Алаңды жоспарлау.
Волейбол алаңының бетін ортаңғы сызықтан беткі сызыққа қарай еңіс етіп жоспарланған дұрыс.
Баскетбол алаңындағы еңістерді, екі доңғалаққа ортаңғы ұзындық сызығынан, шеткі сызығына жасау керек. Бірақ алаңның орналасуы, жер пішіні олардың басты орналасу қабатарына байланысты тік жоспарлау өзгеруі мүмкін.
Тік жоспарлау бүдір пішінді тегіс спорттық алаңға айналдыру қажет. Спорт алаңын жоспарлағанда жер пішінін аса тиімді етіп пайдалану қажет.
Тік жоспарлаумен жұмыс істегенде жұмыстарының картограммасын қөру керек, ол үшін жерді бөліп шаршы метр өлшемін
2 х 2 немесе 3 х 3, содан соң төгетін топырақ немесе ойылатын жер биіктігін әрбір шаршы метрден есептеу.
Жоспарланған әрбір шаршы метрдің түйініне қада қағылады. Сол қадалардың, деңгейдің өлшеуіш пен булардың көмегімен төгетін топырақтың тереңдігін тура өлшеп және қадаларға керекті белгілерді жасап және солар арқылы жұмысты орындауға болады.
Алаңның бет құрылымы былай болуы керек.
Тегіс, тығыз, икемді, доптың жақсы секіруі, сужұтқыш, ішкі ылғалды ұстап қалатын.
Ауа қабатының тұрақтылығы.
Үнемділік.
Арнайы алаңның бет құрлымы гидрогеологиялық және климат шартына байланысты. Алаңның ең қолайсызы нашар су өтетін сазды балшықты және сазды топырақты жерлер. Мұндай жерлерге, яғни алаңға ұсақ тас төсеуді ұсынады. Егер жерге су өтетін (құмды немесе топырақты) болса алаң құрылымдағы қалыңдықты азайту жеңілдеу болады. Алаңның ең қарапайым түрі табиғи және жасанды жерден бір қалыпты құрылуы мүмкін.
Алаңның бетінде шалшықтың болмауы үшін және олардың жабуларын суланудан сақтау үшін жер асты суларын жүргізу жұмыстарын жасау қажет және алаңның бетінде жиналып қалатын судан сақтану қажет. Осындай жағдайларды болдырмау үшін алаң бетінде еңкіш (су ағатын) айналасына қарай су ағатын арықшалар жасаймыз.
Спорттық алаңның су қабылдайтын беті (табиғи және жасанды) топырақтан жасалады. Қоспаның дайындалуы топырақ құрамының құрлымына қарай алынады. Керамикалық қоспалар қатты және мәңілік болып табылады. Оларды тенистік алаңдарды бекіту үшін қолданылады. Себебі бұл жабу доптың жақсы секіруіне және тозбауын қамтамассыз етеді.
Әкпен, кірпішпен жасалған қоспалар –олар мәңгілік және ауаның құбылыстарына төзімді. Бұл қоспалар баскетбол, волейбол, теннис алаңдарын жабу үшін қолданылады.
Батбақты, құмды қоспалар жәй және арзан болып табылады, бірақ төзімді және шыдамды болып табылады. Сондықтан оларды уақытша алаңдарды және комплекстік алаңдарды жабу үшін қолданылады.
Қол добымен теннис алаңдарды шөпті (газон) жабумен жасауға болады. Бұндай алаңдар жақсы құрылымда қолайлы болып табылады. Бұл типті алаң күтімі газон шөптерін орып тұрумен және суарып құнарландырып тұру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |