Спорттыќ ќўрылыстар


Спорттық ядроны пайдалануға қабылдап алу актісі мынадай құжаттардан тұрады



бет14/23
Дата11.10.2022
өлшемі3.41 Mb.
#462410
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Лекция (2)

Спорттық ядроны пайдалануға қабылдап алу актісі мынадай құжаттардан тұрады:
1. қабылданатын обьектінің қысқаша техникалық сипаттамасы (мәні, мөлшері, конструкциясы);
2. бекітілген жобалық және сметалық құжаттамасы;
3. орындалған жұмыстардың жобаларға сәйкестігі туралы анықтамалар;
4. орындалған жұмыстардың жалпы бағасы көрсетілген анықтамалар;
5. обьектінің пайдалануға дайындығы туралы жазбаша қорытынды және салынып біткен спорттық ядроны қабылдап алу туралы комиссия шешімі.*******

Дәріс-8. Тақырыбы: «Футбол алаңдары»
Жоспары:

  1. Футбол алаңдарының көлемі мен бағдарлары

  1. Футбол алаңдарының құрылымы

  1. Футбол алаңдарының жабдықтары

  2. Футбол алаңдарын пайдалану және күту




  1. Футбол алаңдарының көлемі мен бағдарлары. Футбол алаңдары деп тікбұрышты жоғарғы беті тегіс алаңды атаймыз. Онда ойын алаңы және жан-жағынан қоршап тұрған, өзге заттардан босатылған, ойын қауіпсіздігін реттейтін айма0 орналасқан. Қолданылып жүрген жарыстар ережелеріне сүйене отырып, футбол алаңдары халықаралық талапқа сай ұзындығы 100 ден метрге дейін, ал ені 64 тен 75 метрге дейін болуы тиіс. Мұндай алаңдар ең көп таралған. Қысқартылыған ережелер бойынша өткізілетін ойындар үшін көлемі қысқартылған футбол алаңдарын салуға болады. Құрылыс жүгізу барысында алаңдардың құрылыс көлемдері ескеріледі. Ойын алаңы ені 12 см (кіші алаңдарда ені 6-8 см) көлемде анық көрінетін жасақ сызықтар жүргізіледі. Таңбалау сызықтарының ені алаңның шектеу көлеміне қосылып есептеледі.

  1. Футбол алаңдарының құрылымы.

Футбол алаңдары көгалды, көгалсыз немесе арнайы жасанды төсеніш материалдарымен көмкерілген болып бөлінеді.
Көгалды алаң. Мұндай алаңдардың құрылымы бір қабатты немесе көп қабатты болып келеді. Бұлай бөлінуі құрылыстың жер қыртысының, климатының немесе гидрологиялық шарттарына байланысты.
Бірқабатты алаңдарды салуға шығын көп қажет етілмейді. Олар жылдық жауын-шашын көлімі 300-500 мм –ден аспайтын, жер асты сулары жер бетінен 0,8 м тереңдікте жер қыртыстарының сапасы қанағаттанарлық аудандарда ғана салынады. Су өткізбейтіндей болуы үшін жерге қиыршық құм, шағал және қиыршық шлак төгіледі. Алаң құрылысында жердің құмды қабатында жауын-шашын түсетін бөлігіне топырақ төгіліп, ал оны бетіне 30 см қалыңдықпен жоғары қабатын төсеу керек. Егер құрылыс ауданында көлемі кем болса, онда шөп-тамыры жайылар жер қыртысында ылғалдылық сақталу жағдайын ойластыру қажет, өйткені көгал шөптерінің қалыпты деңгейде өсіп-жетілуі керек. Ол үшін алдымен ылғалды бойына сақтай алатын қабат болуы шарт немесе арнайы материалдар қолданылады. Мұндай материалдарға топырақ, тарф жатады: оларды 10-12% есептік көрсеткішпен еспетептік көрсеткішпен есептеп қолданылады. Ылғал сақтағыш қабатты жасау үшін қылқалам жапырақты ағаштар үиіндісін, мох қолданылады.
Егер жердің негізгі қабаты ауыр грунттардан тұрса (батпақты, сор жер және т.с.с.), онда футбол алаңының құрылымы үш-бес қабаттан тұруы мүмкін.
Үш қабатты футбол алаңдары қалыпты немесе қалыптан артық мөлшерде жауын түсетін аудандарда салынады.
Бес қабатты футбол алаңдары –жауынның қалыпты жағдайдан кем түсетін аудандарда салынады. Жердің батпақты бөліктерінде алдын ала қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Футбол алаңының дұрыс қолданылуы үшін төгіп жауған жауын мен қар ертінділерін шығарудың маңызы зор. Осыған байланысты алаң құрылысында көлденең жоспарлау жұмыстарын жүргізу қажет.
Алаңның жоғарғы қабатының шетін белгілеуі мен айналасындағы алаңқайдың деңгейінің айырмасы 10 см –ден кем болмауы тиіс.
Көгалды алаңдар салу үшін:
1.Жердің негізгі қабатын дайындау қажет
2.Ылғал өткізу, ылғалды сақтауға бейім қабаттар жасау жұмыстарын жүргізу
3.Жердің құнарлы қабаттарын жасау
4.Көгалдар жасау
Футбол алаңының құнарлы қабаты ең алдымен шөптің дұрыс өсіп-жетілуінің негізгі шарты болып табылады.
Құнарлы қабаттың маңызы жемістілігін де, ал ол жердің агротехникалық қасиетіне байланысты. Құнарлы топырақтың агрохимиялық анализінде топырақта қара шіріктің оның қышқылдығы мен қабаттың деңгейі анықталады. Топырақтағы қара шіріктің оптималды көлемі 3-6 % болуы шарт. Егер топырақта қара шірік көлемі артық болып жатса, онда ол топыраққа құм қосылады, ал қарашірік аз болса, онда тарф қосылады. Құнарлы қабаттың қышқылдығы 6-7 ден аспауы керек. Құнарлы қабаттың ылғалды еріткіштік қзабаттары жердің бар салмағының 0, 1-0, 2% нан аспауы керек. Жер қыртысының құнарлығын арттыру үшін әр түрлі тыңайтқыштардың көмегі бар (органикалық және минералдық)
Органикалық тыңайтқыштарға – малдың қиы, қарашірік, құстардың сыңғырығы жатады.
Футбол алаңдарының құрылысында қолданылатын минералдық тыңайтқыштарға аммиак селитрасы, кальций селитрасы, суперфосфор және т.б. жатады.
Құнарлы қабат пен одан төменгі қабаттардың жұмыстарының жүргізілуі бірдей. Құнарландырған заттар алаңға әкелініп, белгіленген тығыздық коэфиценттік есепке (1, 25 шамасында) алу көрсеткішіне байланысты белгілі бір қалыңдықпен тегіс төселеді. Содан кейін бұл қабатты ағаштан жасалған дөңгелекпен бастырады және жақсы әрі тез бастырылуы үшін суғарылады. Жоғарғы құнарлы қабатты және алдында алаңды пар үшін қалды. Бұл арамшөптермен күресті жүргізуге өте қажет. Арам шөптерді химиялық заттар қолдану арқылы жоюға немесе шауып тастауға болады.
Көгал жасау үшін, футбол алаңына арнайы шөптердің тұқымын себу арқылы жасалады.
Тұқым – себілген көгалдар
Көгалдардың сапасы көп жағдайда шөптердің түрлерін дұрыс таңдай білуге байланысты. Футбол алаңына ең жақсы деп көпжылдық шөптер тұқымдары есептеледі. Тұқымдарды себудің белгілі бір арнайы мөлшері белгіленбеген.
Тұқымдар санының мөлшері – жапырағы тығыз болып тұратын шөптердің тұруын керек етеді. Алаңға себілетін тұқымдар саны тұқымының түріне байланысты 150 ден 200 кг-ға дейін болуы мүмкін. Тұқым себу алдында алаңның жоғарғы бетін 1-1, 5 см тереңдікте қопсыту жұмысы жүргізіледі. Қопсытылғаннан кейін алаңда ені 2 метр жалпақтықпен көлденең әрқайсысына алдымен ірі тұқымдар себіледі де үстінен алаңның ұзындығына көлденең тырмаланады. Бұдан кейін алаңдағы осы жолақтарға көлденең жолақтарға бөлініп, оған майда тұқым дәндері себіледі.
Тұқым себудің ең – тиімді мерзімі-ерте көктем. Тұқым себілгеннен кейінгі алғашқы күндері алаңды басуға болмайды. Тұқым себілгеннен кейін 7-20 күн ішінде тұқымдар өніп өсе бастайды. Шөптер өсіп, бойы 10-12 см-ге жеткенде, оның бойын 5-6 см етіп ору керек. Шөптің бірінші оруы құрғақ ауа-райы жағдайында жүргізілуі тиіс. Жаңадан көгал жасалған алаңды 1, 5-2 көлемінде қолданысқа енгізуге болады.
Шымнан жасалған көгалды алаңдар
Футбол көгалдарын шым төсеу арқылы жасауды бір ай көлемінде жасауға болады. Көгалды шым төсеу арқылы жасау жұмысы өте күрделі. Шымды ойып дайындау мен орналастыру жұмыстары да күрделі. Сондықтан шымды ойып алу үшін арнайы алаңқайларда өсіріліп, күтілуі тиіс. Үлкен стадиондарда ондай арнайы шым алаңдары болуы тиіс, өйткені көптеген футбол алаңдарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, алаңдардың кейбір бөліктерін жедел жөндеу кезіінде қолданылады. Бұл шымдар көгалдардың қандай жолмен жасалғанына қарамастан жөндеу жұмыстарында қолданылады. Шымдар арнайы кескіштермен немесе қолдан ойылады. Шым онда, оның ені 20-30 см, ұзындығы 50-40 см, бойы 6-8 см болуы тиіс.
Төселген шымдарды ақырын бастырады. Шым төсеу жұмысы алаңның ортасынан басталады. Шым төселген алаң негіздеп суғарылады.
Вегетативті материалдар көмегімен жасалған көгалды алаң. Шөптің вегетативті (тамырлы) бөлігінен жасалған көгалдар негізінен оңтүстік аймақтарда жасалады.
Аналық өсімдіктердің мұртшаларын 10-15 см ұзындықта кесіп алынады, оның бірнеше өніп тұрған көздері болуы тиіс.Содан кейін оны бір-бірімен 5-10 см қашықтықта топыраққа 1-2 см тереңдікке отырғызылады. Отырғызу жұмыстары біткеннен кейін оны жақсылап суғару керек.
Отырғызылатын (вегетативті) материалдарды дайындау үшін алуын ала отырғызылатын көшеттерді дайындайтын арнайы алаңқай болуы шарт.
Көгалдандырылған футбол алаңы
Бұл алаңдардың құрылымы мен пайдаланылуы өте қарапайым. Көгалсыз алаңдар ойындар мерзімдері аралықтарындағы уақыттарда қолданылады.
Арнайы жасанды материалдардан жасалған футбол алаңдары.
Қазіргі кезеңде спорттық құрылыс тәжірибесінде футбол алаңдарын жасанды жабдықтау кең қолданыс табуда, бұл жасанды жабдықтар шөптің орнына қолданылатындай етіп арнайы жасалған. Мұндай жасанды төсеніштер өте тиімді әрі сапалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет