Спорттыќ ќўрылыстар


Дәріс-7. Тақырыбы: «Спорттық ядро»



бет12/23
Дата11.10.2022
өлшемі3.41 Mb.
#462410
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Лекция (2)

Дәріс-7. Тақырыбы: «Спорттық ядро»


Жоспар:

  1. Спорттық ядро.

  2. Спорттық ядроның құрылысы.

1. Спорттық ядро.
Спорттық ядро дегеніміз – ашық ғимарат кешені, оның құрамында спорт ойындарына арналған алаң немесе алаңқай, шетінде айналып жүгіру жолы, сондай-ақ жүгіру жолының ішінде және сыртқы периметрінде секіру және лақтыру орындары болады.
Спорттық ядродағы футбол алаңының орнына басқа спорттық ойындар үшін алаңдар немесе жеңіл атлетикалық секірулерге, лақтыруға және тіке жүгіруге арналған жекелеген орындар болады. Соңғы жағдайда спорттық ядроны көбінесе жеңіл атлетикалық деп атайды. Спорттық ядролар негізінен 400 метрлік жүгіру жолымен салынады. Жекелеген жағдайларда қолданыстағы нормалар бойынша спорттық ядроларды 333, 250 және 200 метрлік етіп салуға жол беріледі.
Спорттық ядроларды негізгі мақсаттарынан басқа (жеңіл атлетикалық сабақтар, футбол ойындары, регби және т.б.) сондай-ақ спорттық мерекелер мен көптеген спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу үшін пайдаланылады. Сондықтан спорттық ядроларда көрермендерге арналған орындар болуы тиіс.
Айналасына көрермендерге арналған трибуналар қойылған спорттық ядролар дегеніміз үлкен спорттық ареналар, олар барлық стадиондарға арналған басты ғимараттар. 1965 жылға дейін секторлардағы симметриялы түрде орналасқан орындары бар спорттық ядролар жобасы қолданыста болған. Әрбір секторда ұзындыққа, үштіктен және сырықпен секіретін 2 шұңқыр, биіктікке секіретін шұңқыр, лақтыратын (балға, диск, найза және ядро лақтыру) орындары қарастырылған.
Жарыстарды ұйымдастыру және жаттығу әдістерін жетілдіру, жарыс ережелерін өзгерту, спортшылардың шеберлігін арттыру спорттық ядроны жоспарлауды өзгертуді талап етті. Спорттық ядроны осылайша жобалау, ең алдымен секторлардағы секіру және лақтыру орындарын ассиметриялық орналастырумен ерекшеленеді. Ядро лақтыру орындары тек солтүстік секторда орналастырылады.
Жаңа жоба бойынша биіктікке секіру орындары тек солтүстік, ал найза лақтыру орындары оңтүстік секторда орналасуы тиіс. Барлық секіру және лақтыру орындары футбол алаңы қақпасының сыртында 3 метр қашықтықта болуы тиіс.
Қазіргі заманғы спорттық ядроны жобалау футбол алаңы мен жүгіру жолдарының көлемдерімен ыңғайлы үйлесім табуы арқылы ерекшеленеді.
Жүгіру жолы футбол алаңының айналасын тығыз қоршаған дөңгелек, жүгіру жалаушалары жол жиегінде орнатылады.
Футбол алаңы мен жолдардың көлемдерінің бір-біріне қатысының әралуан варианттарын талдау нәтижесінде спорттық ядро стандарттарының құрамындағы алаң мен жолдардың мынадай көлемдері ыңғайлы екендігі анықталды: 104х69м (футбол алаңы), жүгіру жолының ұзындығы 400 метр (тіке кесінділер 86м, бұрылыстың радиусы 36м). Жүгіру жолы мен алаңның көлемдері осындай үйлесімде болған кезде алаңның жанындағы сызық пен ішкі жол жиектері арасында ені 1,5м болатын бос жолақ пайда болады, ол алаңның беті мен жүгіру жолынан ағып келетін жаңбыр мен қардан еріген сулар ағып келетін орын болатындығына назар аудару керек.
Барлық жеңіл атлетикалық қашықтықтардың жалпы мәресі тіке жүгіру жолының аяғына орнатылатындығы белгілі. Сондықтан жалпы мәре сызығы алаңның қақпасының сызығына қарама-қарсы емес, одан 9,77м қашықтықта тұруына назар аудару маңызды (спорттық ядроның ортасында).Спорттық ядроны резина битум және синтетикалық төсенішке құрғақ бормен емес жер бетіне металлдан жасалған қада қағу арқылы белгі қойылады, одан кейін контур сызықтары бормен немесе бояумен белгіленеді. Трафареттің ішін бояу арқылы тіке сызықтар сызылады. Жүгіру жолының бұрылыстары арнайы тырма циркульмен белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет