6-тарау. Сүңгуірдің су астына түсуі
66. Су астына түсірмес бұрын су астына сүңгуір түскен кезде басқышта немесе түсіру күркесінде сүңгуір жарағының жұмыс істеуі тексеріледі.
67. Сүңгуірді мынадай:
сүңгуір жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бұрын келісілген іс-шараларды орындау туралы жазбаша куәландыруды алғаннан кейін;
жұмысты ұйымдастыру тәртібіне (бұдан әрі-ЖҰТ), рұқсат нарядына сәйкес кеме жүргізушілерге арналған дабылдарды, басқа да ақпараттық және көрсеткіш белгілерін қолданысқа енгізгеннен (көтергеннен) кейін;
сүңгуір жарағына ауа немесе газ қоспасын бергеннен және иллюминаторды жапқаннан кейін, ал газбен автономды көзбен жабдықтаған кезде жарақ аппаратында тыныс алуға ауыстырғаннан кейін су астына түсіруге болады.
68. Тыңдаушылар мен тәжірибесі аз сүңгуірлерді су астына түсіру уақыты 5 м/мин аспайды. Қалған сүңгуірлерді су астына түсіру жылдамдығын сүңгуір түсірмелерінің басшысы сүңгуірдің жеке ерекшеліктері мен күйіне, оның күш-жігеріне және практикалық дағдыларына байланысты, пайдаланылатын жарақтың техникалық сипаттамасына байланысты белгілейді. Барлық жағдайда түсіру жылдамдығы 1-қосымшада белгіленген қысымды арттырудың шекті қысымымен анықталған жылдамдықтан артық болмайды.
69. Сүңгуірді шланг түріндегі желдетілетін немесе жеңіл сүңгуір жарағында су астына түсіру түсіретін немесе көтеретін арқанмен жүргізіледі. Түсіру кезінде сүңгуір аяғының арасына жіберілген арқаннан қолымен ұсталады.
Сүңгуірді судың бетіне дейін кез келген сүңгуір жарағында шлангіге, белгі беру немесе қандай да бір арқанмен аспалы күйде түсіруге болмайды.
Сүңгуірді дауылды басқыш бойынша жүзу жарағының жинағында немесе арнайы кәрзеңкеде ғана түсіруге болады.
Сүңгуірге кез келген жарақ түрімен суға секіруге болмайды.
Сүңгуірді тік жарлары бар жағадан түсіру үшін биіктігі кемінде 1100 м қоршауы бар тұғыр орнатылады.
70. Жүзу жарағының жинағында түсіру кезінде сүңгуірдің жүзуі нөлден (немесе оған жақын) шамамен алынады. Нөлдік жүзуге жету сүңгуірді сынақ арқылы су астына түсіріп анықталады.
Жүзу реттелмеген жағдайда сүңгуірді су астына түсіруге болмайды.
71. Сүңгуірді су астына жіберу кезінде құлағында немесе мұрын жолдарында қысым байқалған кезде су астына түсуді тоқтатады да, бірнеше рет жұтыну немесе аузын ашу қимылдарын жасайды, евстахиев түтігінің жолдарын ашу үшін мойнының алдыңғы бұлшық еттерін шынықтырады. Егер бұл ретте мұрын бітелуі әлі кетпеген жағдайда, онда 1-2 м көтеріліп, бұл іс-қимылды қайта жалғастыру қажет. Егер бұл жағдайда да құлағында немесе мұрын жолдарында қысым әлі тарамаған болса, сүңгуір су астына түсуді тоқтатып, жер бетіне қайта шығады.
72. Жер бетінде келген соң, сүңгуір басқышынан кетпестен тексеріледі, ауамен жеткілікті түрде тыныс алуына, жарақтың жүзгіштігіне, байланыстың жарамдылығына, белгі беру арқаны (белгі беру кабеліне) мен шлангісінің тазалығына көз жеткізеді, одан соң қамтамамыз етуші сүңгуірге «Мен жердемін! Өзімді жақсы сезінемін!» деп баяндайды.
Қамтамасыз етуші сүңгуір шланг пен белгі беру арқанын (белгі беру кабелін) таңдап алады. Белгі беру арқаны (белгі беру кабелін) мен шлангісін сүңгуірдің қозғалысын сезетіндей етіп ұстау қажет, бірақ жұмысты орындауға кедергі келтірмеу қажет.
73. Әрбір түсіру тереңдігі қолданылатын сүңгуір жарағының техникалық сипатынан және сүңгуірге белгіленген су астына тереңдігінен аспайды.
7-тарау. Су астында болу
74. Су астында жұмысты немесе тапсырманы орындай отырып, сүңгуір тұрақты түрде жарақтың жай-күйін, оның бөлшектерін жергілікті басып тығыздаудың жоқтығын бақылайды. Сүңгуірдің дем алысы ауыр емес, қалыпты, ыстығы жоқ.
75. Жарақта ақаулар пайда болған барлық жағдайда немесе өзін нашар сезінген кезде сүңгуір жұмысын тоқтатып, ол жөнінде су астына түсіру басшысына баяндайды және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
76. Тыныс алуы мен жүрегінің соғуы жиілеген, терлеген немесе тыныс алуы тарылған жағдайларда сүңгуір желдетілетін жарақта жұмысты дереу тоқтатады да, «Ауаны көбірек бер!» деген белгі береді және скафандрды жақсылап желдетеді. Егер өзін жақсы сезінбеген жағдайда ол жөнінде су астына түсіру басшысына телефон арқылы хабарлап, жер бетіне шығуы қажет.
Ашық тыныс алу немесе шланг түріндегі сызбасы бар жеңіл сүңгуір жарағында түсіру кезінде аурудың осындай белгілері байқалған кезде сүңгуір жер бетіне шығады.
77. Ашық тыныс алу сызбасы бар жеңіл сүңгуір жарағында су астына түсу кезінде ең төменгі қысымды көрсеткіш немесе тыныс алу аппараты баллондарындағы ауаның негізгі қоры толықтай жұмсалғаны туралы сүңгуірге ескертетін өзге де құрылғы іске қосылғаннан кейін ғана су астына баруына болады. Бұдан соң сүңгуір жұмысын тоқтатып, ол жөнінде қамтамасыз етуші сүңгуірге хабарлайды және су астына түсіру басшысының командасымен жер бетіне шығады.
Компрессор (компрессорлар) істен шыққан жағдайда жұмыс тоқтатылады да, сүңгуір (сүңгуірлер) декомпрестеу режимін сақтай отырып, жер бетіне шығады.
78. Жағдайдағы кез келген өзгерістер (жүктерді, понтондарды, аспапты түсіру немесе көтеру, жекеленген жүйелерді іске қосу, ауа немесе газ қоспаларын беру режимін өзгерту және сүңгуірдің қауіпсіздігіне әсер ететін өзге де іс-әрекеттер) сүңгуір түсірмесі басшысының рұқсатымен жұмыс істейтін сүңгуірдің келісімін алған соң және жұмыс жағдайларының өзгеруіне дайындық туралы оның баяндамасынан кейін жүргізіледі.
79. Сүңгуір су астында болғанда қамтамасыз етуші сүңгуір сүңгуірдің қозғалысын бақылайды және оның талап етуі бойынша шланг пен белгі беру арқанын босатады немесе таңдайды.
80. Сүңгуір тапсырманы орындау уақытында түсірмелерді басқару басшысы немесе қамтамасыз етуші сүңгуір мерзімді түрде (әрбір 2 минут сайын) сүңгуірден оның көңіл-күйі жайлы сұрап отырады.
8-тарау. Сүңгуірмен байланыс
81. Жұмыс істейтін сүңгуір жер бетіне телефон арқылы өзінің қозғалысы, іс-қимылы, атқаратын жұмысы туралы, оның айналасындағы барлық өзгерістер туралы баяндайды.
Сақтандырушы және қамтамасыз етуші сүңгуірлер оларға телефон арқылы немесе белгі беру арқаны (белгі беру кабелі) бойынша жұмыс істейтін сүңгуір беретін барлық хабарламаларды, командаларды дауыстап жариялайды.
82. Сүңгуірлер мен су астына түсіруді қамтамасыз етуге жіберілген тұлғалар дабыл, бақылау арқандары мен белгі беру кабелінің көмегімен берілетін шартты белгілерді біледі. Сүңгуірмен байланыс жасауға арналған шартты белгі беру 5-қосымшада берілген.
83. Шартты белгілерді беру үшін белгі беру арқанының бос байланған жерін алдын ала байқап, одан соң оны қатты жұлқып тартпай, анық белгілер беру қажет.
Сүңгуірдің дереу жер бетіне шығуы үшін берілетін дабыл белгісінен басқа, әрбір белгіні соған арнап берген адам қайталайды.
84. Сүңгуірден «Ауаны көбірек бер», «Ауаны аздап бер» деген белгілер алған кезде оларды алдымен орындайды, содан соң қайталайды.
85. Сүңгуірден белгі беру арқаны немесе телефон арқылы екі берген өтінішке жауап болмаса, сақтандырушы және қамтамасыз етуші сүңгуірлер оны жер бетіне шығарады.
Сүңгуірді көтеру кезінде сақтандырушы және қамтамасыз етуші сүңгуірлер онымен телефон немесе белгі беру арқаны (белгі беру кабелі) бойынша байланысты қалпына келтіруге тырысады.
Сүңгуірден оның өзін жақсы сезінетіні жөнінде белгі алып, байланыстағы ақаулықтың себебін анықтағаннан кейін сүңгуірді жұмысын қайта жалғастыру үшін су астына түсіреді немесе тиісті декомпрестеу режимі бойынша жер бетіне шығарады.
Сүңгуірді көтеру кезінде онымен байланысты қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда оны тоқтаусыз жер бетіне көтереді және сонымен қатар оған көмек көрсетуге дайындалады.
86. Декомпрестеу камерасындағы сүңгуірмен байланыс телефон арқылы немесе шартты белгілердің көмегімен жүргізіледі.
Сүңгуірге белгі камера корпусына ағаш балғамен соғу арқылы беріледі.
Шартты белгілердің кестелері камераның ішінде және сыртында ілінеді.
9-тарау. Сүңгуірді көтеру және шешіндіру
87. Сүңгуірді оны талабы бойынша көтеретін жағдайлардан басқа, жұмыс істейтін сүңгуірді көтерудің басталғаны туралы сүңгуірге кемінде 2 минут бұрын ескертіледі.
Берілген белгіге жауап бергеннен кейін жұмыс істейтін сүңгуір өзінің белгі беру арқаны мен шлангісінің тазалығын тексереді, аспапты жұмыс орнынан салады немесе жоғарыға береді, суға түсіру арқанынан жақындап, оны қолына алып, көтеруге белгі береді.
88. Қамтамасыз етуші сүңгуірден оны көтеру туралы белгі алғаннан кейін белгі беру арқаны мен шлангісінің бос жерін таңдайды да, сүңгуір көтеріле бастаған кезден бастап көтеруді бастаған уақытты белгілейді.
89. Сүңгуірді жер бетіне көтеру 8 м/мин аспайтын жылдамдықпен жүргізіледі, бұл ретте белгі беру арқаны мен шлангісін қамтамасыз етуші оның бос жері болмайтындай етіп алады.
Жүзу жарағының жинағында су астына түсуден басқа, сүңгуірге кез келген тереңдіктен жүзіп шығуына болмайды.
Сүңгуірді 12 м дейін қоса алғандағы тереңдіктен жер бетіне көтеру тоқтаусыз жүргізіледі, 12 м астам тереңдіктен тоқтатып, таңдап алынған декомпрестеу режиміне және қолданылатын сүңгуір жарағын пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.
90. Декомпрестеу кестесі бойынша сүңгуірлерді декомпрестеу режимін суға түсіруді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын тұлға таңдайды.
Декомпрестеу аяқталғаннан кейін сүңгуір декомпрестеу камерасының жанында кемінде 2 сағат болады.
Бір бөлікті декомпрестеу камерасын қолдану кезінде келесі сүңгуірді түсіру алдыңғы сүңгуірді декомпрестеу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
91. Судың беті 2 балдан аспайтындай толқынданған кезде сүңгуір басқышында жұмыс істейтін сүңгуірдегі 3 бұрандалы жарақты дулығаның иллюминаторын ашуға немесе 12 бұрандалы жарақты дулығаны шешуге болады. Толқын болған кезде сүңгуірді тоғанға шығарғаннан кейін ғана шешіндіре бастайды. Иллюминаторды ашқаннан кейін немесе дулығаны шешкеннен кейін қамтамасыз етуші сүңгуір «Сүңгуірге ауа беруді тоқтату!» деген команданы беріп, ауа беру тоқтатылады.
Су бетінде толқын болмаған кезде ғана сүңгуірді атмосфералық ауамен еркін тыныс алуға ауыстырғаннан кейін сүңгуірді басқышта шешіндіруді бастауға болады. Сүңгуірден дулыға мен сүңгуір жүгі шешілгеннен кейін оны тоғанға көтереді, онда оның қалған жарақтарын шешеді. Жарақтар сүңгуірді киіндірген тәртіпке кері тәртіппен шешіледі.
92. Белгі беру арқаны (белгі беру кабелі) сүңгуірден ең соңында, жейдені (гидро комбинезонды) шешпес бұрын шешіледі және қамтамасыз етуші сүңгуірге тек сол кезде ғана белгі беру арқанын (белгі беру кабелін) қолынан босатуға болады.
93. Салқын және жауын-шашын күндері сүңгуірді су астына түсіру орнына жақын орналасқан үй-жайда шешіндіру қажет.
10-тарау. Сүңгуірлердің еңбек және демалыс режимі
94. Су астына түсетін күні сүңгуірлер ауыр жұмыстардан (тиеу-түсіру, газ баллондарын көтеру және тасу, такелаж жұмыстары, ағын жылдамдығы 0,5 м/с жоғары болғанда 45 м астам тереңдіктен шлангілерді алу) босатылып, оларды түсіргенге дейін демалыс беріледі.
95. Тыныс алу үшін ауаны пайдалану кезінде 60 м дейінгі тереңдікте су астында сүңгуірдің жұмыс істеу ұзақтығы 2-қосымшада (1-кесте) көрсетілген уақыттан аспайды.
Сүңгуірді жер бетіне көтергеннен және декомпрестеуді аяқтағанға дейін 2-қосымшада (1-кесте) көрсетілген уақыттан кем емес демалыс беріледі.
96. Демалыс кезінде сүңгуірді түсіргеннен кейін су астына түсуді қамтамасыз етуге тартуға болады: сүңгуір жарақтарын дайындау, декомпрестеу камерасына қызмет көрсету, жұмыс істейтін сүңгуірмен байланысты қамтамасыз ету, сүңгуірлерді киіндіруге және шешіндіруге қатысу.
45 м бастап 60 м дейінгі тереңдікте су астына түсіру арасындағы үзіліс декомпрестеу аяқталған сәттен бастап санағанда кемінде 24 сағат, ал 60 м астам тереңдікте түсіру арасында кемінде 48 сағат.
97. Декомпрестеу режимін тағайындауды қажет ететін су астында болудың жалпы уақытымен 12 м астам тереңдікте сүңгуір жұмыстарын жүргізу кезінде бір сүңгуірді түсіруге болады.
98. Суда сүңгуірді декомпрестеу қажеттілігін болдырмайтын түсіру-көтеру құрылғыларын пайдалана отырып, сүңгуір жұмыстарын жүргізу, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде сүңгуірдің су астында (тыныс алу үшін ауаны пайдалана отырып) жұмыс істеу уақытын 2-қосымшаға (2-кесте) сәйкес тағайындауға болады. Мұндай жағдайда декомпрестеуді аяқтағаннан кейін кемінде 24 сағатқа демалыс беріледі.
99. Сүңгуірдің тыныс алуы үшін ауаның орнына арнайы газ қоспаларын немесе газдарды қолдана отырып, сүңгуір жұмыстарын орындау кезінде сүңгуірлердің еңбек және демалыс режимдері техникалық регламент бойынша белгіленеді.
100. Алдағы су астына түсу сипатына және жұмыстың нақты жағдайларына байланысты сүңгуірге жұмыс күні ішінде мынадай тереңдіктерде бірнеше рет су асына түсуіне болады:
6 м дейін тереңдікке-8 ретке дейін су астына түсу;
6-12 м тереңдікке-6 ретке дейін су астына түсу;
13-20 м тереңдікке-3 ретке дейін су астына түсу;
20-60 м тереңдікке-1 рет су астына түсу.
20 м бастап 60 м дейін тереңдікке қайта су астына түсуге ерекше жағдайларда және тек дәрігердің (фельдшердің) келісімі бойынша ғана жіберіледі.
Сүңгуірдің су астында жалпы болу уақыты бір жұмыс күні ішінде 6 сағаттан аспайды.
101. Сүңгуірге камерада ұзақ уақыт бойы декомпрестеу және емдік рекомпрестеу кезінде 0,25 МПа (2,5 кгс/шаршы см) аспайтын қысыммен камераға ыстық тағам әкелуге болады.
11-тарау. Құжаттамаға қойылатын талаптар
102. Әр сүңгуір станциясында сүңгуір жұмыстарының журналы болады, онда станцияның қызметі, сүңгуір жұмыстарының қауіпсіздігін регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттама жазылады.
103. Сүңгуір станцияларының қызметін және осы Талаптарда белгіленген талаптардың орындалуын бақылау тұлғаларының ескертулері анықталған кемшіліктер мен олқылықтарды қалпына келтіру мерзімдерін көрсете отырып, сүңгуір жұмыстарының журналында жазылады. Анықталған кемшіліктер мен олқылықтарды қалпына келтіру туралы журналға тиісті жазба жазылады.
104. Әр сүңгуірде оның біліктілігін растайтын және оның практикалық қызметін көрсететін жеке кітапшасы және сүңгуірдің денсаулығының күйін көрсететін медициналық кітапшасы болады. Сүңгуірдің жеке кітапшасын сүңгуір маманы немесе өзге бақылау тұлғасы толтырады.
Жеке медициналық кітапшаны сүңгуірді су астына түсіруді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын дәрігерлер немесе фельдшерлер және емдеу мекемелерінің медициналық комиссиясының дәрігерлері толтырады.
105. Сүңгуір жұмыстары журналының, жеке сүңгуір кітапшасының, сүңгуірдің жеке медициналық кітапшасының нысандары осы Талаптарға 15-16-қосымшаларда келтірілген.
3-бөлім. Сүңгуір жарағына және сүңгуір түсірмелері мен жұмыстарын қамтамасыз ету құралдарына қойылатын
жалпы қауіпсіздік талаптары
12-тарау. Сүңгуір жарағына қойылатын талаптар
106. Сүңгуір жарағының құрылымында қолданылатын материалдар мен жабындардың құрамында денсаулыққа қауіпті заттар мен қауіпті факторлар болмайды.
Сүңгуір жарағының барлық металл бөлшектерінде қорғағыш жабыны болады және тотығуға төзімді материалдардан дайындалады.
107. Сүңгуір жарағының құрылымы:
жүрген кезде, отырып-тұрғанда, қолды созып көкірекпен барынша еңкейгенде, қолдың иық тұсына дейін бүгілген немесе созылған күйде көтергенде, басты айналдырған кезде сүңгуірдің ыңғайлы қозғалуын;
сүңгуірлер үшін қауіпті салдарға әкелуі мүмкін механикалық зақымданғанда өміршеңдігін;
киіндірген, су астында жұмысты орындаған және 3 минуттан аспайтын уақыт ішінде бөгденің көмегімен жарақты шешкен (аралас декомпрестеу өткізу кезінде) кезде кеңдік пен ыңғайлылықты;
дайындаушының нормативтік-техникалық құжаттамасында белгіленген қызмет мерзімі ішінде сапа көрсеткіштерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
108. Тыныс алатын сүңгуір аппараттарына қойылатын талаптар:
1) тыныс алатын сүңгуір аппараттарының құрылымы тыныс алу үшін газ ортасын пайдалану ерекшеліктерімен байланысты сүңгуірге қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету мүмкіндігін болдырмайды және мыналарды:
аппараттың тыныс алу жүйесінің төменгі және жоғары қысымды барлық магистралдарының герметикалығын;
жұмыс сипаттамаларын (газ ортасының құрамын, жұмсалуын және қысымын) және жеткілікті шектерде тиісті жұмыс режимдерін тұрақты қолдауды;
аппараттың тыныс алу жүйесіне судың түсу мүмкіндігін болдырмауды;
дем алу (дем шығару) кезінде газ ортасының ең жоғарғы көлемдік шығыны жұмыс тереңдіктерінде 0,007 текше м/с (7 л/с) кем емес болғанда тыныс алуға 0,00147 МПа (0,015 кгс/шаршы см) аспайтын кедергіні;
33 кг аспайтын зарядталмаған аппарат салмағын;
нөлден минус 49,033 Н (минус 5 кгс) дейінгі жұмыс қысымына дейін зарядталған баллондары бар аппараттың тұщы суда қалқуын;
аппараттың жұмыс режимінің өздігінен өзгеруіне жол бермеу мүмкіндігін;
жұмысты орындау кезінде аппараттың басқару органдарына қызмет көрсетудің ыңғайлылығын;
аппаратты сүңгуір денесіне ыңғайлы орналастыруды және оның өздігінен жылжу мүмкіндігін болдырмауды;
ең аз мөлшерде қол тәсілдерін пайдалана отырып, сүңгуірдің кез келген қалпында аппаратты дереу шешу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
2) тыныс алатын ашық сызбалы сүңгуірдің тыныс алу аппараттарының құрылымы осы Талаптардың 108-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келеді және мыналарды:
қысымы 2,94 МПа (30 кгс/шаршы см) кем емес авариялық ауа қорын;
баллондардағы негізгі ауа қоры тиісті шамаға дейін жұмсалған кезде дабылды;
нашар көрінген кезде және қараңғы уақытта сүңгуір денесінің қалай тұрғанына қарамастан, манометр шкаласынан көрсеткіштерді алуды қамтамасыз етеді.
