Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет129/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   146
вирус

Сабақ жоспарының үлгісі: 1 Білім алушыларға сауалнама жүргізу; 2 
Сабақ тақырыбы бойынша оқытушының түсіндіруі; 3 Сынамалардан ДНҚ 
бөліп алу, амплификация, горизонтальды электрофорез қою, ДНҚ-зонд алу 
және таңбалау молекулалық гибридизация жүргізу және алынған нәтижелерді 
есепке алу әдістерін демонстрациялау; 4 Сабақты қорытындылау; 6 Келесі 
сабаққа тапсырма беріледі. 
Бақылау сұрақтары: 1 Полимеразалық тізбекті реакцияның (ПТР) 
принципі қандай? 2 ПТР қандай кезеңдерден тұрады? 3 Сынамалардан ДНҚ 
бөліп алу әдісі қалай жүргізіледі? 4 Амплификация дегеніміз не? 5 ПТР 
нәтижелерін есепке алу қалай жүргізіледі? 6 ДНҚ-зонд әдісінің принципі 
қандай? 7 Молекулалық гибридизация қалай жүргізіледі? 8 ДНҚ-зонд әдісінің 
нәтижелері қалай есепке алынады?
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


№17 тақырып. ҚҰТЫРЫҚ және ШЕШЕК ВИРУСТАРЫНЫҢ 
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ 
Сабақтың мақсаты: Құтырық және шешек вирустарының жалпы 
сипаттамасымен танысу. Вирустардың түрлерін, типтерін, тип тармақтарын 
анаықтауда және зертханалық балауында қолданылатын әдістерді меңгеру.
Материалдар мен жабдықтар: Люминесцентті микроскоп. Термостат. 
Иммерсионды май. Кюветалар, зат шынылары, Петри шынылары. Сүзгіш 
қағаздар. Физиологиялық ерітінді. Пинцеттер мен қайшылар. Жануарлардың 
бас миын ашуға арналған стерильді аспаптар. Зертханалық ақ тышқандар. 
Бабеш-Негри денешіктері бар дайын микропрепараттар. ИФР, ДПР және ИФТ 
тәсілдерімен құтырық ауруын балауға арналған жиынтықтар. Шыны түтіктер, 
1, 2, 3 мл-лік түтікшелер. Су моншасы. Петри шынылары. Пинцеттер мен 
қайшылар. Стерильді фарфор келілер. Кюветалар. Шешек вирусы бар 
материалдар. Биосынама қоюға арналған жануарлар (қоян, көгершін, әтеш) мен 
тауық эмбриондары. Стерильді щеткалар мен таяқшаға байланған мақталы 
тампондар. Майсыздандырылған зат шынылары. Пинцеттер, қайшылар, 
ұстаралар мен иньекциялық инелер. Препараттарды бояуға арналған № 1, 2, 3 
ерітінділер 
жиынтығы. 
Жарықтық 
микроскоптар. 
Спирт 
шамдары. 
Дистилденген су. Кестелер мен слаидтар. 
ҚҰТЫРЫҚ (Rabies lissavirus) – орталық жүйке жүйесінің қатты 
зақымдалуымен сипатталатын, адамдар мен барлық сүт қоректі жануарлардың 
жіті түрде өтетін жұқпалы ауруы.
Құтырыққа шалдыққан жануарлардың сілекейінің жұқпалы екендігін 1804 
жылы неміс ғалымы Цинке анықтаған. 1879 жылы француз ғалымы Гальте 
құтырыққа шалдыққан иттерден қоздырғышы үй қояндарына жұқтырған. 1903 
жылы Ремленже мен Риффат-бей құтырық қоздырғышының вирус екендігін 
дәлелдеген. Румын ғалымы В. Бабеш (1887) және итальяндық А. Негри (1903) 
құтырықтан өлген адамдар мен жануарлардың ми жасушаларында вирусқа тән 
қосылыстардың болатындығын және ол қосылыстардың ауруды балауда 
шешуші рөл атқаратындығын айқындаған. Кейіннен бұл қосылыстарға Бабеш-
Негри денешігі деген атау берілген.
Ауру қоздырғышы РНҚ бар вирустар тобына, Rhabdoviridae 
тұқымдастығының Lissavirus туысына жатады. Вириондарының пішіні 
стерженьге ұқсас, бір ұшы дөңгеленген, ал екінші ұшы кесілген тәрізді болып 
келеді. Олардың ұзындығы 180 нм, ені 75-80 нм, сырты липопротеидті 
қабықшамен қапталған (39-сурет). Құтырық вирусының құрамында 
гликопротеидті және нуклеокапсидті антиген-дері болады. Гликопротеидті 
антиген жануарларды аурудан қорғайтын, вирустарды бейтараптаушы 
антиденелер-дің түзілуін қамтамасыз етеді. Нуклеокапсидті антиген жануарлар 
организмінде комплементті байланыстыру-шы және преципитациялаушы 
антиденелерді түзеді. Мұндай антиденелер жануарларды инфекциядан қорғай 
алмайды. 


Мұқантаев Қ.Н. (2008) құтырық 
вирусы антигендерінің құрамында 
молекулалық салмақтары 67, 54, 43, 
40 және 20 кД болатын белок 
фракцияларын 
11%-ды 
полиакриламидті 
гель 
электрофорезінің 
көмегімен 
анықтаған. 
Құтырық 
вирусы 
төменгі 
температурада ұзақ сақталады. +23ºС 
температурада 28-53 тәулікте, +50ºС 
– 1 сағатта, 60ºС – 5-10 минуттан 
кейін, +70ºС-де тез арада бұзылады. Ультракүлгін сәулелер вирусты 5-10 минут 
аралығында инактивациялайды. 
Шіріген материалдарда құтырық вирусы екі аптаға дейін сақталады. 
Дезинфекциялағыш заттар (формальдегид, натрий гидро тотығы, хлорлы әк 
ерітінділері) вирустарға жойқын әсер етеді. 
Вирус денеге енген жерінде біраз сақталады да, жүйке талшықтары 
арқылы бастапқыда жұлынға, сосын миға өтеді. Қоздырғыш мидың сұр затында 
өсіп-өніп, сілекей бездеріне ауысады да, сілекеймен араласады. Организмде 
вирус орталық нерв жүйесінде, сілекей бездері мен сілекейде жиналады.
Құтырық ауруын балау эпизоотологиялық деректерге, ауру белгілеріне, 
патологоанатомиялық 
өзгерістеріне, 
көбінесе 
зертханалық 
зерттеу 
нәтижелеріне сүйене отыра жүргізіледі.
Клиникалық белгілері және патологоанатомиялық өзгерістері. Аурудың 
жасырын кезеңі бірнеше аптадан бір жылға дейін (орта есеппен 2-8 апта) 
созылады. Жасырын кезеңінің ұзақтығы вирустың түріне, жануардың жасы мен 
резистенттілігіне, денеге енген вирустың мөлшеріне, патогенділігіне және 
олардың шоғырланған орнына байланысты болады. Құтырыққа шалдыққан үй 
жануарларының 70%-ның клиникалық белгілері 15-60 тәулік аралығында 
байқала бастайды. 
Аурудың ағымы 3 кезеңде өтеді: продромальдық, қозу және салдану. 
Продромальдық кезеңде мал дыбысқа, жарыққа сезімталдығы артады, азыққа 
тәбеті бұзылады, көздің көруі нашарлайды, дене қызуы көтеріледі. Бұл кезең 12 
сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Қозу кезеңінде жануарлар құтырады, 
сезімталдығы бұзылады, адамдар мен басқа малдарға шабуыл жасайды, 
сіңірінің тартылуы, шайнау және жұтқыншақ бұлшық еттерінің жартылай 
салдануы, көз қарашығының тарылуы байқалады. Салдану кезеңінде 
жануарлардың ауырсынуы төмендейді немесе тіпті жойылып кетеді, қан 
айналымы мен тыныс алуы бұзылады да, соңында мал өлімге ұшырайды. 
Өлімге ұшыраған жануарларда айтарлықтай патологоанатомиялық өзгерістер 
байқалмайды. Әдетте жарып сойылған жануар жүдеген, басы мен мойынының 
жүні сілекеймен суланған болады. Кей жануарлардың асқазанынан бөгде заттар 
шығады. Күйіс қайыратын малдардың жұмыршақ және жалбыршақ 
қарындарынан құрғақ, тығыз азықтарды байқалады. Жіңішке ішек қабынған 
және қан құйылған болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет