Емдік рекомпрестеудің оттегі режимі (4)
Едәуір артық қысымы, Мпа (м с.б.)
|
Артық қысыммен жұмыс істейтін оттегімен және ауамен тыныс алу уақыты 0,2 Мпа (20 м с.б.), мин.
|
Ауамен тыныс алу кезінде алғашқы аялдамаға ауысу уақыты, мин
|
Тоқтаған кездегі артық қысым, м, с.б.
|
Декомпрестеу кезіндегі жиынтық тыныс алу уақыты, мин
|
Жалпы декомпрестеу уақыты, сағ. мин.
|
18
|
16
|
14
|
12
|
10
|
8
|
6
|
4
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ауа
|
оттегі
|
0,2 (20)
|
45к+30в+15к
|
5
|
10в
|
15к
|
60в
|
15к
|
30к
|
20в
|
40к
|
20в
|
60в
|
175
|
100
|
4. 35
|
Сүңгуір жұмыстары кезіндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздікке
қойылатын талаптарға
18-қосымша
Жасанды тыныс алдыру және жүрек бұлшық етіне тікелей
массаж жасау әдістемесі
1. Зардап шегушіге жасанды тыныс алдыру үшін арқасына, жауырынына қалыңдығы 10-15 см жастықша салынады. Мойнының мүмкіндігінше көтеріп, басын шалқайту қажет, одан соң төменгі жағын қозғап, ауызын ашу керек. Ауызда сілекей немесе бөгде зат болған жағдайда ауыз қуысын дәке сүлгісі немесе қол орамалмен оралған саусақпен тазалау керек.
Ауызды ашу үшін шайнау бұлшық еті түйілген кезде ауыз ашатын құрылғыны пайдаланып, тілдің түбіне дейін ауызға ауа өткізгішті салу қажет. Бұл ауаның асқазанға өтуіне жол бермейді.
Ауа өткізгіш болмаған жағдайда гигиеналық талаптарға сәйкес зардап шегушінің ауызына дәке қабаты салынады.
2. Өкпені «ауыздан ауызға» тәсілімен жасанды түрде желдету үшін көмек көрсетуші тұлға:
зардап шегушіден бір тізеге төмен түсіп, оның басын екі қолымен ұстап, бір қолын маңдайына, екіншісін желкесіне қою қажет;
терең тыныс алып, дем шығаруды ұстап, зардап шегушіге еңкейіп, оның ернін тұтас қармау қажет;
науқастық мұрнын үлкен және құлағын сұқ саусақпен басып, тыныс алу жолдары мен өкпеге бірқалыпты дем шығару қажет;
науқастың пассивті түрде дем шығаруы үшін аузы мен мұрнын босатып, басын бір жағына қою қажет;
өкпені желдету үшін әрбір кезекті үрлеу алдында кідіріп, 1-2 шамалы тыныс алып, дем шығару қажет, зардап шеккен сүңгуірге минутына 12-15 рет жиілікпен тыныс алдыру және дем шығару циклін қайталату керек.
3. Егер ауыз арқылы жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігі сенімді болмаса, онда «ауыздан ауызға» тәсілі сияқты «ауыздан мұрынға» тәсілімен жасанды тыныс алуды жүргізу қажет;
зардап шегушінің мұрнын қысып, оның аузын қозғап, оның мұрны арқылы тыныс алу жолдарына күшпен ауа үрлеу қажет;
зардап шегушінің мұрны мен аузын тыныс алғаннан кейін пассивті түрде дем шығару үшін босату қажет.
Өкпе жасанды желдету тиімділігін бақылау қажет:
зардап шеккеннің көкірек қуысының тыныс алу қозғалысының амплитудасының шамасы бойынша, ол әдеттегі тыныс алудан кем болмауы тиіс;
өкпеге ауа үрлеу кедергісін арттыру бойынша, ол өкпеге ауа беру және толтыру мүмкіндігіне қарай нақты шама бойынша өсуі қажет.
Дербес тыныс алу қозғалысының болуы өкпені дұрыс желдету белгісі болып табылады.
4. Жүрек тұсына массаж жасау үшін:
зардап шегушіні қатты қабатқа жатқызып, киімінің кеуде тұсын шешу қажет;
зардап шегушіден бүйір жағынан бір тізеге төмен түсіп, алақанды қойып, кеуденің төменгі тұсына алақанның жартысы кеудеге тірелетіндей, қолдық саусақтары кеудеге перпендикуляр болатындай етіп салу қажет;
екінші қолдың буынын кеуденің сырт жағынан қойып, ал екі қолдың саусақтарын зардап шегушінің денесіне тимейтіндей сәл көтеру қажет;
дене салмағын пайдалана отырып, көкірек қуысының үстінен қолдарының шынтақтарын перпендикуляр түрде тігінен қойып басу қажет, зардап шегушінің омыртқасына қатысты 4-5 см болады;
кеудеге аздап басқаннан кейін оны төмен түсіріп, оны қайта көтеруге мүмкіндік беріп, қайта басу қажет.
Жүрек тұсы массаж жасау ең аз темпі минутына 60-70 цикл.
5. Массажды жеткілікті қан айналымын қамтамасыз ететін дербес жүрек соғуының азайтқан сәтке дейін массажды жалғастыру қажет.
Жүрекке тиімді массаж жасау белгілері:
буын тұсында артерияларында тамырдың соғуы;
ең жоғарғы артерия қысымы 60-70 мм с.б. төмен емес;
қарашықтардың біртепдеп кішіреюі;
ерін терінің ағаруы;
дербес тыныс алу қозғалысының пайда болуы.
6. Жүрек бұлшық етін массаж жасау тиімділігін арттыру қажет:
бұғана тұсын жұдырықпен омыртқаның сол жағына кіндік деңгейінде басу қажет;
зардап шеккеннің аяғын 50-70 см жүрек деңгейінен жоғары көтеру қажет.
Жүрек бұлшық еті массажын жүргізген кезде бір немесе екі қабырға сынуы мүмкін. Бұл асқыну жүрек массажын жалғастыруға қарама-қайшы болмайды.
Жүрекке массаж жасау жеткілікті күш пен шыдамдылықты қажет етеді, сондықтан массаж жасаушыны 5-7 минут сайын ауыстыру қажет. Ауыстыру тез, әрі жүрекке ритмикалы массаж жасауды тоқтатпай жүргізіледі.
Жиі бір мезгілде жеңіл және жүректің айналасынан жасанды желдеткіш жүргізу қажет. Бұл екі әдіс екі адамның әрекетін қажет етеді.
Өкпені жасанды желдету жиілігі көкіректен басу жиілігіне қатысты 1:4 болады.
__________________
Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке
қойылатын талаптарға
19-қосымша
Буын сынғанда және шыққанда қимылсыздандыру
1. Қимылсыздандырып тасымалдау сынған жерде (буын шыққан жердегі сүйектер) сүйек сынықтарын бекіту және оларды қозғалтпай, жанасқан күйде ұстау үшін қолданылады. Бұл ауруды азайту, жарақат пен ықтимал асқынудың алдын алудың негізгі тәсілі болып табылады.
2. Зақымданған дененің бойымен оны қоршай отырып, дәке немесе орамалдың көмегімен бекітілетін тізімдік және импровизацияланған дөңгелектер (таяқтар, тақтайлар және тағы басқа) қимылсыздандырып тасымалдау құралдары болып табылады.
Дөңгелектерді пайдалану алдында дене ұлпасына әр келкі қысымның түсуін болдырмас үшін мақта қабатымен салу қажет.
3. Денеің зақымданған учаскелерін қимылсыздандыру былай жүргізіледі. Бас сүйек сүйектері немесе мойын бөлігі сынған кезде иектің астынан бекітілетін таңғыш қолдылады, оны зембілге омыртқаны тартып тұратындай етіп бекіту қажет. Бұл ретте зембілге зардап шегушінің кеудесі де бекітіледі. Егер ол есінен таңған болса және жақ сүйегі үңірейген болса, онда басты бүйір жағына қараған күйде орналастыру қажет.
Омыртқаның кеуде бөлігі сынған кезде зардап шегушіні қалқанға арқасымен денесі қозғалмайтындай етіп байлау қажет. Егер зардап шегуші есінен айрылған болса, онда оны ішімен жатқызып, кішкене жастықты көкірек қуысы мен маңдайына салу қажет.
Омыртқа жотасы сынған кезде зардап шегушіні ішімен жатқызу қажет.
Зардап шегушінің жамбасы сынған кезде тізесін бүгіп, арқасымен жатқызу қажет, тізесінің астына кішкене жастық қойылады, жамбасының айналасы дәкемен оралады.
Аяқ-қолдың буындары сынған кезде сынған орыннан жоғары және төмен орналасқан сынған буынмен көршілес екі буын қимылсыздандырылады.
Иық сүйектері сынған кезде екі дөңгелек қолданылады, оларды алақан арқылы төсеу қажет. Қолды дәке немесе орамалдың көмегімен орап, мойынға асып, физиологиялық күйде бекіту қажет.
Сирақ немесе жамбас сынған кезде екі дөңгелек қолданылады, біреуі зақымданған буынның ішкі жағынан, екіншісі сыртқы жағынан салынады.
Дөңгелек болмаған жағдайда аяқ-қолды аяқты үш-төрт жерден байлап, бекіту қажет.
Аяқ-қолдың буындары шығып кеткен кезде көлікпен иммобилизациялауды ауруды уақытша жансыздандырғаннан және шыққан жерді дәрігер (фельдшер) салғаннан кейін жүргізіледі. Буынның сүйектерін бекіту жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен жүргізіледі.
__________________
Сүңгуір жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікке
қойылатын талаптарға
20-қосымша
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қан тоқтату
әдістері
1. Қан тамырларының зақымдануына байланысты қан кету капиллярлық, веналық, артериялық болып табылады.
2. Капиллярлық қан кету дене бетіндегі жараларда байқалады. Ол капиллярлар зақымданғанда пайда болады және ұсақ тамшы түрінде қан бөлу арқылы көрініс табады.
3. Венадан қан кету вена зақымданғанда ағады және қою қызыл түсті болып ағады. Оны тоқтату үшін зақымданған жерді сәл көтеру қажет. Жараға жеке таңу пакетін пайдалана отырып, таңғышпен қатты байланады.
4. Артериядан қан кету артерия зақымданғанда болады және ол қарқынды ағыспен тамыр соғып, ал қызыл түсті болады. Артериядан қан кетуді тоқтату үшін зақымданған артерияны саусақпен немесе жұдырықпен жарақат орнынан жоғары басу керек.
Артерияны басу орындары мынадай болады:
құлақтың самай тұсы артериясы алдынан;
шайнау бұлшық етінің алдынан төменгі иек жиегінен жақтың артериясы үшін;
көкірек-жүрек бұлшық етінің ішкі шетінің ортасында, мойында ұйқы безі үшін;
бұғана тұсы-бұғана артериясы үшін;
қолтық тұсы-иық артериясы үшін;
қос бұлшық еттің ішкі қабаты-иық және иық алды артериясы үшін;
кіндік тұсынан төмен-қолқа және жамбас артериясы үшін;
осы тәсілдің ең үлкен тиімділігі үшін бүгілетін буын астынан дәкеден жасалған жастықша немесе мақта салу қажет.
Артериядан қан кетуді тоқтату үшін таңғыш салу тәсілі едәуір сенімді болады. Таңғышты қан кеткен жерден жоғары салу қажет. Таңғыш салынған жерді орамалмен, дәкемен немесе киіммен орау қажет. Зақымданған буынды көтеріп, дәкені созып, буынның айналасын 2-3 орап, таңғышты бекіту қажет. Қан кетуді тоқтату үшін таңғышты қатты орау қажет. Таңғышты шамамен 1,5 сағат салу қажет. Салған уақытты қағазға жазып, оны таңғышқа қыстыру қажет. Көрсетілген уақыт өткеннен кейін 2-3 минут шешу қажет, қан кеткен жағдайда артерияны басу қажет. Бұдан соң таңғышты қайтадан 30 минут салып, салған орнынан едәуір түсіру керек. Жараны жеке таңу пакетінің көмегімен дәкемен орау қажет.
Зардап шеккенге одан әрі көмек көрсету үшін дереу денсаулық бекетіне немесе оташы стационарына жіберу қажет. Тасымалдау кезінде зақымданған буын бекітілуі қажет. Іштен қан кетуіне күмәнданған жағдайда (бұғана, көкірек тұсы) зақымданушыны жартылай отырған күйік тізесін бүгіп тасымалдау қажет. Зақымданған буынына суық сулы дәке басу қажет.
___________________
Мазмұны
Бөлім, тарау,
параграф
|
|
Беті
|
1-бөлім
|
Жалпы ережелер
|
|
1-тарау
|
Жалпы талаптар
|
|
2-тарау
|
Негізгі терминдер мен анықтамалар
|
|
2-бөлім
|
Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары
|
|
3-тарау
|
Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын басқару және басшылық ету және оларға рұқсат беру
|
|
4-тарау
|
Сүңгуір станцияларының құрамы бөліміндегі талаптар мен оның жабдықталуына қойылатын қауіпсіздік талаптары
|
|
5-тарау
|
Сүңгуір түсірмелеріне дайындық
|
|
6-тарау
|
Сүңгуірдің су астына түсуі
|
|
7-тарау
|
Су астында болу
|
|
8-тарау
|
Сүңгуірмен байланыс
|
|
9-тарау
|
Сүңгуірді көтеру және шешіндіру
|
|
10-тарау
|
Сүңгуірлердің еңбек және демалыс режимі
|
|
11-тарау
|
Құжаттамаға қойылатын талаптар
|
|
3-бөлім
|
Сүңгуір жарағына және сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ету құралдарына қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары
|
|
12-тарау
|
Сүңгуір жарағына қойылатын талаптар
|
|
13-тарау
|
Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ету құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптары
|
|
4-бөлім
|
Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарына қойылатын қауіпсіздік талаптары
|
|
14-тарау
|
Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарына қойылатын қауіпсіздік талаптары
|
|
15-тарау
|
Авариялық-құтқару жұмыстары
|
|
16-тарау
|
Құтқару жұмыстары
|
|
17-тарау
|
Кеме көтеру жұмыстары
|
|
18-тарау
|
Кеме және кеме жөндеу жұмыстары
|
|
19-тарау
|
Кемелерді кеме көтергіш құралдарына қою кезіндегі жұмыстар
|
|
20-тарау
|
Су асты техникалық жұмыстар
|
|
21-тарау
|
Металл дәнекерлеу және кесу жұмыстары
|
|
22-тарау
|
Су асты жарылыс жұмыстары
|
|
23-тарау
|
Механикаландырылған аспапты пайдалану жұмыстары
|
|
24-тарау
|
Іздеу жұмыстары
|
|
25-тарау
|
Ағыстағы жұмыстар
|
|
26-тарау
|
Сыртқы ауа температурасы қолайсыз болғанда, сондай-ақ мұзда және мұз астында жұмыс істеу
|
|
27-тарау
|
Ерекше жағдайларда жұмыс істеу
|
|
28-тарау
|
Жаттығу түсірмелері
|
|
29-тарау
|
Эксперименталды түсірмелер
|
|
5-бөлім
|
Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын медициналық қамтамасыз ету
|
|
30-тарау
|
Жалпы талаптар
|
|
31-тарау
|
Сүңгуірлерді іріктеу және медициналық куәландыру
|
|
32-тарау
|
Сүңгуірлерді ұзақ аурудан кейін немесе жұмыста ұзақ үзілістен кейін жұмысқа жіберу
|
|
33-тарау
|
Сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
|
|
6-бөлім
|
Сүңгуір жарағын ұстау, оны күту және зарарсыздандыру
|
|
34-тарау
|
Сүңгуір жарағын және сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ету құралдарын орналастыру және сақтау
|
|
35-тарау
|
Сүңгуір жарағын және түсірмелер мен жұмыстарды қамтамасыз ету құралдарын күту
|
|
36-тарау
|
Сүңгуір жарағы мен сүңгуір түсірмелерін қамтамасыз ету құралдарын зарарсыздандыру
|
|
7-бөлім
|
Су астында авариялық жағдайларда сүңгуірлердің әрекеттері
|
|
37-тарау
|
Желдетілетін жарақ зақымданған кезде сүңгуірлердің әрекеттері
|
|
38-тарау
|
Жеңіл сүңгуір жарағын зақымданған кезде
сүңгуірлердің әрекеттері
|
|
1-қосымша
|
Сүңгуірге әсер ететін негізгі зиянды факторлардың шекті рұқсат етілген мәндері
|
|
2-қосымша
|
Сүңгуірлердің топырақтағы жұмыс уақытына, суға түсу тереңдігіне және еңбек қызметінің түріне байланысты ауамен тыныс алу кезіндегі
еңбек және демалыс режимдері
|
|
3-қосымша
|
Декомпрестеу камералары микроклиматының нормалары
|
|
4-қосымша
|
Сүңгуірлер жарақтарын кезеңді байқау және тексеру мен төмен түсіру және жұмыстарды қамтамасыз ету құралдары
|
|
5-қосымша
|
Cүңгуірлермен байланыс үшін шартты белгілер
|
|
6-қосымша
|
Теңіздердегі, щахкөлдердегі және ірі су қоймаларындағы толқынның бірыңғай бағасы
|
|
7-қосымша
|
Желдің күшін көзбен бағалауға арналған шкаласы
|
|
8-қосымша
|
Су астында көру мүмкіншілігінің кестесі
|
|
9-қосымша
|
Мұздың жүк көтергіштігінің кестесі
|
|
10-қосымша
|
Сүңгуірдің су астында шекті болу уақытының
есебі
|
|
11-қосымша
|
Сүңгуір жарағы мен жабдығын зарарсыздандыруға тағамдық
96-градустық этил ректификат спиртін жұмсау нормалары
|
|
12-қосымша
|
Сүңгуір жарағын жөндеу
|
|
13-қосымша
|
Сүңгуірдің дәрі-дәрмек сөмкесіне кіретін заттардың тізбесі және оларды тағайындау
|
|
14-қосымша
|
Сүңгуір станцияларын мүлікпен жарақтау
тізімі
|
|
15-қосымша
|
Сүңгуірдің жеке кітапшасының нысаны
|
|
16-қосымша
|
Сүңгуірдің жеке медициналық кітапшасының нысаны
|
|
17-қосымша
|
Сүңгуірлердің кәсіби аурулары, су асты жарақаттары, олардың алдын алу және алғашқы көмек көрсету
|
|
18-қосымша
|
Жасанды тыныс алдыру және жүрек бұлшық етіне тікелей массаж жасау әдістемесі
|
|
19-қосымша
|
Буын сынғанда және шыққанда қимылсыздандыру
|
|
20-қосымша
|
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қан тоқтату әдістері
|
|
|
Мазмұны
|
|
_______________
Достарыңызбен бөлісу: |