Ашық тыныс алу сызбасы бар сүңгуірдің тыныс алу аппараттарында толық ауа қоры оны пайдаланған кезде қалқыма өзгеріс 53,93 Н (5,5 кгс) аспайтындай етіп қамтамасыз етіледі. Ауа қоры мол болғанда көрсетілген шектерде аппараттың қалқыма өзгерісін қалпына келтіретін құрылғылар қарастырылады;
3) шлангілі тыныс алатын сүңгуір аппаратының құрылымы осы Талаптардың 108-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес болады және мыналарды:
қысымы кемінде 2,94 МПа (30 кгс/шаршы см) газ ортасының авариялық қорын;
жер бетінен аппараттан газ ортасын беру жеңдерін жедел ажыратуды және меншікті баллондардан автономды тыныс алуға ауысуды;
газ ортасын беру жеңдерін ажыратқан кезде автономды жүйеге судың өту мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етеді;
4) регенеративті сүңгуірдің тыныс алу аппаратының құрылымы осы Талаптардың 108-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес болады және мыналарды:
аппараттың тыныс алу қабын механикалық зақымданудан қорғауды (қатты қаптама);
тыныс алу қабын жоғары жылдамдықпен жүзу кезінде қап ішіндегі қысымды рұқсат етілген шамадан жоғарылатқан кезде жарылудан қорғауды;
жұмыс істейтін сүңгуірдің тыныс алу органына химиялық сіңіргіштің немесе регенеративті заттың түсу мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етеді;
5) қысыммен жұмыс істейтін сүңгуірдің тыныс алу аппараттарының ыдыстары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес болады.
109. Сүңгуір жейдесіне қойылатын талаптар:
1) сүңгуір жейделерінде кемінде үш еселік бойға дайындалады;
2) сүңгуір жейдесі астар салынған резеңкелі матадан дайындалады, олар мыналарды:
артық қысым 0,0196 МПа (0,2 кгс/шаршы см) болғанда ауаны өткізбеуді;
қысым 0,0098 МПа (0,1 кгс/шаршы см) болғанда су өткізбеуді;
ауа температурасы 243 К (0,1 кгс/шаршы см) болғанда аязға төзімділікті;
ені 50x200 мм мата жолағының ажырамасына тұғырда 1127,8 Н (115 кгс) және арқанды бекіту тетігі бойымен кемінде 931,6 Н (95 кгс) кедергіні қамтамасыз етеді.
Сүңгуір жейдесінің мықтылығы тұғырдағы негізгі матаның мықтылығынан 80 % кем емес болады;
3) сүңгуір жейдесінің құрылымы мыналарды:
сүңгуір денесін судан оқшаулауды;
су астында жұмыс істеу кезінде сүңгуірге кигізілетін жылу қорғағыш құралдарды пайдалана отырып, тыныс алу кезінде сүңгуірдің көкірек қуысының еркін қозғалысын;
жейде ішінде бастапқы артық қысым 0,0196 МПа (0,2 кгс/шаршы см) болғанда герметикалықты, 1800 с бұрын 0,0-49 МПа (0,05 кгс/шаршы см) аспай қысымның төмендеуін;
сүңгуірдің тері қабатының зақымдануын болдырмайтын арқандардың еркін қозғалысын;
мынадай: алдыңғы клапанға (сүңгуірдің кеудесінің оң жағынан)-оң жақ иығынан 240 мм төмен және сүңгуірдің симметрия осінен оң жағынан 160 мм; төменгі клапанның астынан (сүңгуірдің сол жақ жауырыны тұсында)-сол иығынан 320 мм төмен және сүңгуірдің симметрия осінен сол жағынан 200 мм болатын орталық ойықтары бар шөптен сақтандыру клапандарын орнатуды қамтамасыз етеді. Бұл ретте клапандарды орнату орындарында сыртынан және ішкі жағынан күшейтілген жапсырмалар қарастырылады, клапандарға арналған ойықтарды кесіп алу үшін шартты белгілер қойылады;
4) сүңгуір жейдесінің шөптен сақтандыру клапанының құрылымы мыналарды:
жейде ішіндегі кеңістік жағынан бастапқы артық ауа қысымы 0,00049 МПа (0,005 кгс/шаршы см) және қоршаған су жағынан артық қысым 0,00069 МПа (0,007 кгс/шаршы см) болған кезде герметикалықты қамтамасыз етеді. Бұл ретте 180 с ағыста жейде ішіндегі кеңістіктегі ауа қысымын жоғарылатуға және клапанның ішкі қабатына су тигізуге жол берілмейді;
клапан ершігін ұяшық диаметрі 3 мм аспайтын тормен қорғауды;
сақтандыру және шөптесіннен қорғау клапандарының режимдерінде жұмыс істеуді;
жейде ішіндегі кеңістіктегі артық қысым 0,00127-0,00216 МПа (0,013-0,022 кгс/шаршы см) және жейде сыртындағы кеңістік жағынан атмосфералық қысым қалыпты болғанда газ ортасының көлемдік шығысы кемінде 0,000166 текше м/с (100 л/мин) қамтамасыз етеді.
110. Гидро комбинезондар мен гидро костюмдерге қойылатын талаптар:
1) гидро комбинезондар мен гидро костюмдер кемінде төрт еселік бойға дайындалады.
Әрбір бойда дене толықтығы бойынша өзгерістерді ескеретін кемінде екі модификация болады;
2) жеңіл сүңгуір жарағы жинағына кіретін «құрғақ» түрдегі гидро комбинезондардың құрылымы мыналарды:
сүңгуірдің киген жылудан қорғағыш құралдарын пайдалануды;
гидро комбинезон ішіндегі бастапқы артық қысым 0,000118 МПа (0,0012 кгс/шаршы см) болғанда герметикалықты; 300 с ішінде қысымды 0,00034 МПа (0,0035 кгс/шаршы см) аспай төмендетуді;
сүңгуірдің денесін қажайтын өрескел жіктерді болмауын;
бүкпелердің түзілу мүмкіндігін болдырмауды;
комбинезон ішіндегі кеңістіктегі қысымды реттеуді;
сүңгуірдің еркін қозғалуын;
сүңгуірдің қолы жететін аймаққа бұрандаларды, клапандарды және оларды су астында жедел басқару үшін қажетті өзге де жиынтық бірліктерді орналастыруды;
байланыс құралдарын пайдалануды қамтамасыз етеді;
3) гидро комбинезон мыналарды:
артық қысым кемінде 0,0098 МПА (0,1 кгс/шаршы см) болғанда ауа өткізбеуді;
қысым кемінде 0,0098 МПА (0,1 кгс/шаршы см) болғанда су өткізбеуді;
ауа температурасы 243 К (минус 30 градус С) болғанда аязға төзімділікті;
сүңгуір ағзасына зиянды әсерді болдырмауды қамтамасыз ететін эластикалық материалдардан дайындалады;
4) жеңіл сүңгуір жарағы жинағына кіретін «дымқыл» түрдегі гидро комбинезон мен гидро костюмнің құрылымы мыналарды:
бүкпелер мен «әуе қалташалардың» түзілуісіз сүңгуір денесінің (дене пішінін қайталап) тығыз кигізуді;
сүңгуірдің су астында және бетінде еркін қозғалуын;
сүңгуір денесінде жергілікті қысымды болдырмауды;
жұмыс істейтін сүңгуірде (судың гидро статистикалық әсерінен гидро костюмнің ұяшық материалын тығыздау есебінен) кері қалқыма мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
5) «дымқыл» түрдегі гидро комбинезондар мен гидро костюмдер астарланған (берік қабат) кеуек жылу өткізбейтін қабаттың екі жақты гидро оқшаулағышы бар және сүңгуірдің ағзасына зиянды әсер етуді болдырмайтын эластикалық кеуек материалдардан дайындалады.
Гидро комбинезон мен гидро костюмнің сыртқы қабаттарының материалында көлемі 0,1-1,0 текше мм тұйық жолдар болады.
Гидро комбинезондар мен гидро костюмдерді дайындау және аралық жылу оқшаулағыш қабаты үшін қолданылатын көп қабатты материалдарда тұйық немесе газ өткізетін жолдарды пайдалануға болады.
Сыртқы және ішкі қабаттар астарларының материалы жұмсақ және бойлай және көлденең бағыттарда (негіз бен тұғырдағы астардың матасы үшін) созылмалы болады;
6) сүңгуір жейделерінің, гидро комбинезондар мен гидро костюмдердің тозуға тұрақтылығын арттыру үшін шынтақ таяныштар, тізе таяныштар және леялар қарастырылады.
111. Сүңгуір дулығасына қойылатын талаптар:
1) сүңгуір дулығасының құрылымы мыналарды:
дулыға ішіндегі бастапқы артық қысым кемінде 0,04903 МПа (0,5 кгс/шаршы см) болғанда герметикалықты, 1800 с ішінде қысымның 0,0049 МПа (0,05 кгс/шаршы см) төмендеуін;
сүңгуірдің басын энергиясы кемінде 55 Дж соққы жүктемесінен қорғауды;
сүңгуірдің тыныс алуы үшін ауа, оттегі немесе тыныс алу қоспасын (бұдан әрі-газ ортасы) беруді;
ең терең тереңдікке газ ортасымен берілетін әрбір 0,09807 МПа (1 кгс/шаршы см) қысымға қалыпты атмосфералық қысыммен 0,002 текше м/с (120 л/мин) газ ортасын барынша көбірек жұмсағанда, қалыпты жұмыс жағдайында және авариялық жағдайларда дулығаның газ көлемін желдетуді;
дулығаның өздігінен ажырауын болдырмайтын бекіткішті сүңгуір жейдесіне мықтап, тез және ыңғайлы бекітуді;
дулығаның ішіне байланыс құралдарын (телефонды, микрофонды) орнатуды;
дулығаға дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қорғағыш шамдарды орнатуды;
алдыңғы иллюминатордың өздігінен ашылуын (бұралуын) болдырмауды;
белгі беру кабелін қосатын сүңгуір муфтасы арқылы сүңгуір дулығасына қосуды;
сүңгуірді сүңгуір күркесінде немесе су асты сүңгуір аппаратында болған кезде дулығасынан ілмектеуді;
сүңгуір жеңі жарылған немесе дулығаға берілетін газ ортасы тоқтаған кезде дулығадан газ көлемінің шығу мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етеді;
2) дулыға жұмыс істеген жағдайда иллюминатор шыныларының булануына қарсы құралмен жарақталады;
3) сүңгуір дулығасының ішінде сыртқы жағынан қатты шығыңқы бөліктері болады.
112. Сүңгуір маскасына және жартылай маскасына қойылатын талаптар:
1) сүңгуірдің бетін оқшаулауға және қорғауға арналған сүңгуір маскасының құрылымы мыналарды:
бетке масканы кию кезінде герметикалықты;
масканы дулығамен бірге пайдалану кезінде дулыға астынан көлемнен тыныс алу жолдарын оқшаулауды;
тыныс алу өнімдерін жоюды;
байланыс құралдарын орналастыруды;
су астында жұмыс істеу кезінде масканың сырғуын болдырмайтын сүңгуірдің басының сыртқы бөлігінде масканы ұстап тұруды;
бақылайтын әйнекті түзілген ылғалдан тазартуды немесе оның булануын болдырмауды;
ортаңғы құлақ жолдарын «үрлеу» мүмкіндігін;
сүңгуірдің басында жергілікті қысымды болдырмауды;
иллюминатордың өздігінен ашылу мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етеді;
2) сүңгуір маскасы 243 К (минус 30 градус С) температурада аязға төзімділікті қамтамасыз ететін материалдардан жасалады;
3) сүңгуірдің көзі мен мұрнын судан оқшаулауға және сақтауға арналған сүңгуірдің жартылай маскасының құрылымы мыналарды:
оны бетке кию кезінде герметикалығын;
су астында жұмысты орындау кезінде өздігінен сырғуын болдырмайтын сүңгуірдің басының сыртқы бөлігінде ұстап тұруды;
ортаңғы құлақ жолдарын «үрлеу» мүмкіндігін;
сүңгуірдің басында жергілікті қысымды болдырмауды қамтамасыз етеді;
4) сүңгуірдің жартылай маскасы 243 К (минус 30 градус С) температурада аязға төзімділікті қамтамасыз ететін материалдардан жасалады.
113. Сүңгуір ботылары мен галоштарына қойылатын талаптар:
1) жеңіл сүңгуір жарағының жинағына кіретін сүңгуір ботыларының құрылымы мыналарды:
гидро комбинезонның немесе гидро костюмдердің мерзімінен бұрын тозуынан қорғауды;
табанға және аяқтың басқа бөліктеріне жергілікті қысымды болдырмауды қамтамасыз етеді;
2) желдетілетін жарақтың жинағына кіретін сүңгуір галошының құрылымы мыналарды:
сүңгуірдің аяғына мықтап бекітілуін;
сүңгуір жейдесінің шұлығын ескіруден және мерзімінен бұрын тозуынан қорғауды;
табанға және аяқтың басқа бөліктеріне жергілікті қысымды болдырмауды қамтамасыз етеді.
Қоныш пен сүңгуір галоштарын бекітетін белбеулер үшін қолданылатын материалдарға су тигізбейді, созбайды және 271 бастап 313 К дейінгі (минус 2 бастап плюс 40 град. С дейін) температура диапазонында суда төзімділігін жоғалтпайды.
Сүңгуір галоштарында галоштың салмағы көрсетіледі.
114. Табан қанатшаларға қойылатын талаптар:
1) табан қанаттарының құрылымы мыналарды:
жүзу және жұмысты орындау кезінде аяқтан өздігінен сырғуын болдырмауды;
аяқтың табанына жергілікті қысымды болдырмауды;
мақсатына қарай, жалаң басқа немесе үстінен гидро комбинезонды (гидро костюмді) кию мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
115. Жылу оқшаулағыш киімге қойылатын талаптар:
1) жылу оқшаулағыш киім сүңгуір денесінің бүкпесіз тығыз орналасуын және сүңгуірдің еркін қозғалуын шектеуді және ағзаны су астына жұмыс істеу кезінде кемінде 271 К (минус 2 град. С) температурада салқындаудан қорғауды қамтамасыз етеді;
2) жылу оқшаулағыш сүңгуір киімінің матасы жұмсақ және эластикалық болады, теріні түршіктірмейді және электрлік желісі 200 В/см астам статикалық электрдің жиналуына жол бермейді;
3) сүңгуір киімінің іш киімге арналған матасы сүңгуірдің денесіне (терісіне) жабыспайды және тері қабынан ылғалдың булануын қамтамасыз етеді (түкті қабаты болады).
116. Сүңгуір қолғаптары мен биялайларына қойылатын талаптар:
1) герметикалық сүңгуір қолғаптары мен биялайлары («теңіз» түріндегі сүңгуір жарағынан басқа) сүңгуірдің қолының білегін суықтан, механикалық зақымданудан және электр тогымен зақымданудан қорғайды;
2) герметикалық сүңгуір қолғаптары мен биялайларының құрылымы саусақтар мен қолдың білегінің мүмкіндігінше қозғалуын қамтамасыз етеді;
3) герметикалық сүңгуір қолғаптары мен биялайлары саусақтар жартылай бүгілген күйде қолдың көлемдік үлгісінің нысаны және алақаннан бас бармақпен 40 градусқа бөлінуі бойынша сәйкес болады;
4) сүңгуір қолғаптары бес саусақты немесе үш саусақты болады.
Бұл ретте қолғаптың ішкі алақан жағы кедір-бұдырлы болады.
117. Сүңгуір жүктеріне қойылатын талаптар:
1) желдетілетін жарақ жинағына кіретін сүңгуір жүгінің құрылымы су астына жұмыс істеу кезінде жүктердің өздігінен сырғуын немесе жоғалуын болдырмайтын бекіткішті қамтамасыз етеді;
2) жеңіл сүңгуір жарағының жинағына кіретін белдік және қалта сүңгуір жүктерінің құрылымы мыналарды:
су астында атқарылатын жұмыстың сипатына байланысты сүңгуірдің жүзуін реттеуді;
су астында жұмыс істеу кезінде жүктердің өздігінен сырғуын немесе жоғалуын болдырмайтын жүк белбеуіне немесе жүк қалталарына бекітуді қамтамасыз етеді;
сүңгуір жүктерінде үйкеліс нәтижесінде жүк белбеуі мен жарағының тозуына әкелетін үшкір ұштары мен айырлары болмайды.
118. Сүңгуір белдігіне қойылатын талаптар:
желдетілетін жарақтың жинағына кіретін сүңгуір белбеуінің құрылымы мыналарды:
сүңгуірге кигізу кезінде ұзындықты реттеуді;
күрделі операцияларды жүргізбей-ақ оның арқандарын жылдам қосуды және ажыратуды;
арқандарды мықтап қосуды қамтамасыз етеді;
2) сүңгуір белдігін дайындау үшін қолданылатын материал суға тигенде мықты және эластикалық болады, кептірген кезде қабыршақталмайды.
Жұмыс жүктемесінің әсерінен ұзарту бастапқы ұзындықтан 3 % аспайды;
3) сүңгуір белдігінің құрамдас бөліктері мен бөлшектерінде кемінде 1765,2 Н (225 кгс) күшпен төзімдігіне сынау кезінде қалдық деформация болмайды.
119. Жүк белдігіне қойылатын талаптар:
1) белдік жүктерін бекітуге арналған жүк белдігінің құрылымы мыналарды:
сүңгуірге кигізу кезінде ұзындықты реттеуді;
арқандарын мықтап қосуды;
авариялық жағдайларда арқандарды жылдам ажыратуды қамтамасыз етеді;
2) жүк белдігінің ені 40-50 мм;
3) жүк белдігін дайындау үшін қолданылатын материал суға тигенде мықты және эластикалық болады, кептірген кезде қабыршақталмайды.
120. Белгі беру арқанына қойылатын талаптар:
белгі беру арқандары үшін шеңбер бойынша ұзындығы кемінде 30 және 65 мм желдетілетін түрдегі сүңгуір жарағы үшін арқанның бөлу жүктемесі кемінде 2943,3 Н (300 кгс) және жеңіл сүңгуір жарағы үшін кемінде 1475 Н (150 кгс) өсімдіктен жасалған немесе синтетикалық арқан қолданылады;
2) арқан суға тигенде мықты болады, тарқатылмайды және ұсақ түйірлер мен шиыршықтары болмайды;
3) жұмыс жүктемесінің әсерінен арқанды ұзарту бастапқы ұзындықтан 6 % аспайды;
4) белгі беру арқаны ретінде телефон кабелін қолдану кезінде оның төзімділігі 120-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгеннен кем болмайды.
121. Сүңгуір табанына қойылатын талаптар:
1) сүңгуір табанының құрылымы мыналарды:
өсімдіктен жасалған және синтетикалық арқандарды кесуді және кесу құралын қолдануды қажет ететін жұмыстарды орындауды;
қабынан өздігінен құлап түсу мүмкіндігін;
қабынан бір қолмен жылдам алып шығуды қамтамасыз етеді;
2) сүңгуір табанында сүңгуір жарағына немесе сүңгуірдің аяғына бекітуге арналған құрылғы болады;
3) қынабымен бірге табанның массасы-1,3 кг.
122. Авариялық қалқымаға қойылатын талаптар:
1) авариялық қалқыма құралдарының құрылымы мыналарды:
қалқыманың кемінде 73,54 Н (7,5 кгс) арттыруды;
қалқып шыққан сүңгуірді су бетінде ұстауды;
қалқып шыққан сүңгуірдің басын бетінен жоғары қаратып тұрақты ұстауды;
өздігінен іске қосылу мүмкіндігін болдырмауды;
қалқыма құрылғысын 3 с аспайтын уақытқа іске қосуды;
қалқыманың тұрақты жылдамдығын;
қалқыма камерасын зақымданудан қорғауды және су бетіне жақындауына байланысты қоршаған судың гидравликалық қысымы өзгерген кезде қалқыма камерасының тұрақты көлемін сақтауды қамтамасыз етеді;
2) қалқыма құралдарының тетіктеріне және оларды автоматтандыру дәрежесіне қойылатын талаптар белгілі бір бұйым түрлеріне (тұрпаттарына) арналған нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетіледі;
3) сүңгуірдің автономды қалқыма құралдары гидро комбинезонның (гидро костюмнің) құрылымына кіруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |