Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсiптiк даярлығының үлгiлiк бағдарламасын бекiту туралы



бет3/36
Дата12.06.2016
өлшемі2.45 Mb.
#129658
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

4 Параграф. Ұшу даярлықтары

      79. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетiлген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегi даярлықтардан өткеннен кейiн ғана жiберiледi.


      80. LAPL (А) үмiткердiң ұшақта кемi 30 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның iшiнде:
      1) Жеке өзiнiң ұшу даярлығын тексеру үшiн ұшақта пилот-нұсқаушымен 20 сағат; сонымен қатар кемi 1,5 сағат ең төменгi жылдамдықта ұшу жаттығуларын орындау және кемi 1,5 сағат құралдармен жаттығу өткiзу;
      2) 6 сағат жеке ұшуы, оның кемi 3 сағаты маршрут бойынша ұшу, оның iшiнде 1 (бiр) маршруттың қашықтығы 150 км-дан кем болмауы және өзi ұшып шыққан әуежайдан айрықша бөлек басқа әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы керек.
      81. Ұшу даярлығы бағдарламасы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиiс, сондай-ақ оның құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның iшiнде жүктеу есептеулерi, ұшу ауданының әуе және метеорологиялық жағдайы туралы нұсқаулық, ұшуалды даярлық және қабықшасынада қызмет көрсетулер;
      2) экипаж бен жолаушыларға нұсқау беру;
      3) қабықты ыстық ауамен толтыру және адам топтарын басқару;
      4) аэростатты сыртқы көзге көрiнетiн бағдарларды пайдалана отырып басқару;
      5) желдiң әртүрлi жағдайында ұшу;
      6) кiшi және жоғары биiктерге ұшу;
      7) желдiң әртүрлi жағдайларында жерге қондыру;
      8) көзбен көрiнетiн бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және сандық навигациялық құралдарды қолдану;
      9) төтенше операциялар кезiнде ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет, оның iшiнде борт жабдықтарының iстен шығуының ұқсас кезiнде;
      10) әуе қозғалысы қызмет көрсетулерi ережелерiн, байланыс және фразеологияласын сақтау.
      Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбiр жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлiгiн ұдайы арттырып отыруды талап етедi: нақты жағдайды сезiну және ұшу кезiндегi байқағыштық, келiп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешiм қабылдау.
      82. LAPL (А) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесiнде ұшақ пилоты тиiстi типтегi әуе кемесiнiң командирi ретiнде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауiпсiз түрлерiн орындай алатын болуы тиiс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателiктер факторларын анықтап бiлуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесiн оның шектеулi сипаттамалары кезiнде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешiм қабылдауға және ұшуды бiлiктiлiкпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы бiлiмдерiн пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшiн әуе кемесiн үздiксiз басқарып отыруға.

6 Бөлiмше. Тiкұшақта ұшатын жеңiл авиация пилоттарының бастапқы даярлық бағдарламасы
(Light aircraft pilot licenсe LAPL (Н)

1 Параграф. Теориялық даярлық

      83. Мiндеттi теориялық даярлық жеке пилоттардың тiкұшақта сертификатталған неғұрлым ауыр 2250 кг дейiн салмақпен ұшу бойынша жалпыға ортақ болып табылады.


      84. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлiнген оқу жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемi 150 сағаттан кем болмауы керек.
      85. Авиациялық оқу орталығы нақты тiкұшақ типiне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауiпсiздiгiн арттыру талаптарына негiзделген болса, оқу сағаттарының көлемi мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Тiкұшақта ұшатын жеңiл авиация пилоттарының теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгiлiк бағдарламаның 7-қосымшасында берiлген.
      86. LAPL(Н) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үмiткер төмендегiдей саладағы бiлiмдердi игерген болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметтерi жөнiнде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеңiл авиация пилотының куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi (Light aircraft pilot license-LAPL);
      ұшу негiздерi;
      осы әуе кемесi типiндегi әуе кемелерiнiң конструкцияларын жалпылай бiлу;
      күштiң қондырғыларды, жүйенi және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптерi;
      осы әуе кемесi типiндегi және олардың күштiк қондырғыларын пайдалану кезiндегi шектеулер;
      ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәлiметтерi;
      ұшу сипаттарына, салмақ есептеулерi мен ауырлық кiндiгiне (орталығы) жүктердi жүктеу мен бөлудiң әсерi;
      пайдалану құжаттарында көрсетiлген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды iс-тәжiрибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелерi бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкiндiктерi, оның iшiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау принциптерi;
      авиациялық метеорологиялық мәлiметтердi, карталарды және болжамдарды түсiну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртiбi, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiк өлшегiш қондырғылардың өлшемдерiн өлшеу;
      аэронавигацияның тәжiрибелiк аспектiлерi (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсiлдерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану кезiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау тәсiлдерiн қолдану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      апатты жағдайда, оның iшiнде қауiптi метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесiнiң жол iздерiнiң турбуленттiгi және ұшуға қауiптi басқа құбылыстар кезiнде тиiсiнше сақтандыру шаралары мен әрекеттердi қолдану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелерi бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгiзу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
      ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргiзу.

2 Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу
құрылғысы

      87. Осы бағдарлама әуе кемесi типiндегi кешендi жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткiзiлетiн тiкұшақтың кабинасында жаттығу құрылғының неғұрылым аз көлемiн белгiлейдi.


      88. Тiкшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемi 6 сағаттан кем болмауы тиiс.
      89. Тiкшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөлiп қарастырады.
      Тапсырма № 1. Тiкұшақты пайдалану
      Тапсырма № 2. Тiкұшақтың ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезiндегi айрықша жағдайлар
      90. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемiн көбейтуге құқы бар.

3 Параграф. Жердегi даярлық

      91. Жердегi жаттығулардың ең төменгi көлемi – 16 сағат.


      Жердегi даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) әуежайда ұшу өндiрiсi бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерiмен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) ұшу ауданының метеорологиялық ерекшелiктерiн зерттеу;
      6) экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерiн зерттеу;
      8) пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерiн зерттеу;
      9) ұшу алдындағы даярлық жүргiзу ережелерiн зерттеу;
      10) ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгiлеу ережелерi;
      11) студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.

4 Параграф. Ұшу даярлықтары

      92. Студент-пилот 1, 2 и 3 параграфтарында көрсетiлген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегi даярлықтардан өткеннен кейiн ғана жiберiледi.


      93. LAPL (Н) үмiткердiң ұшақта кемi 40 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның iшiнде:
      1) Ұшу даярлығын тексеру үшiн ұшақта пилот-нұсқаушымен 20 сағат;
      2) 10 сағат жеке ұшуы, оның кемi 5 сағаты маршрут бойынша ұшу, оның iшiнде 1 (бiр) маршруттың қашықтығы 150 км-дан кем болмауы және өзi ұшып шыққан әуежайдан айрықша бөлек басқа әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы керек;
      3) 40 ұшу сағатының 34 сағатында студент-пилот Жеке пилот куәлiгiн алуға даярлығын тексеру үшiн қолданылып отырған тiкұшақ типiнде ұшып-қонуы тиiс.
      94. Ұшу даярлығы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиiс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның iшiнде тiкұшақ салмағы мен орталықтандыру есептеулерi, тiкұшақпен ұшу алдында тексеру және қызмет көрсетулер;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) тiкұшақты сыртқы көзге көрiнетiн бағдарлар бойынша басқару;
      4) шабуылдаулардың үлкен бұрыштарымен ұшу (ұшудың өте төменгi жылдамдығында);
      5) құлаудың бастапқы және үдей түсетiн кезеңдерiн анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
      6) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезiнде оны анықтау және қауiптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
      7) тiкұшақта қалыпты және бүйiрлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
      8) тiкұшақта максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергiлерден өту, шектеулi жолаққа қондыру);
      9) әуежайдан тыс жерлерде қондыратын орынды таңдау, қауiпсiздiк шаралары;
      10) көзбен көрiнетiн бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару және навигациялық құралдарды қолдану;
      11) жергiлiктi жағдайларды ескере отырып қалықтап ұшу;
      12) ұшудың айрықша жағдайлардағы әрекет және төтенше процедуралар, әуе қозғалысы қызмет көрсетулерi ережелерiн сақтау;
      13) шектеулi жолаққа қондыру; қону үшiн әуежайдан тыс жердi таңдау, айналып ұшу және қону кезiндегi қауiптер, мақтандыру шаралары;
      14) әуе қозғалысының қызмет көрсетулер ережелерiн, байланыс және фразеология процедураларын сақтау.
      95. Студентке алғаш рет бiр өзi ұшуға рұқсат бермес бұрын нұсқаушы студенттiң радиобайланысты қолдануын қамтамасыз етуi тиiс.
      96. Студентке сәтсiз ұшу болса, қайғылы оқиғаның орын алу қауiптiлiгiн түсiндiру және барынша мұқият болуға ықпал ету үшiн, минимумды орындай алмай қалған жағдайда қандай салдарға тап болатынын көрсету үшiн мүмкiндiгiнше ұшудың моделiн жасап беруi керек.
      97. Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбiр жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлiгiн ұдайы арттырып отыруды талап етедi: нақты жағдайды сезiну және ұшу кезiндегi байқағыштық, келiп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешiм қабылдау.
      98. PPL(Н) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесiнде тiкұшақ пилоты тиiстi типтегi әуе кемесiнiң командирi ретiнде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауiпсiз түрлерiн орындай алатын болуы тиiс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателiктер факторларын анықтап бiлуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесiн оның шектеулi сипаттамалары кезiнде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешiм қабылдауға және ұшуды бiлiктiлiкпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы бiлiмдерiн пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшiн әуе кемесiн үздiксiз басқарып отыруға.

7 Бөлiмше. Ұшақтарда ұшатын жеке пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы
(Рrivatе pilot licenсe–PPL (A)

1 Параграф. Теориялық даярлық

      99. Мiндеттi теориялық даярлық ұшу жарамдылығы сертификаты бар ұшақтарда ұшатын барлық жеке пилоттар үшiн жалпыға ортақ болып табылады.


      100. Теориялық даярлық оқу сағаттарын пәндер мен тақырыптарға бөлiп қарастыратын оқу жоспарына сәйкес өткiзiледi.
      Жалпы оқу сабақтарының көлемi 150 сағаттан кем емес.
      101. Авиациялық оқу орталығы нақты ұшақ типiне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауiпсiздiгiн арттыру талаптарына негiзделген болса, оқу сағаттарының көлемi мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Ұшақтарда ұшатын жеке пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгiлiк бағдарламаның 8-қосымшасында берiлген.
      102. PPL (A) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үмiткер төмендегiдей саладағы бiлiмдердi игерген болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметтерi жөнiнде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеке пилот куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi (Privat pilot license-PPL);
      ұшу негiздерi;
      осы әуе кемесi типiндегi әуе кемелерiнiң конструкцияларын жалпылай бiлу;
      күштiң қондырғыларды, жүйенi және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптерi;
      осы әуе кемесi типiндегi мен олардың күштiк қондырғыларын пайдалану кезiндегi шектеулер;
      ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәлiметтерi;
      ұшу сипаттарына, салмақ есептеулерi мен ауырлық кiндiгiне (орталығы) жүктердi жүктеу мен бөлудiң әсерi;
      пайдалану құжаттарында көрсетiлген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды iс-тәжiрибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелерi бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкiндiктерi, оның iшiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау принциптерi;
      авиациялық метеорологиялық мәлiметтердi, карталарды және болжамдарды түсiну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртiбi, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiк өлшегiш қондырғылардың өлшемдерiн өлшеу;
      аэронавигацияның тәжiрибелiк аспектiлерi (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсiлдерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану кезiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау тәсiлдерiн қолдану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      апатты жағдайда, оның iшiнде қауiптi метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесiнiң жол iздерiнiң турбуленттiгi және ұшуға қауiптi басқа құбылыстар кезiнде тиiсiнше сақтандыру шаралары мен әрекеттердi қолдану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелерi бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгiзу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
      ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргiзу.

2 Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу
құрылғысы

      103. Осы бағдарлама әуе кемесi типiндегi кешендi жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткiзiлетiн ұшақтың кабинасында жаттығу құрылғысының неғұрылым аз көлемiн белгiлейдi.


      104. Ұшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемi 6 сағаттан кем болмауы тиiс.
      105. Ұшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөлiп қарастырады.
      Тапсырма № 1. Ұшақты пайдалану
      Тапсырма № 2. Ұшақтың ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезiндегi айрықша жағдайлар
      106. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемiн көбейтуге құқы бар.

3 Параграф. Жердегi даярлық

      107. Жердегi жаттығулардың ең төменгi көлемi – 16 сағат.


      Жердегi даярлық жаттығуларының тақырыптары:
      1) оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      2) әуежайда ұшу өндiрiсi бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      3) ұшу ауданын зерттеу;
      4) ӘҚО диспетчерiмен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      5) ұшу ауданының метеорологиялық ерекшелiктерiн зерттеу;
      6) экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      7) апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерiн зерттеу;
      8) пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерiн зерттеу;
      9) ұшу алдындағы даярлық жүргiзу ережелерiн зерттеу;
      10) ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгiлеу ережелерi;
      11) студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру

4 Параграф. Ұшу даярлықтары

      108. Студент-пилот 1, 2. и 3 параграфтарында көрсетiлген алғашқы ұшу даярлық бағдарламасына теориялық, жаттығу конструкциялары және жердегi даярлықтардан өткеннен кейiн ғана жiберiледi.


      109. PPL (А) үмiткердiң ұшақта кемi 45 сағат ұшу даярлығы болуы керек, оның iшiнде:
      1) Жеке өзiнiң ұшу даярлығын тексеру үшiн ұшақта пилот-нұсқаушымен 25 сағат; сонымен қатар кемi 2 сағат ең төменгi жылдамдықта ұшу жаттығуларын орындау және кемi 3 сағат құралдармен жаттығу өткiзу;
      2) 10 сағат жеке ұшуы, оның кемi 5 сағаты маршрут бойынша ұшу, оның iшiнде 1 (бiр) маршруттың қашықтығы 270 км-дан кем болмауы және өзi ұшып шыққан әуежайдан айрықша бөлек басқа әуежайға қонуы және толықтай тоқтауы керек.
      110. Ұшу даярлығы бағдарламасы қатерлер және қателер факторларын басқару факторларын есепке алуы тиiс, сондай-ақ оны құрамында:
      1) ұшу алдындағы даярлық, оның iшiнде ӘК жүктеу есептеулерi мен орталығық бiлiгi, ӘК ұшуалды даярлығы мен қызмет көрсетулер;
      2) қозғалыс және ұшулардың әуежайлық сызбаларын, соқтығысып қалудан сақтандырудың шаралары мен процедураларын зерттеу;
      3) ӘК сыртқы көзге көрiнетiн бағдарлар бойынша басқару;
      4) құлаудың бастапқы және үдей түсетiн кезеңдерiн анықтау және одан шығару, ауа ағысына тап болудың алдын алу;
      5) ұшуды өте жоғары әуе жылдамдығында басқару, жоспарлау кезiнде оны анықтау және қауiптен шығару, шұғыл бұрылыс пен одан шығару;
      6) қалыпты және бүйiрлеп жел соғып тұрған кезде ұшу және қону;
      7) ӘК максималды техникалық сипаттамалар (қысқа жолақтан ұшу және кедергiлерден өту, шектеулi жолаққа қондыру);
      8) құралдар бойынша ұшу, оның iшiнде 180о кiлт бұрылу;
      9) көзбен көрiнетiн бағдарларды пайдалану бойынша маршрутпен ұшу, жолды есептеп шығару, сандық және радионавигациялық құралдарды қолдану;
      10) төтенше операциялар кезiнде айрықша жағдайда ұшу әрекет ету, оның iшiнде борт жабдығының iстен шығуын да қарастыру;
      11) бақылау әуежайна ұшып келу және кету, соқпай өте шығу, әуе қозғалысына қызмет көрсетулер ережелерiн сақтау, байланыс және фразеологиялар процедуралары.
      Оқу-ұшу бағдарламаларының әрбiр жаттығулары студент-пилоттан ұшу шеберлiгiн ұдайы арттырып отыруды талап етедi: нақты жағдайды сезiну және ұшу кезiндегi байқағыштық, келiп жатқан ақпараттарды жан-жақты талдау және оңтайлы шешiм қабылдау.
      111. PPL(А) курсы бағдарламасын аяқтау нәтижесiнде пилот тиiстi типтегi әуе кемесiнiң командирi ретiнде ұшу мен маневрлардың неғұрлым қауiпсiз түрлерiн орындай алатын болуы тиiс, сондай-ақ:
      қатерлер мен қателiктер факторларын анықтап бiлуге және бақылауда ұстауға;
      әуе кемесiн оның шектеулi сипаттамалары кезiнде басқаруға;
      барлық маневрларды жұмсақ және нақты орындауға;
      дер уағында шешiм қабылдауға және ұшуды бiлiктiлiкпен бақылап отыруға;
      аэронавигация саласындағы бiлiмдерiн пайдалануға;
      ұшу сызбасын немесе маневрларды нақты орындау үшiн әуе кемесiн үздiксiз басқарып отыруға.

8 Бөлiмше. Тiкұшақтарда ұшатын жеке пилоттардың бастапқы даярлық бағдарламасы
(Рrivate pilot licenсe PPL (Н))

1 Параграф. Теориялық даярлық

      112. Мiндеттi теориялық даярлық бiр пилот басқаруы сертификацияланған, ұшу салмағына шектеу қойылмаған тiкұшақтарға жеке пилоттар даярлау бойынша жалпыға ортақ болып табылады.


      113. Теориялық даярлық оқу сағаттары пәндер мен тақырыптар бойынша бөлiнген оқу жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
      Оқу сабақтарының жалпы көлемi 150 сағаттан кем болмауы керек.
      114. Авиациялық оқу орталығы нақты тiкұшақ типiне арналған даярлық бағдарламасын жасаған кезде, егер ол ұшу қауiпсiздiгiн арттыру талаптарына негiзделген болса, оқу сағаттарының көлемi мен пәндер санын ұлғайтуға құқылы.
      Тiкұшақтарда ұшатын жеке пилоттардың теориялық даярлығы бойынша пәндер тақырыбы осы Үлгiлiк бағдарламаның 9-қосымшасында берiлген.
      115. PPL (Н) теориялық даярлау курсын аяқтаған соң үмiткер төмендегiдей саладағы бiлiмдердi игерген болуы керек:
      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметтерi жөнiнде ұшуға қатысты заңдарын, ИКАО конвенциясын, жеке пилоттың куәлiгiн иеленгендердiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi (Privatе pilot license-PPL(Н));
      ұшу негiздерi;
      осы әуе кемесi типiндегi әуе кемелерiнiң конструкцияларын жалпылай бiлу;
      күштiң қондырғыларды, жүйенi және аспаптық жабдықтарды пайдалану және олардың жұмыс принциптерi;
      осы әуе кемесi типiндегi мен олардың күштiк қондырғыларын пайдалану кезiндегi шектеулер;
      ұшуды пайдалану немесе соған баламалас құжаттардың нұсқаулықтары бойынша пайдалану мәлiметтерi;
      ұшу сипаттарына, салмақ есептеулерi мен ауырлық кiндiгiне (орталығы) жүктердi жүктеу мен бөлудiң әсерi;
      пайдалану құжаттарында көрсетiлген ұшу, қону және ұшу-техникалық сипаттамаларды iс-тәжiрибеде пайдалану;
      ұшу алдындағы даярлық және ұшудың көзбен шолу ережелерi бойынша ұшу маршруттарын жоспарлау және ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
      әуе қозғалыстарын ұйымдастыру және қызмет көрсету;
      адамның мүмкiндiктерi, оның iшiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау принциптерi;
      авиациялық метеорологиялық мәлiметтердi, карталарды және болжамдарды түсiну және пайдалану, метеорологиялық ақпараттарды алу және пайдалану тәртiбi, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiк өлшегiш қондырғылардың өлшемдерiн өлшеу;
      аэронавигацияның тәжiрибелiк аспектiлерi (ұшақты басқару) және жолды есептеу тәсiлдерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану кезiнде қатерлер мен қателiктер факторларына бақылау жасау тәсiлдерiн қолдану;
      аэронавигациялық құжаттарды, авиациялық кодтарды және қысқартуларды пайдалану;
      апатты жағдайда, оның iшiнде қауiптi метео жағдайды айналып өту мақсатында, әуе кемесiнiң жол iздерiнiң турбуленттiгi және ұшуға қауiптi басқа құбылыстар кезiнде тиiсiнше сақтандыру шаралары мен әрекеттердi қолдану;
      көзбен шолу ұшуларының ережелерi бойынша қолданылатын байланыстар мен фразеологияны енгiзу, байланыс болмай қалған жағдайдағы әрекет.
      ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi техникалық қызмет көрсету процедуралары, жедел және мерзiмдiк қызмет көрсетулер, жөндеу жұмыстары, техникалық құжаттарды жүргiзу.

2 Параграф. Құрылғымен жаттығу немесе кабинадағы жаттығу құрылғысы

      116. Осы бағдарлама әуе кемесi типiндегi кешендi жаттығу құрылғысы болмаған жағдайда, ұшу оқытулары өткiзiлетiн тiкұшақтың кабинасында жаттығу құрылғысының неғұрылым аз көлемiн белгiлейдi.


      117. Тiкұшақтың кабинасында оқытылатын жалпы жаттығулар көлемi 6 сағаттан кем болмауы тиiс.
      118. Тiкұшақтың кабинасында жаттығу бағдарламасы жаттығуларды жеке тапсырмалар бойынша бөлiп қарастырады.
      Тапсырма № 1. Тiкұшақты пайдалану
      Тапсырма № 2. Тiкұшақтың ұшу техникасы
      Тапсырма № 3. Ұшу кезiндегi айрықша жағдайлар
      119. Пилот-нұсқаушының тапсырмалар бойынша жаттығу көлемiн көбейтуге құқы бар.

3 Параграф. Жерде даярлау

      120. Жердегi жаттығулардың ең төменгi көлемi – 16 сағат.


      1) жердегi даярлық жаттығуларының тақырыптары;
      2) оқу-ұшу даярлықтары бағдарламасымен танысу;
      3) әуежайда ұшу өндiрiсi бойынша нұсқаулықты зерттеу;
      4) ұшу ауданын зерттеу;
      5) ӘҚО диспетчерiмен арадағы радиоалмасу фразеологияларын өңдеу;
      6) ұшу ауданының метеорологиялық ерекшелiктерiн зерттеу;
      7) экипаждың өзара әрекет ету және жұмыс технологиясы бойынша нұсқаулығын зерттеу;
      8) апаттық-құтқару жабдықтары мен оларды қолдану ережелерiн зерттеу;
      9) пилоттың жерде және техникалық қызмет көрсетулерiн зерттеу;
      10) ұшу алдындағы даярлық жүргiзу ережелерiн зерттеу;
      11) ұшу картасын даярлау. Көзбен шолу арқылы бағыт белгiлеу ережелерi;
      12) студент-пилоттың жаттығу ұшуларын орындауға шығу даярлығын тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет