Сырдария өзенінің ихтиофаунасының түрлік құрамының биологиялық ерекшеліктері



бет3/13
Дата21.12.2023
өлшемі0.9 Mb.
#487473
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ғылыми жоба зоология Бөкейхан Айсұлу жби-012 тобы

1-сурет.Сырдария өзені
1.2.Сырдария –өзенінде мекендейтін балықтардың алуантүрлілігі
Жалпы Сырдария өзенінде балықтардың 40 түрі мекендейді.Сырдария өзенінде мекендейтін балықтар қатарына-шортан,қызылқанат,торта балық, ақмарқа,қара балық,өзен алабұғасы,табан балық,тыран,арал айнакөзі,тұқы,түркістан аққайраңы,түркістан теңге балығы,арал қаязы,түркістан қаязы,қылыш балық,арал шырма балығы,арал шаншарбалығы,кәдімгі жайын балығы,көксерке және т.б. балықтар жатады.
Шортан (лат. Esox lucіus)-албырттар отрядының шортан тәрізділер тұқымдасына жататын ірі жыртқыш балық түрі.Негізінен Сырдария өзенінің табиғи су айдындарында кездеседі.Денесінің пішіні жебе тәрізді болып келеді.Шортанның ұзындығы-1,1 м-ді құрайды.Шортанның салмағы 16 кг-ға дейін жетеді.Шортанның денесін ұсақ қабыршақтар қоршап жатады.Шортан балығының арқа қанаты құйрықасты қанатының деңгейінде орналасады.Шортанның басы жалпақ пішінді болады және ұзын жақтары болады.Шортан балығының ауыз пішіні үлкен болады және тістерінің өткір қырлары артқа қарай иіліп орналасады.Осы тістерінің артқа қарай иіліп орналасуының арқасында аузына түскен қорегі аузынан кері шыға алмау қабілетіне ие болады.Шортан балығы қорегін шөп арасына жасырынып тұру арқылы жыртқыштықпен атылып барып ұстайды.Шортан балығының кәсіптік маңызы өте зор болып саналады. Оны көбінесе дәмді еті үшін аулайды.





2-сурет.Шортан балығы


Көбеюі және қоректенуі
Жалпы шортан балығы 3-5 жас шамасында жыныстық жағынан жетіле бастайды.Уылдырығын көбінесе сәуір-мамыр айларында шашады.Уылдырығын шашу үшін судың қолайлы температурасы 4 – 12°С шамасында болады.Шортан балығының уылдырық мөлшері 270 мыңдай болады.Шортан балығының көбею кезеңі ауа райына байланысты 2,5 айға дейін созылуы мүмкін.
Қоректенуі
Шортан балығы майда омыртқасыздармен және планктондармен,ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
Қызылқанат (лат.Scardinius erythrophthalmus)-тұқы тұқымдасына жататын тұқы су балық түрі.Қызылқанат балығының денесі екі жағынан тығыздалып келеді.Сырдария өзенінде кең таралған.Қызылқанат балығының денесінің ұзындығы-36 см-ді құрайды.Қызылқанат балығының салмағы 1,5 кг-ға дейін жетеді.Қызылқанат балығының құйрық жүзбеқанаттары алқызыл түсті болып келеді.Қызылқанат балығының жыныстық жетілу кезеңі 3-5 жас шамасын құрайды.Уылдырықтарын сәуір және мауым айларында шашады.Қызылқанат балығы көбінесе балдырлармен,жәндіктермен қоректенеді.Қызылқанат балығының қабыршақтары үлкен болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет