4 Параграф. Ұшуға даярлық
121. Студент-пилот теориялық, жаттығу және 1, 2 және 3 параграфтарында көрсетiлген жердегi дайындықтарды өткеннен кейiн бастапқы ұшу даярлық бағдарламасына жiберiледi.
122. PPL (Н) талапкер жазғы дайындықта тiкұшақта 45 сағаттан кем емес шабуылдан (ұшудан) өтуi тиiс, соның iшiнде ең кем дегенде:
1) 25 сағат өздiгiнше ұшуға дайындығын тексеретiн, тiкұшақта пилот-нұсқаушымен ұшу;
2) 10 сағат өздiгiнен ұшу, соның iшiнде 5 сағат маршрут бойынша өздiгiнен ұшу, сондай-ақ оның 1 (бiр) сағаты ұшқан аэродромнан өзгеше 2 әртүрлi аэродромдарда толық тоқтағанға дейiнгi, ұзақтығы 185 км кем емес маршрут бойынша ұшу;
3) ұшу даярлықтың 45 сағатының 35 сағаты студент-пилоттың жеке пилот Куәлiгiн алуға дайындығын тексеру үшiн қолданған тiкұшақтың сол түрiнде аяқталуы тиiс.
123. Ұшу дайындықта қауiп-қатер және жаңылыс факторларын басшылыққа алу қағидаларын ескере отыру керек, соның iшiнде:
1) ұшу алдындағы дайындық, соған қоса салмақ пен ортаны көздеу есебi, ұшар алдындағы тексеру мен тiкұшақтың қызметi;
2) қозғалыс пен ұшудың аэродромдық кестесiн бiлу, қақтығысудың алдын-алу бойынша iс-шаралары мен тәртiптерiн бiлу;
3) сыртқы көзбен шолып тұспалдауды қолданумен тiкұшақты басқару;
4) ұшу, тiкұшақты қондыру, салбырау режимi, абайлаушылық, салбырау режимiне қалыпты ауысы және одан шығу;
5) апаттық тәртiптер, автоайналымның негiздерi, қозғалтқыштың тоқтап қалуын ұқсату, егер бұл нақты тiкұшақтың типiне сай болса жердегi резонанстан шығу;
6) салбырау режимiнде жанына және кейiн ауысы, орнында айналу;
7) бастапқы дәрежеде құйындатып айналуды анықтау және қорытынды жасау;
8) автоайналыммен қону, қозғалтқыштың тоқтап қалуын ұқсатумен қону, амалсыздан қону тәжiрибесiн орындау;
9) жабдықтардың тоқтап қалуын ұқсату және қозғалтқыштың, басқару, электроникалық және гидровикалық жүйелердiң бұзылған жағдайындағы апаттықтық тәртiптер;
10) жантаюдың ең үлкен бұрышымен бұрылу;
11) ауысулар, жылдам тоқтау, қума желмен оңтайландыру, баурайларға қону және ұшу;
12) әртүрлi тапсырмаларды орындау үшiн дайындалмаған алаңдарды таңдауды ескере отыра, шектелген кеңiстiкте және шектелген қуаттылықпен жағдайды оңтайландыру;
13) тек қана негiзгi пилоттық құралдарды қолданумен ұшу, соның iшiнде аяқасты бұлтты жағдайға тап болуды ұқсатумен, 180 о бұрылуды орындау және әдеттен тыс жағдайдан шығу (бұл оқу түрi нұсқаушымен ғана орындалады);
14) көзбен шолып тұспалдауды, жолы есептеу және радионавигациялық құралдарды қолданумен маршрут бойынша ұшу; ауа-райының бұзылуын ұқсату және содағы керi қайту немесе амалсыздан қонуды орындау бойынша әрекеттер;
15) ұшып келу және ұшу, бақыланбалы аэродроммен транзиттiк ұшу, әде қозғалысына қызмет ету ережелерi, байланыс және фразеология тәртiптерi.
Студенттiң бiрiншi өзiндiк ұшуына рұқсат берердiң алдында, нұсқаушы студенттiң радиобайланыспен қолдана алуын қамтамасыз етуi тиiс.
124. Минимумнан төмен жағдайлардағы ұшудың салдарын студентке көрсету үшiн мүмкiндiк бойынша ұшуды модельдеудi қолданған дұрыс, сол арқылы оның пилоттардың әлеуеттi қатерерден құтылу түсiнiгi мен маңыздылығын бекiту.
Ұшу-оқу бағдарламасының әрбiр жаттығуы студент-пилот үшiн жазғы дайындығын үнемi жетiлдiру үшiн қажеттi, олар: оқиғанын нақты жағдайын түсiну және ұшудағы абайлаушылық, түскен ақпаратты жан-жақты талдау және оңтайлы шешiм қабылдау.
125. PPL(Н) бағдарламасы курсын аяқтағаннан кейiн тiкұшақтың пилоты әуе кемесiнiң командирi ретiнде, ұшу типiне сәйкес ұшулар мен лайықты қауiпсiз дәрежеде маневрларды орындауға қабiлетi болуы тиiс, сонымен қатар келесiлердi бiлуi тиiс:
қауiп-қатер мен жаңылыстар факторларын анықтау және бақылау;
әуе кемесiн оның сипаттамасынан шектеулi шамаларда басқару;
барлық маневрларды байсалды және нақты орындау;
мерзiмдi шешiм қабылдау және ұшудағы бақылауды бiлiктi орындау;
аэронавигация саласындағы бiлiмiн қолдану;
әр кез әуе кемесiн басқарғанда ұшу кестесi мен маневрлардың нақты орындалуын қадағалау.
9 Бөлiмше. PPL және LAPL курсы бойынша теориялық дайындықтың
тақырыптары
Ұшақтар мен тiкұшақтар
126. Кестеде белгiленген 'х' белгiсi бұл тақырыптың мiндеттi түрде оқытылу қажеттiгiн көрсетедi және ол осы тақырыптың барлық тармақшаларына қатысты. Пәндер тақырыбы осы Үлгiлiк бағдарламаның 10-қосымшасында берiлген.
10 Бөлiмше. Коммерциялы авиациялар пилоттары, сызықты пилоттар
үшiн және аспаптар бойынша ұшуды орындауға жiберiлу үшiн
бiлiктiлiктi алу үмiткерлерiне арналған теориялық дайындық
127. Әр куәлiк немесе бiлiктiлiк белгiлерiнiң мiндеттi тақырыптары «х» белгiсiмен белгiленген. «х» белгiсi негiзiнен әр оқу пәнi бойынша басы болып келедi, сондықтан бұл пәннiң барлық тақырыптары оқытылуы тиiс.
Кестеде берiлген тақырыптар мен пәндер куәлiк немесе бiлiктiлiк белгiлерiнiң мiндеттi тақырыптары осы Үлгiлiк бағдарламаның 11-қосымшасында берiлген.
11 Бөлiмше. Ұшу нұсқаушыларын бастапқы дайындау бағдарламасы
1 Параграф. Жалпы ережелер
128. Ұшу нұсқаушыларын бастапқы дайындау бағдарламасының мақсаты (FI, TRI/SFI, CRI,) азаматтық авиацияның пилоттар үйретуiнiң нұсқаушылары қызметi саласының әлемдiк тәжiрибеге сәйкес, бiлiктi дәрежеге дейiн қолданушы пилот куәлiгiн дайындау болып табылады. Курс бағдарламасы iзденушiлерде бiлiктi нұсқаушылықты дамытуға бағытталған.
129. Нұсқаушының дайындығын бағытқа түсу (FI, TRI/SFI, CRI,), үшiн тиiстi кепiлдеменi c алу мақсатыменмен саралауға кандидат, бағыттың басы, ӘК алдын ала пилоттар тексерiс алдыңғы ағымында 6 айларын өтедi немесе бiлiктi нұсқаушымен тренажер немесе азаматтық авиация уәкiлеттi орган тағайындалған емтихан алушымен, үшiн нұсқаушы жұмысқа қабiлеттiлiк олардың бағалау. Тексеру сәйкес ӘК түрi мен класына қатысты бiлiктiлiктi тексеру көлемiнде жүргiзiледi.
130. Ұшу нұсқаушылары сертификатын алуға үмiткерлер теориялық және ұшу нұсқаушылары курсынан өтедi.
131. Ұшу нұсқаушыларын дайындаудың негiзгi бағдарламалары негiзiнен адами факторларға, адам мен көлiк әрекетi кезiнде әр бөлiгiн анықтауға, экипаж ресурстарын, қауiп пен қателiк факторларын басқаруға бағытталған.
Нұсқаушыларды дайындау бойынша бағдарламасының мiндеттерi:
1) нұсқаушылардың техникалық бiлiмдерiн бағдарлама бойынша қайталау және толықтыру;
2) нұсқаушыны жердегi тәртiптер мен ұшу жаттығуларын үйретуге оқыту;
3) ұшу нұсқаушыларының бiлiмi жоғары дәрежеде болғанына кепiлдену;
4) ұшу нұсқаушыларын нұсқаушы негiздерiнiң қағидаттарына үйрету және оларды өзiнiң бiлiктiлiгiне (FI, TRI/SFI, CRI,) сәйкес қолдану.
5) Бағдарлама келесi мiндеттерге қол жеткiзу үшiн бағытталған:
қорларды дайындау және оқыту үшiн қолайлы жағдайларды жасау;
тәжiрибелiк оқыту әдiстерi;
жердегi дайындықтар орындалатын пән тақырыптары бойынша студенттердiң үлгерiмiн тексеру;
материалды меңгеру, бақылау үдерiсi және нәтижелердi талдау;
нәтижелi бiлiм беру жолдары, оқу процесiн жеңiлдетi жолдары;
студенттердiң бiлiмiн бағалау және тексеру, оқыту теориясы,
дайындық бағдарламасын өңдеу, оқу мақсатына қол жеткiзу үшiн уақытты басқару;
сабақты жоспарлау;
аудиториялық оқыту әдiсi;
оқыту оқу құралдарын қолдану;
оқушылардың қателерiн түзету және талдау;
қауiп-қатер факторын басқару және экипаж ресурстарын басқару принциптерiн есепке ала отыра, ұшу нұсқаушыларын дайындауға қатысты адам мүмкiндiктерi.
2 Параграф. Теориялық дайындық.
132. FI категориясына арналған теориялық дайындыққа келесiлер енедi.
1) тестiлеумен бiрге барлығы 125 сағат сыныпта оқыту, оның iшiнде – 25 сағаты оқыту және үйрету әдiстерiне, және 50 сағаттан кем емес сағаттар келесi пәндерге бөлiнедi:
авиациялық психология;
педагогика негiздерi;
ұшуды оқыту әдiсi.
2) FI рейтiнгi бар немесе болған пилоттар үшiн ӘК басқа түрiнде 50 сағаттан кем емес теориялық бағдарламалардан тұрады.
133. FI(MНG), FI(GR), FI(S) және FI(B) ұшу нұсқаушыларына арналған теоретиялық дайындық:
1) тестiлеумен бiрге барлығы 55 сағат сыныпта оқыту, оның iшiнде – 25 сағаты оқыту және үйрету әдiстерiне, және 20 сағаттан кем емес сағаттар келесi пәндерге бөлiнедi:
авиациялық психология;
педагогика негiздерi;
ұшуды оқыту әдiсi.
134. ӘК (TRI/SFI) кез-келген түрi бойынша нұсқаушыларға арналған теориялық дайындық:
1) FI ұшу нұсқаушылары бағдарламасы бойынша оқыту және үйрету әдiстемесi бойынша 25 сағаттық сыныпта оқыту;
2) техникалық бiлiмдi қайталау, сабақ жоспарларын дайындау және ӘК нақты бiр түрi бойынша оқу бiлiмдерiн дамыту бойынша 10 оқу сағаттары;
3) басты назар ӘК дайындау кезiндегi экипаждағы стандартты пайдалану тәртiптерiне бөлiнедi.
Төмендегi рейтингтердiң бiрiне ие немесе кезiнде ие болған пилоттарға, оқыту және үйрету процесстерiне қатысты TRI/SFI бағдарламасының теориялық бөлiгi оқытылады: FI(A), CRI(A), IRI(A), SFI(А), STI(A),MCCI(A) FI(H), TRI(H), IRI(H),SFI(H).
135. Ұшақтаң кез-келген классы бойынша нұсқаушыларға арналған теориялық дайындық (СRI):
1) FI ұшу нұсқаушылары бағдарламасы бойынша оқыту және үйрету әдiстемесi бойынша 25 сағаттық сыныпта оқыту;
2) ӘК нақты бiр түрi бойынша техникалық бiлiмдi қайталау, сабақ жоспарларын дайындау және ӘК нақты бiр түрi бойынша оқу бiлiмдерiн дамыту бойынша 25 оқу сағаттары.
136. Бағдарлама, FI оқу курстарының теориялық бөлiктерiндегi толығымен берiлген оқыту және үйрету негiздерiнде өңделедi.
Төмендегi рейтингтердiң бiрiне ие немесе кезiнде ие болған пилоттарға, оқыту және үйрету процесстерiне қатысты СRI бағдарламасының теориялық бөлiгi оқытылады: FI(A), CRI(A), IRI(A), SFI(А), STI(A),MCCI(A) FI(H), TRI(H), IRI(H),SFI(H).
137. IRI белгiсi бар бiлiктiлiктi алуға арналған теориялық дайындық, оқыту және үйрету әдiстемесi бойынша (нұсқаушылардан басқасы) 25 сағаттық оқудан тұрады.
138. Бағдарлама, FI оқу курстарының теориялық бөлiктерiндегi толығымен берiлген оқыту және үйрету негiздерiнде өңделедi.
Нұсқаушы бiлiктiлiгi оқу бағдарламасына толығымен сәйкес, арнайы сабақтарды оқыту студентке, нұсқаушыға алдын-ала белгiлi болуы тиiс, сондықтан қажеттiлiк болған кезде бағдарламаның техникалық бөлiгiн қайталау тек қана алдыңғы бiлiмдердi жаңғыртады.
3 Параграф. Ұшуға дайындық
139. Студент-нұсқаушы кеңiнен тараған қателiктердi, оларды түзету әдiстерi мен тәсiлдерiн анықтауды үйренуi тиiс. Ұша бiлу және абайлаушылық барлық пилоттардың өмiрiнiң маңызды компанентi болыа келетiнiн айта кеткен дұрыс. Осылайша, жердегi және әуедегi әр жаттығуларды орындау кезiнде сәйкес ұшу бiлiктiлiгi қалыптастырылады.
140. Ұшу эксплуатациясын немесе басқа осыған ұқсас құжатты басшылыққа ала отыра, ұшым ұйымдарының аймағында оңтайландыру жаттығуларын орындауға басты назар аударылады.
141. Сабақ жоспарларын дайындау жақсы оқудың басты талабы болып табылады және студент нұсқаушы жоспарлауда және ұшу жаттығуларын қауiпсiз және оңтайлы орындап шығуға арналған сабақ жоспарларын тәжiрибе жүзiнде қолдануда жақсы тәжiрибе алуы тиiс.
142. Ұшу дайындықтары FI орналасқан орында өтедi.
143. Ұшу дайындық (тәжiрибелiк) бағдарламасы әр ұшу нұсқаушыларының және ӘК түрлерiне арнайы жеке өңделедi, бiрақ, FI(A) және FI(Н) ұшу нұсқаушылары үшiн – 30 сағат ұшу оқуларынан кем болмауы тиiс, соның iшiнде 5 сағат басқа үмiткерлермен бiрге ұшу болады.
Ұшу дайындық бағдарламасы PPL(A) және PPL(H) алғашқы дайындық курстарының бағдарламалары жаттығуларына сәйкес негiзделiп өңделедi.
144. FI(S) ұшу нұсқаушылары үшiн – ұшу оқуларының 60 сағаты немесе 20 ұшып-қонулар.
Ұшу дайындық бағдарламасы LAPL(A)алғашқы дайындық курстарының бағдарламалары жаттығуларына сәйкес негiзделiп өңделедi.
145. FI(MHG) және FI(GR) ұшу нұсқаушылары үшiн – 15 сағаттық ұшу оқулары.
Ұшу дайындық бағдарламасы ULAL(MHG) және ULAL(GR)алғашқы дайындық курстарының бағдарламалары жаттығуларына сәйкес негiзделiп өңделедi.
146. FI(B) ұшу нұсқаушылары үшiн – 3 сағаттық ұшу оқулары.
Ұшу дайындық бағдарламасы LAPL(A) алғашқы дайындық курстарының бағдарламалары жаттығуларына сәйкес негiзделiп өңделедi.
147. ӘК (TRI/SFI) кез-келген түрi бойынша ұшу нұсқаушылары / жаттығуларды нұсқаушылар үшiн:
1) Жаттығу құрылғыларындағы немесе ӘК ұшуға дайындық уақыты, күрделiлiк түрiне байланысты екi сессиядан кем емес өзгертiлiп отырады. Сағаттың шамамен бiрдей саны ұшу алдындағы нұсқау берудi тәжiрибеде үйрету үшiн пайдалану керек және әр жаттығу үшiн кейiн ұшу талданып отырады;
2) жаттығулар мазмұны ӘК нақты бiр түрiнде бекiтiлген бағдарламалар жаттығуларына сәйкес болуы тиiс;
3) ТЕМ, CRM және ұшу бiлiктерiн тиiстi қолдану барлық жағдайларға ықпао етуi тиiс;
4) оқу бағдарламасының мазмұны ӘК түрлерiнде қолданылатын барлық негiзгi (басты) жаттығуларды қамтуы тиiс.
Бағдарламаны өту барысында үйренушiлер нақты жаттығу құрылғыларын, оның шектеулерiн, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мүмкiндiктерi мен функциялары, соның iшiнде, төтенше эвакуация құралдарын қолдану оқытылады.
148. Талапкер тренажердiң нұсқаушысы жұмыс орынынан жаттықтыру сабақтарының жүргiзуi бойынша бiлiмдерiн арттырады.
Сонымен қатар, ӘК дейiнгi ұшу жаттығуларына дейiн, талапкер ӘК кабинасында кез-келген пилот орнынан ұшу оқулары тәжiрибесiнде болады.
149. MP TRI бағдарламалары бойынша дайындық жүргiзген кезде экипаждағы ара-қатынас тәртiптерiне аса көңiл бөлген жөн. SP TRI бағдарламалары бойынша дайындық жүргiзген кезде SP эксплуатациялық операцияларға аса көңiл бөлген жөн.
Ұшақтың кез-келген класы бойынша нұсқаушыларға арналған тәжiрибелiк және ұшу дайындықтары (СRI): талапкер, бiр қозғалтқышты немесе көп қозғалтқышты классты SP бiлiктiлiк белгiсiн алуға арналған пилоттар оқуын қауiпсiз және нәтижелi өткiзуiне бағытталған.
150. Ұшу дайындықтары ұшақта сондай-ақ, басқа да сертификатталған жазғы тренажерда орындала алады.
Ұшу ептiлiгi барлық оқу бағдарламасының маңызды бөлшегi болып табылады. Студент нұсқаушының басты мiндетi – студент-пилот жiберетiн сипатты қателiктердi уақытылы танып және тиiстi түрде түзетуi тиiс.
151. Бiр пилотпен пайдаланылатын ӘК-нде IRI бiлiктiлiгiн меңгеру үшiн 5 сағаттық көлемде ұшу бағдарламалары орындалады, негiзгi мақсаттары:
1) аспаптар мен радионавигация бойынша ұшуды үйренуге арналған нұсқаулық шеберлiктердi арттыру;
2) талапкердiң, аспапты ұшуды үйрену шеберлiктерi айтарлықтай жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету.
4 Параграф. Нұсқаушының құзыреттерi
152. Нұсқаушыны даярлау бағдарламасы теориялық және тәжiрибелiк оқытуды қамтиды. Тәжiрибелiк бөлшектер нұсқаушының әсiресе оқыту, қауiптердi бағалау қателiктердi басқару, пилотқа (экипажға) барлық қолжетiмдi қолда бар ресурстар мен құралдарды (CRM) сауатты пайдалану саласындағы нұсқаушының нақты машықтарын дамытуға бағытталуға тиiс.
153. Нұсқаушыны оқытуға және бiлiктiлiгiн бағалауға мынадай стандарттар осы Үлгiлiк бағдарламаның 12-қосымшасында берiлген.
154. Бағдарламадан өту нәтижесiнде Нұсқаушының тиiстi бiлiктiлiк белгiсiн алуға үмiткер әуе кемесiнiң нұсқаушысы ретiнде ұшу қауiпсiздiгiнiң қолайлы деңгейiмен пилот-студенттердi оқытудың тиiстi түрiн орындауға және мыналарды көрсетуге қабiлеттi болуға тиiс:
1) мынадай салалардағы бiлiмi:
тәжiрибелiк оқыту әдiсi;
даярлау бағдарламасын әзiрлеу;
сабақты жоспарлау;
аудиториялық оқыту әдiстерi;
материалды меңгеру процестерi;
тиiмдi оқыту бөлшектерi;
ұшуға елiктеу тренажерларын қоса алғанда оқу құралдарын пайдалану;
олар бойынша жердегi дайындық жүзеге асырылатын пәндер бойынша пилот-студенттердiң үлгерiмiн бағалау;
пилот-студенттер бiлiмдер деңгейiн бағалау және тексеру;
пилот-студенттердiң қателiктерiн талдауды және түзетудi жүргiзу;
қауiптер және қателiктер факторларын бақылау принциптерiн қоса алғанда ұшу даярлығына қатысты адамның мүмкiндiктерi;
әуе кемесiндегi жүйелердiң тоқтап қалу елiктеуiмен байланысты қауiптiлiк;
2) мынадай машықтар:
қауiптер және қателiктер факторларын тану, талдау және бақылау;
оның сипаттамаларының шектеулерi шеңберiнде әуе кемесiн басқару және ұшу қауiпсiздiгiнiң қолайлы деңгейiнде пилот-студенттердi әдiстемелiк сауатты оқыту;
барлық маневрлердi баяу және нақты орындау және оларды пилот-студентке ептi көрсете бiлу;
уақтылы шешiмдер қабылдау және ұшуда бақылауды бiлiктi жүзеге асыру;
әуе кемесiн ұшу схемасын немесе маневрiн нақты орындауын және пилот-студентке көрсетудi қамтамасыз ететiндей басқару;
оқыту кезiндегi қауiптер және қателiктер факторларын тану және бақылау;
оның сипаттамаларының шектеулерi шеңберiнде әуе кемесiн басқару;
барлық маневрлердi баяу және нақты орындау, пилот-студентке әуе кемесiнiң ұшуын басқару кезiнде қозғалыстарды үйлестiрудi әдiстемелiк дұрыс түсiндiру;
уақтылы шешiмдер қабылдау және ұшуда пилот-студенттiң iс-әрекеттерiн бақылауды бiлiктi жүзеге асыру;
аэронавигация (ұшақ айдау) саласындағы бiлiмдердi қолдану және оларды пилот-студентке беру;
пилот-студенттi әдiстемелiк сауатты және қауiпсiз оқыту.
12 Бөлiмше. Штурманға куәлiк беру үшiн кәсiби даярлаудың
үлгiлiк бағдарламалары
155. Ұшу құрамы куәлiгi бар авиациялық персонал қатарынан штурмандарды даярлау кезiнде даярлау көлемi кемiнде 500 сағат болуға.
156. Үмiткердi оқыту штурман куәлiгiнiң иесiне ұсынылатын мынадай салалардағы құқықтарға сәйкес келетiн бiлiмдер деңгейiн игеру және көрсетуiн қамтамасыз ету осы Үлгiлiк бағдарламаның 13-қосымшасында берiлген.
13 Бөлiмше. Бортинженер (бортмеханик) куәлiгiн беру үшiн кәсiби
даярлаудың үлгiлiк бағдарламалары
157. Теориялық даярлау көлемi, кемiнде – 200 сағат.
158. Ұшу даярлығының көлемi, кемiнде – ХХХ сағат.
159. Үмiткердi оқыту бортинженер (бортмеханик) куәлiгiнiң иесiне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетiн мынадай салалардағы теориялық бiлiмдер деңгейiн игеру және көрсету қамтамасыз ету осы Үлгiлiк бағдарламаның 14-қосымшасында берiлген.
160. Кандидат ең болмағанда мынадай салалардағы бортинженер куәлiгiнiң иесiне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетiн бiлiмдер деңгейiн көрсетедi:
1) навигация негiздерi, автономдық жүйелердiң жұмыс принципi және пайдалану;
2) метеорология аспектiлерiн пайдалану.
14 Бөлiмше. Бортрадистi кәсiби даярлау үшiн куәлiк беру үлгiлiк
бағдарламалары
161. Бортрадистi кәсiби даярлаудың жалпы көлемi тиiстi бiлiктiлiк талаптарымен анықталады және оны АУЦ ГА немесе азаматтық авиация кәсiпорны әзiрлейдi.
162. Радиотелефон байланысын және фразеологиясын жүргiзу машықтарына және қағидаларын бiлуге қойылатын талаптар көтерiлу күшiн арттыру жүйесi бар ұшақ, дирижабль, тiкұшақ және әуе кемесi пилоттарының барлық куәлiктерiн беруге арналған талаптарға ұқсас.
15 Бөлiмше. Бортоператорды кәсiби даярлау үшiн куәлiк беру
үлгiлiк бағдарламалары
163. Теориялық даярлау көлемi, кемiнде – 150 сағат.
164. Ұшу даярлығының көлемi, кемiнде – ХХХ сағат.
165. Үмiткердi оқыту бортоператор куәлiгiнiң иесiне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетiн мынадай салалардағы теориялық бiлiмдер деңгейi игеру және көрсету қамтамасыз ету осы Үлгiлiк бағдарламаның 15-қосымшасында берiлген.
166. Үмiткер бортоператор куәлiгiнiң иесiне ұсынылатын құқықтарға сәйкес келетiн бiлiмдер деңгейiн көрсетедi, сондай-ақ, мыналарды жасай алуға тиiс:
1) қауiп және қателiк факторларын тану және бақылау;
2) әуе кемесiнiң сипаттамаларын және шектеулерiн ескере отырып, борттық жүйелердi пайдалану;
3) дұрыс шешiмдер қабылдау және ұшуда бақылауды бiлiктi жүзеге асыру;
4) экипаждың басқа да мүшелерiмен өзара байланысты жүзеге асыру.
16 Бөлiмше. ӘК басқа да (жаңа) типтерiне қайта даярлау және
бiлiктiлiк деңгейiн қолдау үлгiлiк бағдарламалары
167. Осы ӘК басқа да (жаңа) типтерiне қайта даярлау және бiлiктiлiк деңгейiн қолдау үлгiлiк бағдарламалары негiзiнде әзiрленген әуе кемесiнiң ұшуын орындау бойынша персоналды қайта даярлаудың iске асырылатын бағдарламалары мiндеттi түрде ең кемiнде үш негiзгi сатыны жүзеге асыруды қамтамасыз етедi:
1) Графикалық материалдарды қолдана отырып, плакаттарды және схемаларды сондай-ақ, зерделенетiн материалдарды көрсетудiң аудиовизуалдық және компьютерлiк құралдарын пайдалана отырып, жазылатын теориялық даярлау;
2) Платформаның жылжымалығы, көрiнудiң әртүрлi санаты жағдайларында ұшып көтерiлу және қонуға кiрудi шолып қарау сипаттамалары бойынша тренажердың сипаттамаларын көрсете отырып, тренажерлық даярлау. Тренажерлық даярлаудың жақсырақ түрi экипаждың қалыпты шарттарда және авариялық жағдайлар кезiнде нақты ұшуға сәйкес келетiн проблемалық жағдайларды шешу бөлшектерiн пайдалану болып табылады;
3) Оның барлық кезеңдерiнде әрбiр ұшуда шешiлетiн мiндеттер және пысықталатын бөлшектер, тiзбесiн көрсете отырып, ұшу даярлығы.
168. Тренажерлық және ұшу даярлығының көлемi ұшудың қауiпсiз аяқталуын қамтамасыз ететiн даярлық деңгейiне қол жеткiзу үшiн нақты ӘК типiне және тренажердiң сипаттамаларына байланысты дербес анықталады.
169. Осы бағдарламалар бойынша теориялық даярлау көлемi мынаны құрауға тиiс:
1) өте жеңiл ӘК үшiн кемiнде 50 сағат;
2) жеңiл ӘК үшiн кемiнде 100 сағат;
3) басқа да ӘК үшiн кемiнде 170 сағат.
170. Кәсiби даярлау бағдарламаларын iске асыру шарттары нақты даярлау бағдарламасының барлық кезеңдерiнде тыңдаушыларды оқытудың үздiксiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс. Тиiстi шарттар болған кезде нақты маманды даярлау сапасы үшiн бiрақ АУЦ ГА (азаматтық авиация кәсiпорны) мiндеттi жауапкершiлiгi шартымен өзге ұйымдардың мүмкiндiктерiн пайдалануға рұқсат етiледi.
171. Мiндеттер және жаттығулар бойынша кәсiби даярлау бағдарламаларынан өтудi есепке алу жаттығуға арналған тапсырмаларда ресiмделедi. Жаттығуға арналған тапсырма нысанын АУЦ ГА және азаматтық авиация кәсiпорны өз бетiнше әзiрлейдi. «Жаттығуға арналған тапсырма» бланкi мыналарды қамтуға тиiс, бiрақ шектелмей:
1) АУЦ ГА және азаматтық авиация кәсiпорнының атауы;
2) бөлiмше;
3) кiмге берiлдi (ТАӘ, мамандығы, лауазымы);
4) ӘК типi;
5) даярлау бағдарламасы;
6) мiндеттер мен жаттығулардың нөмiрлерi.
172. Кәсiби даярлау курсын бiтiргенi туралы құжаттар тыңдаушыларға бекiтiлген бағдарламаға сәйкес барлық кезеңдер аяқталғаннан кейiн берiледi. Даярлаудың тек қана бiр кезеңiн бiтiргенi туралы құжаттар жарамсыз болып танылады.
173. Персоналды ӘК басқа да (жаңа) типтерiне арналған әуе кемесiнiң ұшуын орындау бойынша орындау қайта даярлаудың оқу бағдарламалары оқу пәндерiнiң мынадай мiндеттi тiзбесiн қамтуға тиiс:
1) ӘК ұшуда пайдалану бойынша нұсқаулық
2) ӘК конструкциясы және оны ұшуда пайдалану;
3) күштiк қондырғы конструкциясы және оны ұшуда пайдалану;
4) ұшу негiздерi (тәжiрибелiк аэродинамика);
5) аспаптық жабдық және оны ұшуда пайдалану;
6) радиожабдық және оны ұшуда пайдалану;
7) электрожабдық және оны ұшуда пайдалану;
8) авариялық-құтқару дайындығы;
9) ұшу қауiпсiздiк және авиациялық оқиғалардың алдын алу;
10) әуе навигациясы;
11) авиациялық метеорология;
12) ӘК осы типiн даындауды және пайдалануды ұйымдастырудың жалпы қағидалары;
13) экипаж ресурстарын басқару (CRM) бойынша бiлiмдер бөлшектерi бар ИКАО ұсынатын тәжiрибе көлемiнде адам факторлары.
174. Кешендi пилотаждық тренажерда оқыту бағдарламасы мыналарды қамтуға тиiс:
1) жаттығулар, мiндеттер, бөлiмдер, даярлау бағдарламасы бөлшектерiн орындаудың бағалаудың жалпы нұсқаулары және әдiстерi;
2) бөлiмдер, мiндеттер, жаттығулар бойынша тренажерлық даярлау бағдарламасының қысқаша мазмұны;
3) орындау мақсатын және әдiсiн сипаттай отырып, бағдарламаны орындау тәртiбi;
4) әрбiр жаттығу, мiндет, бөлiм бойынша бағалау өлшемдерi;
5) даярлауды өткiзу мерзiмдерi және көлемi.
175. Кешендi пилотаждық тренажерда тренажерлық даярлау кемiнде бiр рет орындалуға тиiс:
1) 6 айда + 1 ай жылына 2 рет, жалпы көлемi жылына 16 сағат;
2) 3 айда + 1 ай жылына 4 рет жалпы көлемi жылына 12 сағат.
176. Әуе кемесiнiң ұшуын орындау бойынша персонал иеленiп отырған лауазымына және ұшу жұмысы тәжiрибесiне қарамастан ӘК тренажерларында жүйелi түрде жаттығудан өтiп тұруға мiндеттi.
177. Тренажерлық даярлау үш жылдық айналымға сәйкес жүзеге асырылады.
178. Үш жылдық кезең үшiн өткiзiлетiн тренажерлық даярлау CFIT бөлшектерiн қоса отырып және күштiк қондырғылардың әртүрлi iстен шығулары, ұшақты басқару жүйелерiндегi iстен шығулар кезiнде iс-әрекеттердi мiндеттi пысықтай отырып және өрт болған кезде қанатты механикаландыра отырып, экипаж ресурсын (CRM) барынша пайдалана отырып, оңтайлы өзара iс-әрекетке қол жеткiзуге негiзгi бағытталумен нақты ұшу (LOFT) шарттарын қоса алғанда барлық ерекше және авариялық жағдайлар бойынша әзiрленген сценариилер бойынша жүргiзiледi.
179. Әуе кемелерiнiң бiрнеше түрлерiнде ұшуды орындайтын ұшу құрамы үшiн кемiнде 3 жыл мерзiмдiлiкпен әуе кемелерi барлық түрлерiнде жаттығулардан өту мiндеттi.
180. Бұл ӘК типiн пайдалану мүмкiндiгi болмаған кезде жеке жағдайларда даярлау бағдарламаларының ажырамас бөлiгi болып табылатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме бойынша ӘК кабинасында тренаж өткiзiледi.
181. Ұшу даярлығы бағдарламасы ұшуға оқыту бағдарламасын кеңейтiлген әдiстемелiк сипаттауды қамтиды. Бағдарламадағы даярлау көлемi және мазмұны мыналарға байланысты:
1) алдыңғы арнайы бiлiм деңгейi;
2) тыңдаушының ұшу жұмысы тәжiрибесiнiң болуы;
3) бұрын экипаж мүшесi ұшқан ӘК типi;
4) оқыту (қайта даярлау) өткiзiлген ӘК типi.
182. ӘК басқа да (жаңа) типтерiне арналған қайта даярлау барысында ӘК ұшу даярлығы болмаған кезде (ZFTT (zero flight time training) рәсiмiн қолдану кезiнде) даярлау бағдарламасына сәйкес ИКАО бiлiктiлiгi бойынша IV типтегi ұшу шарттарына елiктеу тренажерлық қондырғыларында даярлықты жүргiзуге рұқсат етiледi (ең кемiнде өзгерiстерi бар JAR STD IА құжатында, сондай-ақ, AC 120-40B құжатында рұқсат етiлетiн сәйкестiктi қамтамасыз етудiң балама құралдарын қоса алғанда (АМОС) өзгерiстерi бар FAA AC 120-40B құжатында көрсетiлген С деңгейлi және D деңгейлi тренажерға (FFS) қойылатын талаптарға жауап беретiн кешендi пилотаж оқу-жаттығу қондырғысы).
183. Бұл ретте бағдарламаларда даярлау курсы аяқталғанда өткiзiлетiн және ұшу даярлығы ретiнде есептелуi мүмкiн әуеайлақтық жаттығуға елiктеу енгiзiледi.
184. КТС (FFS) ұшу даярлығының аяқталуы мен ұшақта ұшу даярлығы арасындағы үзiлiстер қатаң бақылануға тиiс.
185. КТС (FFS) ұшу даярлығының аяқталуы мен ұшақта ұшу даярлығы арасындағы үзiлiс 30 күннен астам болған кезiнде тыңдаушы белгiленгеннен 50% көлемiнде қосымша жерүстi дайындығынан өтуге тиiс.
186. Үзiлiс 90 күннен астам болған кезде тыңдаушы ұшу пайдалануы бойынша басшылықты бiлу бойынша емтихан тапсыруға және нұсқаушының қалауы бойынша, бiрақ ол бойынша бұдан бұрын дайындықтан өткен нұсқаның 25% -нен кем емес көлемде кешендi тренажердағы (FFS) ұшу дайындығынан өтуге тиiс.
187. 1 жылдан астам үзiлiс болған кезде тыңдаушы толық көлемде кешендi тренажердағы (FFS) теориялық даярлықтан және ұшу дайындығынан өтедi.
188. Әуе кемесiнiң ұшуын орындау бойынша кәсiби персонал бағдарламасын (ұшу құрамын даярлау бағдарламасын, пилоттарды даярлау бағдарламасын) осы Үлгiлiк бағдарламалар негiзiнде пайдаланушы әзiрлейдi және оларға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн ұшу экипажының барлық мүшелерiн тиiсiнше даярлауды қамтамасыз етуге тиiс, сондай-ақ:
1) жер үстi және ұшу даярлығы құралдарын, тиiстi бiлiктiлiктегi оқытушылар мен нұсқаушылары көздейдi;
2) ұшу экипажының мүшелерi жұмыс iстейтiн әуе кемелерi түрiнде (түрлерiнде) жер үстi тренажерлық және ұшу даярлығынан тұрады;
3) ұшу экипажы мүшелерiнiң өзара iс-әрекетiн пысықтауды, сондай-ақ, күштiк қондырғының, планердiң немесе жүйелердiң ақаулығынан, өрттен немесе басқа да терiс факторлардан болған авариялық және айырықша жағдайдың немесе режимнiң барлық түрлерiнде iс-әрекеттерге оқытуды қамтиды;
4) бiлiмдер мен машықтарға ие болу, ұшуды жүргiзудiң болжанатын ауданында көзбен шолып ұшуды және аспаптар бойынша ұшуды, қауiп және қателiктер факторларын бақылауды қоса алғанда адамның жұмысқа қабiлеттiгiн әуе кемелерiмен қауiптi жүктер тасымалдау мақсатында дайындықты қамтиды;
5) оқытуды әуе кемесiнiң ұшуын орындау жөнiндегi бүкiл персонал оның жүзеге асыруға тиiс функцияларын және бұл функциялар оның iшiнде штаттан тыс немесе авариялық рәсiмдердi орындау кезiнде әуе кемесi экипажының басқа да мүшелерiнiң функцияларымен қалай байланысты екендiгiн бiлетiндей есеппен жүргiзудi қамтамасыз етедi;
6) жұмысқа жаңадан қабылданған ұшу экипажы мүшесiнiң мiндеттерiмен және функцияларымен, ұшуды орындау жөнiндегi пайдаланушының талаптарымен танысуын көздейдi;
7) әуе кемесiнiң жаңадан игерiлген түрiндегi көрсетiлген шарттарда ұшуды орындау басталғанға дейiн емтихан тапсыруды қоса алғанда RVSM және RNP шарттарында ұшуға теориялық даярлықты көздейдi.
189. Бағдарламалар тәжiрибелiк бағыттылыққа ие болуға, ӘК нақты түрiнде ұшуды орындау ерекшелiктерiн, жаңа борттық жабдықты пайдалану қағидаларын, ерекше жағдайлардағы iс-әрекеттермен, авиациялық техниканың iстен шығуы және адам факторы бойынша ұшу оқиғаларын талдаумен байланысты теориялық сұрақтарды қайталауға, жаңадан қабылданған отандық және халықаралық стандарттарды және қағидаларды зерделеудi көрсетуге тиiс.
190. Әуе кемесiнiң ұшуын орындау жөнiндегi персоналдың бiлiктiлiк деңгейiн қолдау бойынша оқу бағдарламалары осы Үлгiлiк бағдарламаларының тиiстi бөлiмдерi негiзiнде әзiрленген мынадай оқу курстары осы Үлгiлiк бағдарламаның 16-қосымшасында берiлген.
191. Кәсiби деңгейдi қолдау бойынша талаптар қашықтықтан оқытудан өту немесе жазбаша емтихандарды тапсыру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
192. Әуе кемесiнiң нақты түрiнде ұшу даярлығына қатысты талаптар орындалған болып есептеледi, егер:
1) осы мақсат немесе кабинадағы тренаж үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган рұқсат берген ұшу шарттарын елiктеу тренажерлық қондырғылары пайдаланылса;
2) белгiлi бiр уақыттан кейiн әуе кемесiнiң осы түрiндегi даярлау деңгейiн тексеру (әуедегi тәжiрибелiк жұмысты және авариялық жағдайда iс-әрекет ете бiлудi тексеру) жүргiзiлсе. Бұл тексерулер кемiнде 120 күн аралықпен кез келген кейiнгi 12 ай iшiнде жүзеге асырылады (азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен кешендi тренажердегi (FFS) бiр тексеру рұқсат етiледi). FFS тексеру көлемi кемiнде 2 сағат.
193. Әуе кемесiнiң ұшуын орындау жөнiндегi персоналдың бiлiктiлiгiн тексеру бағдарламасы көлемi бойынша көрсетiлгеннен төмен болмайды:
1) тексеру алдында ӘК-те FFS тренажердегi жаттығу орындалуға тиiс, FFS жаттығудан өту мерзiмi ұшу тексеруiн өткiзгенге дейiн (әуе компаниясының РПП сәйкес) 6 айдан немесе 3 айдан аспауға тиiс;
2) әуеде тәжiрибелiк жұмысын (ұшуды басқару және навигация техникасы) тексеру пилоттар және штурмандар, пилот-емтиханшы (әуе кәсiпорнында штурман-емтиханшы болған кезде рұқсат етiледi жүргiзу тексеру штурман-емтиханшы) үшiн бiр тексеру жүргiзiледi;
3) жүргiзiледi одной тексеру үшiн пилоттар және штурмандар, пилот-емтиханшы (әуе кәсiпорнында штурман-емтиханшы болған кезде штурман-емтиханшының тексерудi жүргiзуiне рұқсат етiледi), бортрадистi ӘК командирi тексеруi мүмкiн, ұшу және кабиналық экипажының басқа да мүшелерi үшiн тексеру мамандық бойынша тиiстi нұсқаушылар жүргiзедi;
4) аспаптар бойынша ұшуға және түнгi ұшуға жiберiлген ӘК-де тексеру күндiзгi және түнгi ұшуда орындалады. Тексерудi орындауға рейстiк шарттарда 2 ұшу (1 күндiз және 1 түнде), әуеайлақтық шарттарда 2 ұшу (күндiз және түнде немесе тек қана түнде 4 кiру) жүргiзуге рұқсат етiледi. Тексерудiң жалпы уақыты тексерушi минимумынан төмен емес метеошарттарда кемiнде 1 сағ.30 минут;
5) аспаптар бойынша ұшуға және түнгi ұшуға жiберiлмеген ӘК-де тексеру жоғарыда айтылған әдiстемеге сәйкес тексерушi минимумынан төмен емес метеошарттарда күндiз (қажеттiлiгiне қарай көрiну шектеулерiне елiктей отырып) жүргiзiледi;
6) басқарудың барлық түрлерi бар, бiр орынды моторлы және моторсыз өте жеңiл ӘК-де тексерудi ұшуды басқарушы пилоттың және нұсқаушының екi жақты көру алаңында жерде болып, пилот-нұсқаушы жүргiзедi (тексерудiң жалпы уақыты кемiнде 1 сағат, тексерудi орындауды қаматасыз ететiн метеошарттар кезiнде ұшу санын нұсқаушы анықтайды), екi орындық ӘК-де тексеру ӘК кабинасында жүргiзiледi;
7) тексеру түрлерiне байланысты ұшу кiтапшасына жазба ресiмделедi, тексерудiң бiлiктiлiк актiсi немесе жаттығуға арналған (қажеттiлiгiне қарай) ғимаратта жазба ресiмделедi.
194. Даярлаудың нормативтiк мерзiмдiлiгi iшiнде бекiтiлген оқу жоспарын мiндеттi орындай отырып, модульдiк принцип бойынша бiлiктiлiк деңгейiн қолдау бағдарламаларын жасақтауға рұқсат етiледi.
195. Бiлiктiлiк деңгейiн қолдау курстарында жыл сайынғы теориялық даярлаудан өту кезiнде алынған бағалар 12 ай + 1 ай iшiнде әуе кемесiнiң ұшуын орындау жөнiндегi персонал куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн ұзарту үшiн жарамды.
196. Бiлiктiлiк деңгейiн қолдау бойынша курс пәнiн қамтитын ӘК басқа (жаңа) түрiне қайта даярлау куәлiктi ұзарту кезiнде есептеледi. Сынақтарды мерзiмiнен бұрын тапсыруға және бiлiктiлiк деңгейiн қолдау бойынша курстан өту туралы куәлiктi беру үшiн жетiспейтiн үлгiлерден өтуге рұқсат етiледi.
197. Ұшу-нұсқаушылар құрамын бастапқы даярлау және бiлiктiлiк деңгейiн қолдау бағдарламаларды әзiрлеу кезiнде мазмұнына оқу пәндерiнiң мынадай мiндеттi тiзбесiн қосу керек:
1) әуе заңнамасы;
2) ұшуға оқыту әдiсi;
3) ұшу жұмысын ұйымдастыру;
4) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
5) авиациялық психология және экипаж ресурстарын басқару әдiстерi;
6) ұшу қызметiнде CFIT проблемасы;
7) АА кәсiпорны ұшу бөлiмшесiндегi ұшу ақпаратын жинау құралдарының деректерiн талдаудың қазiргi заманғы әдiстерi.
198. Экипаж мүшелерiнiң әуе кемесiнiң басқа (жаңа) түрiне оқу-ұшу даярлығы (қайта даярлау) курстары бойынша ұшуды орындауға рұқсат алу үшiн азаматтық авиация нұсқаушылар құрамын кәсiби даярлаудың оқу бағдарламалары теориялық (жер үстi) даярлау, тренажерлық даярлау және ұшу даярлығы кезеңдерiнен және оқу пәндерiнiң мынадай мiндеттi тiзбесiн қамтуға тиiс:
1) авиациялық педагогика негiздерi;
2) авиациялық психология негiздерi;
3) ұшуға оқыту әдiсi.
199. Нұсқаушылар құрамын бастапқы даярлау кезiнде теориялық оқыту мерзiмi кемiнде 100 оқу сағаты, бiлiктiлiк деңгейiн қолдау кезiнде – кемiнде 72 оқу сағатын, экипаж мүшелерiнiң әуе кемесiнiң басқа (жаңа) түрiне оқу-ұшу даярлығы (қайта даярлау) курстары бойынша ұшуды орындауға даярлау кезiнде – кемiнде 48 оқу сағаты болуға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |