Спорттыќ ќўрылыстар



бет8/23
Дата11.10.2022
өлшемі3.41 Mb.
#462410
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Лекция (2)

4. Ескерту. 3-тармақта көрсетілген спорт ғимараттары төрт санатқа бөлінеді:
жоғары санат-спорт ғимараттарының көлемі мен жабдықталуы бойынша негізгі параметрлері спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың талаптарына сәйкес келеді және жоғары білікті спортшылардың оқу-жаттығу жұмысын немесе халықаралық жарыстар (Әлем, Еуропа чемпионаты, ТМД чемпионаты, кубоктық жарыстар және т. б.) өткізуді немесе дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметімен айналысуға жарамды, халықаралық талаптарға сәйкес келетін қазіргі заманғы спорт жабдығымен жарақталған спорт ғимараттары немесе бөлмелер;
1 - санат-көлемі мен жарақтандырылуы бойынша спорт ғимараттарының негізгі параметрлері біліктілігі жоғары спортшылардың оқу-жаттығу жұмысын қамтамасыз етуге немесе республикалық жарыстарды (республика, облыс, қала чемпионаты) өткізуге мүмкіндік береді.;
2 - санат-көлемі мен жабдықталуы бойынша спорт ғимараттарының негізгі параметрлері бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорт сабақтарының немесе бұқаралық жарыстардың жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
3 - санат-құрылыстың параметрлері дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Жалпы білім беретін мектептердің спорт ғимараттарын жіктеңіз.

  2. Спорт құрылыстар не үшін арналған?


Дәріс-5. Тақырыбы: “Жеңіл атлетика үшін ашық құрылыстар”
Жоспар:

  1. Жүгіру жолдарының габариттері. (заттың сыртқы өлшемі).

  2. Жүгіру жолдарының конструкциясы және олардың құрылысы.

  3. Жүгіру жолдарының пайдаланылуы және күтімі.




  1. Жүгіру жолдары өзінің жазықтық құрылыстарын, арнайы жоспарланған, белгіленген жабдықтарын және жүгіруге арналған түрлі арақашықтықтарын көрсетеді.

Жүгіру жолдары түзу және бекітілген, тұйық болуы мүмкін.
Түзу жүгіру жолының – сындарлы ұзындығы 130 метр болуы тиіс. (100 метр жүгіру арақашықтығы және 110 метр тоқтауыл кезінде) және 75-80 метр (60 метр арақашықтық кезінде, ұзындығы 130 метр болуы тиіс).
Түзу жолдардың жалпы ені жүгіру жолдарының алқаптарына байланысты. Жеке жолдардың ені 1,25 метр. Жүгіру жолдары бір-бірімен 5 сантиметрлік ақ сызықтармен бөлінеді.
Жүгірушіден оң жақтағы сызық жүгіру жолының еніне кіреді. Жүгіру жолының жоғарғы беті тегіс болуы тиіс.
Жүгіру жолының алдыңғы қыраттығы 0,01-ден жоғары болмауы керек.
Бекітілген, тұйық жүгіру жолы – тік ауданнан және қиылыстардан тұрады. Жүгіру жолдары сызылуына байланысты тікбұрышты, жартылай орталық және бірігей орталықты болып келеді.
Тік бұрышты жүгіру жолы екі жұптан тұрады. Тік бұрыштыжүгіру жолы -–тік аумақтан және бір-біріне байланысты қиылыстармен және кішкене радиустардан тұрады.
Бұл жүгіру жолдарының қиылыстары 10 метрден жоғары болмауы қажет, қиылыс бойынша тез жүгіру мүмкін емес.
Каробкалы – жүгіру жолдары 1912 жылдары Швеция қаласында 400 метрлік ұзындықта Олимпиадалық ойындарға салынған.
Бұл құрылыс көбінесе мынадай ұзындықтарда болған: ұзындығы 400 м, тік кескін 98,58 метр, үлкен радиусы 48 метр, кіші радиусы 24 метр.
Мұндай жол футбол алаңының 105х70 ұзындығын қамтиды.
Жартылай орталықты жүгіру жолдары ұзындығы 60 және 30 метрлік қиылыс радиустарынан тұрады.
Бір орталықты жүгіру жолдары кеңінен тараған. Жүгіру жолының ұзындығы 86 метрге тең, ал қиылысу радиусы 36 метр.
Бір орталықты жүгіру жолы жүгіруге қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет