Спорттыќ ќўрылыстар


Жүгіру жолдарының пайдалануы және күтімі



бет10/23
Дата11.10.2022
өлшемі3.41 Mb.
#462410
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Лекция (2)

3. Жүгіру жолдарының пайдалануы және күтімі.
Арнайы қоспалардан жасалған жүгіру жолдары көп еңбьекті қажет етеді. Жердің жоғарғы қабатының таза болуына көңіл бөлу керек. Сызықтардың түзулігін және арнайы жабғының ылғалдылығын қадағалап болғанда ағаш үгінділерін 2-3 см қалыңдықта төсеп, жүгіру жолдарын құрғату керек. 2-3 сағаттан кейін үгінділерді алып тастау керек. Жолдың жоғарғы қабытын үнемі тегістеп отыру керек. Жүгіру жолдары пайдалануға жарамсыз болып қалғанда, толық жөндеуді қажет етеді. Резина-битумды және асфальтталған жолдар топырақты жолға қарағанда пайдалануға ыңғайлырақ, өйткені олар жаңбырлы кезде өзінің қасиетін жоғалтпайды және шаң көтермейді. Күн суытқанда қатая түседі. Күн жылығанда жұмсарады.
Резина-битумды және асфальтты резиналық жамылғыларға мұқият күтім жасау үшін төмендегі ережелерді қолданамыз.

  1. Жамылғының бүлінген жерлерін үнемі жаңартып отыру керек.

  2. Тесіктердің уақытында 5-20 мм. дейін бітеп отыру керек.

  3. Пайда болған сызаттарды мұқият тегістеу.

  4. Ұсақ тесіктерді салқын резина битумды шайырлармен немесе ыстық жабынды – гидроизологиялық шайырмен жабуға болады. Салқын шайырды пайдалану үшін ауадан +5 градус төмен емес температура керек.



Дәріс-6.Тақырыбы:“Баскетбол және волейбол ойындарға арналған құрылыстар”
Жоспар:



  1. Спорт алаңының бейімі мен көлемі.

  2. Алаңды жоспарлау.

  3. Алаңның бет құрылымы.




  1. Спорт алаңының бейімі мен көлемі.

Баскетбол және волейбол алаңының құрылысы жабдықталған жазық құрылыстан тұрады. Спорт алаңдарының көлемін анықтағанда ойын және құрылыс өлшемін білу керек. Ойын өлшемдері олардың ережелерімен сәйкестендіріледі. Құрылыс өлшемдері ойын өлшемдерінен қауіпсіздік көлемінен үлкен.
Ойын алаңы бөлек не қоршаулы болуы мүмкін. Мысалы: қоршалған алаң бір немесе бірнеше ойындарға қолданылады. Қажет болған жағдайда алаңды ойының ережесіне сай белгілермен және құрал- жабдықтарымен құрастыруға болады.
Алаңның ұзындық бойына. Ойын кезінде күн қырынан түсіп тұру керек. Сондықтан кешке қолданылатын алаңдар меридиан бойымен бағытталады, яғни ұзындық осі солтүстіктен оңтүстікке 150 градустық мүмкіндікпен орналасады.
Егер бір спорттық ойынның түріне бірнеше алаң орналастыру керек болса, онда оның үштен бір бөлігіне дейін ғана экваторлық бағытта орналастыру керек.
Көп қабатты үйлердің аралығында алаңдарды үйлердің шығыс жағынан орналастыру тиімді және экваторға бейімдеу керек. Бұл жағдайда күн ойынға күндізде де, кешкеде кедергі болмайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет