Спорттыќ ќўрылыстар



бет13/23
Дата11.10.2022
өлшемі3.41 Mb.
#462410
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Лекция (2)

2. Спорттық ядро құрылысы.
А) Жер телімін таңдап алу.
Спорттық ядроның құрылысы үшін жер телімін таңдап алу кезінде жер рельефі мен құрылыстың гидрогеологиялық жағдайларының шешуші маңызы бар. Спорттық ядроны жобалау бойынша жер жұмыстарының ең төменгі көлемін қажет ететін жерді таңдап алған жөн. Жер асты сулары жердің деңгейінен 70 см жоғары болған жерге спорттық ядро орналастыру тиімсіз, себебі оны құрғатуға көп шығын жұмсалады. Жер асты суларын тексеру үшін 4-5 жерден тереңдігі 1м болатын шұңқыр қазу керек. Одан кейін сол жерлерге 2-3 шелек су құйылады. Жер құрғақ болған жағдайда су 5-15 минуттың ішінде тез сіңіп кетеді. Жер сазды болса суды ұзақ уақыт сіңіреді (15-40 минут). Сазды және батпақты жерлерге су сіңбейді. Мұндай жерлерде су бір сағаттан астам уақыт сіңбей тұрады. Құмды жерлер әдетте құрғатылмайды. Орташа сазды және қатты жерлерді құрғату қажет.
Спорттық ядро салуға ыңғайлы жерлер.
Жан-жағы биіктеу немесе бір жағы биіктеу жерлерге салған ыңғайлы, биік жерлерді көрермендер отыратын орын үшін пайдалануға болады. Жер таңдаған кезде осы ауданға тән желдің жылдамдығы мен бағытын ескерген жөн. Егер желдің жылдамдығы секундына 2,5метрден артық болса, спорттық ядроны желден және шаң-тозаңнан қорғау шараларын қарастыру керек. Осы мақсатта спорттық ядроның айналасына ағаштар мен бұталы өсімдіктер отырғызу керек (жасыл желектің ені 3-тен 10 метрге дейін).
Меридионалдық спорттық ядро салған жөн (бойлау осьі солтүстіктен оңтүстікке қарай. Осы осьтің меридианнан ауытқуы +/-15гр.). Спорттық ядро осылайша орналасқан кезде оның солтүстік жағындағы көрермендерге арналған орын өте ыңғайлы болады.
Спорттық ядроға арналған жер телімінде кемінде екі кіреберіс және екі шығатын жол болуы керек.
Б). Жер телімін жер жұмыстарына дайындау.
Жер телімін дайындаудың алдында сол жерде тік бұрыштар жасап алу керек (192х95м), ол квадраттарға бөлінеді, одан кейін жер телімінің геодезиялық сызбасы жасалады. Жер телімінің геодезиялық сызба материалдары бойынша нөлдік деңгей, яғни горизонталды ауданның белгісі анықталады, биіктеу жерлерден алынған топырақ төмендеу жерлерге төгіледі. Егер жер асты сулары шамадан тыс жақын болса (0,7м), онда горизонталды ауданның белгісін нөлдік деңгейден 10-20 см биіктікке көтеру қажет. Бұл ретте төселген топыраққа қарағанда кесінді топырақ аз болады және де тығыздай түсу үшін топырақты басқа жақтан әкелу қажет.
Жердің үлкен аумағын қазып және кесіп алу және басқа жаққа қарай тарту жұмыстарын бульдозер атқарады. Жерді аздап тегістеу жұмыстарын грейдерлер атқарады. Жер жұмыстары басталар алдында шым қазылып алынып, сақталады және кейіннен футбол алаңын немесе басқа көгалдар жасаған кезде пайдаланылады.
Жер вертикалды жобалаудан кейін бөлінеді. Жерді бөлу жұмыстары спорттық ғимараттың сызбасын құрылыс салынатын жерге орналастыруға байланысты жүргізіледі. Бұл жұмыс үшін геодезиялық құралдарды пайдалана алатын геодезист мамандарды тарту ұсынылады. Өз бетінше құрылыс жүргізген кезде күрделі емес өлшеу құралдарын пайдалануға болады. Бөлу жұмыстары үшін сондай-ақ жіптер, металлдан жасалған өлшегіштер (бұрылыстарды мөлшерлеу және сызу үшін), ағаш және темір қазықтар қажет.
В) Спорттық ядроның негізін жоспарлау.
Спорттық ядроның негізін жоспарлау дегеніміз жер бетіне жүгіру жолының, футбол алаңының және секторлардың қабат-қабат құрастырмаларын төсеуге дайындау. Спорттық ядроны жоспарлау кезінде сол жердің бетіндегі жекелеген нүктелер нөлдік деңгейге қарағанда көтеріңкі немесе төменірек болатындай етіп бөлінуі тиіс. Вертикалды жоспарлау сызбасын спорттық ядроның барлық жерінде су ағып кететін нормаланған еңіске сәйкес орындау керек. Сызба бойынша жер жұмыстарының картограммасы жасалады. Құрғату жүйелерін орнатуды талап ететін сазды және батпақты жерлерде спорттық ядро негіздерін жоспарлау керек. Үстіне топырақ төселетін жерлерге 10 см қалыңдықтағы қабаттар төселеді. Әрбір қабатқа су төгіліп, одан кейін нығыздайтын құралмен бекітеді. Жер жұмыстарының картограммасына сәйкес биіктіктерді қада қағып белгілейді. Жоспарланған құрылыстың биіктігін белгілейтін қадалар тегістелген және нысаналанған жерге қағылады. Сонымен бірге құрғату арналары мен секіруге арналған шұңқырлар қазу керек.
Арнайы құрылыс қоспалары төгілетін жерлер көгалдар орнатылатын жерлерден бөлініп тұруы керек.
Г) Құрғататын қондырғылар.
Қатты қабатты жердің бетінде салынатын спорттық ядроның құрғату жүйесінде мыналар болуы тиіс:
1) жүгіру жолының ішкі жағында және футбол алаңының бет жағындағы сызықтарының бойында орналастырылған және барлық спорттық ядродағы жер беті және жер асты суларын жинайтын арық түріндегі сақиналы магистралды құрғатқыштар;
2) алаңның, секторлардың немесе су өткізбейтін (сазды және батпақты) жүгіру жолдарына арық түрінде орнатылған құрғатқыштар (шағыл тастармен, құрғатқыш құбырлармен);
3) жүгіру жолдарының, алаңдар мен секторлардың өз құрғатқыштары, яғни қабатты тұтастай құрғатқыш тегіс жерге салынған ғимарат пен жер қабатының арасындағы ылғалды (жұмыр) қабатқа салынады. Бұл құрғатқыш шағыл тастан, қождан немесе ірі құмнан салынады;
4) алаңның немесе секторлардың бойымен салынған лотокты (жан жағы бекітілген арық) құрғатқыш. Бұл құрғатқыш көбінесе су өткізбейтін жолдар құрастырмалары мен секторларға салынады және жер бетіндегі сулардың жиналуы мен оларды су жинағыш құдықтар арқылы спорттық ядродан тыс жерлерге ағызып жіберу үшін қолданылады.
Д) Орындалған жұмыстарды қабылдап алу ережелері.
Спорттық ядро ғимаратының жанындағы біраз жұмыстар алдын ала жүргізіледі. Сондықтан алдымен көрінбейтін жұмыстардың орындалу сапасы тексерілуі тиіс, яғни кейіннен жүргізілетін жұмыстар үшін қажетті жұмыстар, одан кейін аяқталған конструктивті элементтердің орындалуының сапасы. Мысалы, негізгі және аралық қабаттарды орналастырған кезде мыналарды тексеріп алу қажет:
1. материалдар сапасының қолданыстағы нормалар мен стандарттарға сәйкестігі (сыртқы пішінін қарау, материалдарды ішінара тексеру);
2. мұқият жоспарлау және көлденең бекітілген материалдардың жобалық талаптарға сәйкестігі (әрбір 5 метр сайын өлшенуі тиіс);
3. қабаттардың қалыңдығының жобалық талаптарға сәйкестігі (жол және алаңның бойындағы өлшемдер алаңның шетінен 3м, көлденеңінен 5м қашықтықта болуы).
Орындалған жұмыстарды ішінара қабылдап алу төселетін қабаттың беті немесе жер қабаты дайындалып, құрғатқыш жүйе, конструктивтік қабаттар орнатылғаннан кейін жүргізіледі. Қабылдау комиссиясы обьектіні көзбен көруге, жер қабатынан тексеру үшін топырақ, құрылыс материалдарын және алуға болатын қолайлы уақытта жұмыс істеуі тиіс. Дайын болған обьектіні тапсыруға дайындап жатқан ұйым мынадай құжаттама дайындайды:
1. спорттық ядроның конструктивтік элементтерінің жұмыс сызбалары;
2. көрінбейтін жұмыстардың актілері;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет