Сырдария өзенінің ихтиофаунасының түрлік құрамының биологиялық ерекшеліктері



бет4/13
Дата21.12.2023
өлшемі0.9 Mb.
#487473
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ғылыми жоба зоология Бөкейхан Айсұлу жби-012 тобы

3-сурет.Қызылқанат балық


Көбеюі және қоректенуі
Қызылқанат балығының жыныстық жетілу кезеңі 3-5 жас шамасының аралығында жүреді.Қызылқанат балығы уылдырығын сәуір және маусым айларында шашады.Қызылқанат балығының уылдырық шашу мөлшері 96-232 шамасында болады.
Қоректенуі
Қызылқанат балығы майда омыртқасыздармен және балдырлармен,ұсақ жәндіктермен,бентоспен қоректенеді.
Торта балық ( лат.Rutіlus rutіlus)- тұқытәрізділер тобына жататын жартылай өткінші балықтың түрі.Жалпы торта балықтың ұзындығы 50 см-ді құрайды.Торта балықтың салмағы 1500 г шамасында болады.Балық шаруашылығында торта балықтың кәсіптік маңызы өте зор болып табылады.
Көбеюі және қоректенуі
Торта балығының жыныстық жетілу кезеңі 3-5 жас шамасы аралығында болады.Торта балығы уылдырығын сәуір және мамыр айларында шашады.Торта балығының уылдырық шашу мөлшері 147 мыңдай болады.
Қоректенуі
Торта балығының негізгі қорегі-планктондар,бентостар,шаянтәрізділер,қосжақтаулы моллюскалар болып табылады.





4-сурет.Торта балық


Ақмарқа (лат. Aspius aspius)- негізінен тұқы тұқымдасына жататын жыртқыш балықтың бір түрі.Ақмарқа балығының денесінің ұзындығы 70 см-ді құрайды.Ақмарқа балығының жалпы салмағы 7 кг-ды құрайды. Ақмарқа балығының денесінің тұрқы ұзын болып келеді.Ақмарқа балығының бауырының құрсақ қанаттарынан кейінгі жері қырлы болып келеді.Ақмарқа балығының бауырының түсі ақ түсті болады. Ақмарқа балығының кәсіптік маңызы өте зор. Ақмарқа балығының еті дәмді болып келеді.
Көбеюі және қоректенуі
Ақмарқа балығының жыныстық жетілу кезеңі 3-5 жас шамасы аралығында болады.Ақмарқа балығы уылдырығын сәуір және мамыр айларында өзендердің ағысты жерлерінде шашады.Ақмарқа балығының уылдырық шашу мөлшері 300 мыңдай болады.
Қоректенуі
Ақмарқа балығы негізінен майда омыртқасыздармен және бентостармен, шабақтармен, майда балық түрлерімен қоректенеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет