Спорттыќ ќўрылыстар



бет7/23
Дата11.10.2022
өлшемі3.41 Mb.
#462410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Лекция (2)

Спорттық құрылыстар – дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану үшін арнайы спорттық құрылыстар: спорттық алаңдар және стадиондар, жүзу бассейіндер, сырғанақтар, спорттық залдар және т.б. Дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін спорт ғимараттары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен спорт ғимараттарын ұстаудың санитарлық ережесімен регламенттелген арнайы санитарлық-гигиеналық талаптарды есепке ала отырып салынады.
Спорт ғимараттарын салу кезінде басым желдер мен атмосфераны ластау көздерінің (источники) орналасуы ескеріледі. Табиғи су айдындарында жүзуге арналған бассейндер ағынды жерлерден, мал суғаратын жерлерден және т. б. жеткілікті қашықтықта салынады. Шаңнан қорғау мақсатында спорт ғимараттары ағаштармен қоршалады. Спорт ойындарына арналған алаңшаларда және жүгіру жолдарында жаңбыр суының жұтылуын және ағып кетуін қамтамасыз ететін топырақ және шаңданбайтын тегіс жер болуы тиіс. Жарақаттанудың алдын ала алуын ескерту үшін қоршаулар мен орындықтар спорт алаңынан 1,5 - 2 м жақын емес жерге орналастырылады; секіруге арналған шұңқырлар босату(взрыхление) тиіс; қала және хоккей алаңдары мен лақтыруға арналған орындар қоршалады.
Құйылатын мұз айдындарындағы мұздың қалыңдығы 5-6 см кем болмауы, ал табиғи су айдындарында 16-18 см кем болмауы тиіс.;мұздың беті тегіс, жарықсыз және ойықсыз болуы тиіс, мұз айдынының жарықтануы кешкі уақытта кемінде 50 лк, ал хоккей ойнау кезінде кемінде 100 лк болуы тиіс.
Жүзуге арналған бассейндердің тереңдігі 1 - ден 2 м-ге дейін (түбін біртіндеп төмендете отырып), ал жүзуге оқитын балаларға арналған бассейндерде-70-тен 120 см-ге дейін болуы мүмкін; секіруге арналған орындарда бассейннің тереңдігі 3,5-тен 5 м-ге дейін (мұнара (вышка) биіктігіне қарай) болуы тиіс. Жасанды бассейндерде суды тазарту (сүзу), залалсыздандыру (хлорлау арқылы жиі) және қыздыру үшін арнайы аппаратура бар. Жабық бассейндерде қыста ауа температурасы 24-26°, су температурасы 22-24° (балалар үшін 24-25°) болуы тиіс. Ашық бассейндерде күзгі-қысқы уақытта суды t° 28-29°дейін қыздырады. Спорт залдарында қабырғалар шығыңқысыз (без выступов) болу қажет, майлы бояумен (жууды жеңілдету үшін) еденнен кемінде 1,75 м деңгейге дейін жабылуы (покрыты) тиіс, жылыту аспаптары қуыстарға орналастырылады. Қыста залдардағы ауа температурасы 13-15°шегінде. Желдету - сору-сыртқа тарату, бір адамға ауаның алмасуы 80 м3/сағ есептеленеді. Спорт залдарындағы табиғи жарықтандыру ең ыңғайлы екі жақты, жарық коэффициенті кемінде 1: 6; жасанды жарықтандыру кезінде жарықтандыру шамасы кемінде 100-150 лк болуы тиіс. Спорт ғимараттарындағы қосалқы үй-жайларды (киім ауыстыру орындары, демалыс бөлмелері, буфеттер, жуыну бөлмелері, дәретханалар және т. б.) ресми құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес саланады.
Спорт ғимараттарының санитарлық-гигиеналық жағдайын қадағалауы, мектеп, өнеркәсіп ұжымдарына қызмет көрсететін, спорт ғимараты кімге тиесілі, медицина қызметкерлері, жәнеде санэпидқызметтері жүзеге асырады. Дене тәрбиесінде бұл дәрігерлік бақылаудың бір түрі. Сабаққа қатысу кезінде негізгі санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға назар аударыладыды: сабаққа дейін 30-40 минут бұрын спорт алаңдарын күн сайын жинау және суғару, бассейнге кірер алдында гигиеналық душ қабылдау, спорт залына әдеттегі аяқ киім мен киімге кіруге тыйым салу, залды күніне 1-2 рет жинау, спорттық снарядтарды сүрту, залды сабаққа дейін және олардың арасында міндетті түрде желдету, болатын жарақаттардың алдын алу мүмкіндігін (мысалы, секіруге арналған шұңқырлардың босатуын(взрыхление), гимнастикалық снарядтардың және т.б.). Санитариялық-гигиеналық қадағалау нәтижелерін анықталған кемшіліктерді сабақ басшыларының назарына жеткізу үшін арнайы журналдарға енгізілінеді. Пайдалануға байланысты спорт ғимараттары келесі түрлерге бөлінеді:
1) спорттық ядро - жүгіру жолымен жиектелген футбол (ойын) алаңы, номиналды өлшемі, егер өлшеу желісі бойынша жолдың ұзындығы 400 м -ге және бұрылу радиусы 36 м-ге тең. Ядро құрамында-жүгіру жолы және жеңіл атлетика секторлар.
2) спорттық арена - спорттық ядро трибунасы бар ашық ауада-1500 адам, үй-жайда-500 адамнан;
3) спорт залы - ұзындығы 18 метрден кем емес, ені 9 метрден кем емес және биіктігі 5 метрден кем емес жабық спорт ғимараты (аз мөлшерде "спорттық мақсаттағы бөлме"атауы қолданылады).Ғимарат спорттық немесе басқа мақсаттағы ғимаратқа салынған. Көрермендерге орын орналастыру мүмкін.
4) спорт кешені - жеке тұрған ғимарат, негізгі элементі спорт залы. Зал сандары шектелмеген. Көрермендерге орын орналастыру мүмкін. Залмен бірге (залдармен) жүзу бассейндер орналасуы мүмкін.
5) спорт манежі (футбол, жеңіл атлетикалық, ат) - оқу-жаттығу процесінің талаптары мен спорт түрлеріндегі жарыстар ережелері бойынша қанағаттандыратын, үлкен көлемді негізгі жазық құрылыстар (алаңдар, спорттық ядролар) ретінде пайдаланылатын жабық бөлек тұрған немесе кірістірілген ғимарат. Көрермендерге орын орналастыру мүмкін;
6) әмбебап спорттық-ойын - сауық (көрсету) залы (спорт Сарайы) - 1000 және одан да көп көрерменге арналған жабық ғимарат (жабық арена). Көрермендер залының негізгі алаңының өлшемдері қол ойындарының барлық түрлерін өткізуге мүмкіндік береді, немесе жарыс ережелерімен анықталған өлшемдері бар хоккей қорабын сыйдырады.
7) спорттық жүзуге, су добына, суға секіруге немесе синхронды жүзуге арналған жүзу бассейні (бассейндер) - жарыс ережелерінде көзделгеннен кем емес мөлшерде негізгі ваннасы бар ашық және жабық ғимарат. Бір ваннада бірнеше спорт түрлері үшін жағдайлар көрсетілу және көрермендерге арналған орындарды орналастыру мүмкін.
8) спорттық трассалар (жеңіл атлетикалық, кроссалық, тау шаңғысы, шана, бобслей, шаңғы роллерлік, велосипед, биатлон, шаңғы, жергілікті жерге бағдарлау үшін) – жарыс ережелерімен және оқу-жаттығу процесінің талаптарымен регламенттелген қашықтықтың соңғы екі нүктесінің арасындағы қашықтық;
9) атыс тирі - жауынгерлік немесе спорттық қарудан ату үшін жабық және ашық ғимарат;
10) атыс орны - атыстың әртүрлі түрлеріне арналған ашық немесе ашық және жабық (жартылай жабық) құрылыстардан тұратын кешен;
11) велотрек - есептеу бойынша вираждары көлбеу төсемді, тыныш жүру аймағын және қызмет көрсету үй-жайларын қамтитын көлемді жабық немесе ашық ғимарат. Көрермендер үшін мінбелерді орналастыру мүмкін;
12) велодром - жабық ғимарат, велотрекпен және 3000 одан да көп көрермендерге арналған орындармен қамтылған;
13) есу арнасы - 220 метр қашықтықтағы және "тура" және "кері" суы бар және қажетті қызмет көрсететін құрылыстары бар жасанды құрылыс;
14) эллинг (жөндеу бөлмесі)- спорттық кемелерді сақтауға және жөндеуге арналған бөлме. Эллинг пен сал арасындағы көліктік байланыс айлаққа келу, кемелерді суға түсіру және оларға шұғылданатындарды отырғызу үшін неғұрлым орынды.;
15) яхт-клуб - желкенді (парусный) спортпен айналысуға арналған ірі су қоймасының жағалауындағы құрылыстар кешені;
16) есу (гребная) базасы - есу және желкенді (гребной) спорт түрлерімен айналысуға арналған құрылыстар кешені;
17) шаңғы базасы - киім ауыстыратын, шаңғы сақтайтын және басқа да қызмет көрсететін бөлмелер мен жаттығуларға немесе сырғанауға арналған трассаларды қамтитын құрылыстар кешені. Трассаның құрамына кіру мүмкін шаңғы стадионы, ұзындығы 400 метрден кем емес старт пен мәреге арналған учаске ені 100 метрден кем емес - төрешілер павильоны, көрермендерге арналған трибуна;
18) шаңғымен секіруге арналған трамплин - нормаларға сәйкес есептелген және пайдаланудың қауіпсіз жағдайларын бір мезгілде қамтамасыз ету кезінде оқу-жаттығу жұмыстары мен жарыстар үшін қажетті техникалық құрылғылармен жабдықталған екпін тауын (әдетте эстакада түрінде), қону тауын қамтитын көлемді құрылыс.
19) жабық коньки тебу жолы - жасанды мұзы бар және жолдың ұзындығы кемінде 250 метр жылытылатын жабық құрылыс. Көрермендерге орын орналастыру мүмкін;
20) спорт ғимараттарының кешені - бір аумақта орналасқан және басқару бірлігіне байланысты оқу-жаттығу жұмыстары мен жарыстарына арналған бір үлгідегі және түрлері бойынша әртүрлі көлемді және жазықтық құрылыстар тобы;
21) стадион-кешен, аренасын қамтитын кешен;
22) құрама командалардың базасы, оқу-жаттығу орталығы - ұзақ жиындарды өткізуді қамтамасыз ету үшін спорт ғимараттарын, медициналық-қалпына келтіру орталығын, ұйықтайтын корпусты, ас блогын және бос уақыт мекемесін қамтитын кешен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет