Спорттыќ ќўрылыстар


Жүгіру жолдарының конструкциясы және олардың құрылысы



бет9/23
Дата11.10.2022
өлшемі3.41 Mb.
#462410
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Лекция (2)

2. Жүгіру жолдарының конструкциясы және олардың құрылысы.
Арнайы қоспасы бар суды жақсы қабылдайды. Жүгіру жолдары (қыратты, жоталы, керамикалық). Мұндай жолдардың конструкциясы гидрогеологиялық климат жағдайына байланысты. Жүгіру жолдарын әсіресе жаңбырлы және батпақты жерлерде жасау қиын.
Батпақты жерлер ылғалды сіңірумен ерекшеленеді, сондықтан жолдың сапасы төмендейді. Қыратты жолдары өздерінің сапасының жоғарылығымен және ылғалды аз сіңірумен ерекшеленеді. Құмды жерлер қысымы аз және үгілмелі болады. Олар жүгіру жолдарын салуға ыңғайлы.
Қыратты жолдар (15-20% ылғалдықта) жеткілікті түрде серпінді әрі тез жүгіруге ыңғайлы. Бірақ қыратты жолдар ұзаққа шыдамайды. Тазалық сапасы төмен және пайдалануға ыңғайсыз.
Қыратты жолдар – иірімді болып келеді. Осыған байланысты, бірақ соған қарамастан олар шыдамды болып келеді, бірақ қымбат.
Керамикалық жолдар - өте ұзақ сақталады, және кез-келген атмосфераға шыдамды. Ол жиі жөндеуді қажет етпейді.
Жүгіру жолдарының құрылысы – жоспарлаудан басталады. Жоспарлау барысында арнайы ыдыс дайындалады, оған жүгіру жолдарын жасауда қолданылатын конструкторлық сілемдер құйылады.
Негіз – жалпы тәрізді жүйені құрып болғаннан кейін төселетін топырақтың үстіне жайылады.
Ұсақ тас – 8-15 см. қалыңдықта төселеді. Өтпелі сергек сілем – шлактан жасалынған қолдан құйылады. Бұл сілемді арнайы құралмен тегістейді. Сергек ылғалды сілем кетпей тұрып төселеді. Бұл сілемді күрекпен тегістейді. Жолдар арнайы құралдың көмегімен жасалған қоспамен үстіне жабылады. Бұл қоспаны түзулей үшін арнайы ережелердің көмегіне сүйенеміз. Қоспаны бекіту үшін үш түрлі әдіс қолданылады.
Бірінші оны міндетті түрде көлденең қолтоқпақпен тегістейміз. Одан кейін қол құралдарына көшеді, кейін механикалық құралдар пайдаланады.
Механикалық тегістеудің алдында жолды жақсылап сулап, бір күнге кептіріп күні бойы кетпегенінше күтту керек. Қоспаны арнайы құралмен екі күн бойына тегістейді. Одан кейін қоспалардың жиынтығынан жүгіру жолдарын жасайды. Ол құмнан немесе кірпіш сынықтарынан төселеді.
Ең соңғы тегістеуден кейін қалған үзінділерді жолдың жиегіне шығарып қояды.
Асфальтталған және резина-битумдалған жолдар.
Асфальтталған қоспалардың құрамында түрлі жиынтықтар және құрамын жетілдіру үшін рәзіңкелердің үгінділерін және құмды қажет етеді.
Резина-битумдық қоспалар тоқымалы құрамнан тұрады, оларды резина үгінділері мен құм толықтырады.
Құм-қоспаның құрамына шыдамдылық пен қасиетін жақсартатын негізгі құрма болып табылады. Резинка үгінділері – төсемге шыдамдылық береді.
1-3 мм. аралығындағы фракция жарамдырақ болып келеді. Резинканың тығыздылығы Шора шкаласымен 50 бірлікке жуық болуы керек.
Толықтырғыш – қоспалы мықтырақ ету үшін қолданады. Ол судың сіңірілуін және температуралардың өзгеруіне әсер етуін төмендетеді.
Битум – органикалық тоқымалы зат болып табылады. Қоспа төсемдері – механизм және қол еңбектеріне жүгінеді. Төсемді төсеу үшін екі жақ ернеуінен рейкамен немесе төңкемен шектеу қолданылады. Қоспаны тығыздау үшін және тегіс әрі жылтыр болу үшін айдынды моторды пайдаланады.
Төсемнің бетіне шыққан ақауларды қоспа суымай тұрған кезде жаю керек. Жөнделген жерлерді моторлы айдынмен жөндеу керек.
Дайын болған төсемнің үстіне ауыр заттар қоюға болмайды.Төсем біткен соң 5 күннен кейін ғана белгілерді түсіруге болады.
Синтетикалық жамылғымен жасалынған жүгіру жолдар. Жүгіру жолдарына арналған синтететикалық жамылғылар, толық суға төзімді және олардың сапасы ауа райына тәуелсіз.
Тартан – спорт құрылысында қолданылатын белгілі синтетикалық материалдық құрылыстардың бірі. Ол өзінің иірімді сергектігімен ерекшеленеді. Одан жасалған жамылғы жапырақшалы немесе құйылмалы 15 мм. қабаттан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет