарих” деп аталатын еңбегінде және басқа да қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы І мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Бұл одақ массагеттер, каспийлер, исседондар, кейініректе аландар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы І Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа:сақ-хаумаваргаларға(хаома сусынын дайындайтын сақтар), сақ-тиграхаудаларға(төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), сақ-парадарайандарға(теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері-еуропалық скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетіне орналасқан.

Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білсе де, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың аңдарды өрнектермен дүние жүзіне әйгілі болған даналық өнері жалпы даму процесіне елеулі әсерін тигізді.

Персия мемлекетінің патшасы Кир-Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529жж. соғысқан кезде – сақтармен одақ жасасып, олардан көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін Кирдің әскерлері сақтардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар: Парсыларды жеңгеннен кейін Сақтардың әйел патшасы Томирис: “Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансын”, - деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.

Кирдің орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын І Дарий(б.з.б. 521-486жж.) жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер бөліп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының “өлмейтін он мың” деп аталатын ұланының құрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. ҮІ ғасырдың аяғы Ү ғасырдың басында (500-449жж.) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысына сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.

Б.з.б. ІҮ ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, ІІІ Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты(Самарқандты) алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кіші-гірім “Александр Крайный” немесе “Шеткі Александр” деген қала салдырды.

Гректер сақтардың біраз жерлерін басып алды. Бірақ Александр Македонскийдің әскерлері сақтардың жерінде көп тұра алмады. Ыстық күн, жолсыз шөл дала, ержүрек сақтардың тынымсыз шабуылы, Александр Македонскийдің сырқаттанып қалуы гректерді қашуға мәжбүр етті. Олар Сыр бойындағы “Шеткі Александрді” тастап, Самарқанд қаласына шегінді. Сөйтіп, Сырдария сыртындағы сақ тайпалары грек басқыншылығына қарсы күресте өз тәуелсіздігін сақтап қалды.

Александр Македонский б.з.б. 323 жылы сүзектен қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін, оның ұлан-байтақ империясы ыдырай бастады. Өйткені ол берік экономикалық және саяси байланыс бірлігі жоқ әр түрлі тайпалар мен халықтардан құрылған мемлекет еді.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Б.з.б. ҮІІ-ІҮғғ. Қазақстан жеріндегі құдыретті тайпалық бірлестік қалай аталды?

2. Сақтарды “Азиялық скифтер” деп атаған кімдер?

3. Иранның алғашқы мәліметттерінде сақтарды қалай атаған?

4. Үнділер сақтарды қалай атаған?

5. Дарийдің Бехистун жазбаларында сақтардың неше түрі аталады?

6. Сақтарға қарсы соғыста жеңіліп, өлтірілген парсы патшасы кім?

7. Парсы патшасы Дарий қай жылы сақтарға қарсы жорық жасап, оларды өзіне бағындырды?

8. Қай ғасырда Александр Македонский сақтармен соғысты?
Дәріс №10

Тақырыптың атауы: Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері.

Дәрістің мақсаты:Студенттерге Тасмола, Ұлыбай-Тасмола мәдениеттері, олардың тарихи шеңберлері, ескеркіштері, жерлеу ғұрпының, инвентарының ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Орталық Қазақстан. 2. Батыс және Солтүстік Қазақстан.

Орталық Қазақстан ЕТД. Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің ескерткіштері негізінен обалы қорымдар түрінде сақталған. Олардың үлкендерінің диаметрі 20 метрден, биіктігі бір жарым метрден асады. Көпшілік обалардың ені 6 метрден 13 метрге дейін, ал биіктігі 25 сантиметрден 1 метрге дейін болып келеді. Сонымен қатар, Орталық Қазақстанның осы дәуіріне тән ескерткіштерге “мұртты” обалар жатады.

Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірінен табылды. Сондықтан да Орталық Қазақстанның осы ескерткішке ұқсас басқа да жерлеу орындары кейін тасмола мәдениеті деп аталды.

Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің басты ерекшелігі-“мұртты” обалар екі жерлеу орнынан тұрады. Әдетте, бұл бір-бірінен 2-5 метр қашық жатқан тас пен топырақтан үйілген орташа обалар. Обалар не қатар, не бірінен кейін бірі тізбектеле орналасқан. Обалардан тура шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас доға тәрізді екі тас құрылыс тартылған. Тастан салынған “мұрт” сияқты құрылыстың ені 50 сантиметрден 2 метрге дейін, ал ұзындағы 10 метрден 30-40 метрге дейін созылады.

Орталық Қазақстанда “мұртты” обалардың төрт түрі кездеседі. Бірінші түрі-үлкендеу қорғанның шығыс жағынан тағы бір кішілеу қорған салынған обалар. Екінші түрінде –екі қорған оңтүстіктен солтүстікке қараған бағытта қатар салынады. Содан соң екі қорғанның оңтүстік және солтүстік шегінен шығысқа қарай мұрт сияқты тас құрылыс жүргізіледі. Үшінші түрінде, алдымен бір үлкендеу қорған салынып, соның үстінен тағы бір кіші қорған тұрғызылады. Төртінші түрі үшіншіге ұқсас, яғни бірінің үстінен бірі салынған екі қорғаннан тұрады.

Тасмола мәдениеті үш даму кезеңінен тұрады. Бірінші кезеңі б.з.б. ҮІІ-ҮІғғ. қамтиды. Екінші кезеңі б.з.б. Ү-ІІІғғ., үшінші кезеңі б.з.б. ІІІ-Іғғ. аралыған қамтиды.

Солтүстік Қазақстан ЕТД. Ерте темір дәуірінде Жайық-Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениет қалыптаса бастады.

Ұлыбай-Тасмола мәдениеті өз дамуында үш хронологиялық кезеңнен өткен. Бірінші кезең-б.з.б. ҮІІІ-ҮІІғғ., екінші кезең-б.з.б. ҮІ-Үғғ., үшінші кезең-б.з.б. ІҮ-ІІғғ. қамтиды. Осы кезеңдердің ішінде ескерткіштері көп зерттелгені-бірінші кезең.

Сақтар заманының алғашқы кезеңінен бұл өңірде жақсы зерттелгендері мынандай обалар: Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз. Бұл ескерткіштерден садақ жебелері, жалпақ пышақтар, сыртында ілмешегі бар дөңгелек қола айналар, қыш ыдыстар т.б. заттар табылды.

Екінші кезеңге жататын жерлеу ескерткіштеріне Сарғара, Бектеңіз, Ақшиат обалары жатады. Бұл обаларға тән заттар мыналар:үш қырлы, ұнғылы жебе ұшы, сабының сағасында алқымы бар пышақтар, мүйіз тәріздес, алқымында көбелекке ұқсаған ойығы бар қанжарлар, сыртында ұстайтын тұтқасы бар қола айналар.

Үшінші хронологиялық кезеңді қамтитын ескерткіштерге Бірлік-6, Бағанаты, Өрнек обалар кешені, Бөркі, Ақтау қоныстары жатады. Бұл кезеңде кездесетін жебелер бұрынғыдай емес, темірден жасалған.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің ескерткіштерінің үлкендерінің диаметрі?

2. Орталық Қазақстанның дәуіріне тән ескерткіштер тобы?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет