біртіндеп ыдырайды (лизис), кезеңнің ұзақтығы орта есеппен 3-5 тәулік.
Ыдыстардың беткейінде дара қабатты құрай өскен жасушалар бір-бірімен
түйіскеннен кейін өздерінің бөлінуін тоқтатады. Дара қабатты жасуша
өсінділерінің қалыптасуы қолданылған ұлпаның түріне, жануарлардың жасына,
қоректік
орталардың
сапасына,
себінді
жасалған
жасушалардың
концентрациясы мен басқа да факторларға байланысты болып келеді. Дара
қабатты жасуша өсінділері өзінің тіршілігін 7-21
тәулікке дейін сақтайды
(жасушалар түрі мен қоректік орта құрамына байланысты). Вирустарды өсіру
жұмыстарында жаңадан дара қабатты құраған, жас жасуша өсінділері
пайдаланылады.
Алғашқы жасуша өсінділерін қайтара себуге, яғни пассаж жасауға болады.
Пассаж – бұл жасушаларды
in vitro жағдайында
өсіруге арналған жаңа
қоректік ортаға қайтара себінді жасау. Осылайша, орган ұлпаларынан бір рет
алынған жасуша өсіндісінің өмірлік циклін ұзақ уақыт сақтауға болады.
Вирусологиялық зерттеу жұмыстарында арнайы ыдыстардың беткейінен
версен немесе трипсин ерітіндісімен шайылып алынған алғашқы жасуша
өсінділерін жаңа қоректік орталарға
қайтара себінді жасалған субкультуралар
жиі қолданылады. Қайтара себінді жасалған субкультуралар дара қабатты 2-3
тәуліктен кейін қалыптастырады. Субкультураларды барлық алғашқы жасуша
өсінділерін 2-5 рет, өте сирек жағдайда 8-10-ға дейін пассаж жасау арқылы
алуға болады. Одан кейін жасушалардың морфологиялық құрылымы өзгеріске
ұшырауы мен өлуі байқалады. Субкультуралар вирустарға сезімталдығы
жағынан алғашқы жасуша өсінділерінен кем түспейді, сонымен қатар, олар
үнемді және вирустармен контаминацилануын айқындауға мүмкіндік береді.
Диплоидты жасуша өсінділері –
in vitro жағдайында 50-60 пассажға дейін
тіршілік ете алатын, морфологиялық жағынан біртекті болып келген жасушалар
популяциясы. Мұндай жасушалар өсу кезінде өздерінің
кейбір қасиеттерін
өзгертпейді. Диплоидты жасуша өсінділері алғашқы жасуша өсінділерінен
алынады. Олардың кариотипі тұрақсыз, сондықтан жасушалардың диплоидтық
қасиеттерін ұзақ уақыт сақтау үшін сапасы жақсы фетальды қан сарысулары
қосылған қоректік орталарда өсіреді.
Диплоидты жасушалар адамдар мен жануарлар эмбриондарының түрлі
ұлпаларынан алынады. Диплоидты жасушалардың басқа жасушалардан
(алғашқы және тұрақты) артықшылығы: олар ауыстырылмаған қоректік ортада
10-12 тәулік бойы тіршілігін сақтайды; аптасына
бір рет ауыстырылатын
қоректік орталарда бір айға дейін тіршілігін жоймайды; бұл жасушаларда
вирустарды ұзақ уақыт бойы өсіруге болады.
Диплоидты жасуша өсінділерін ұзақ уақыт бойы селекциялау нәтижесінде
жасушалардың мутацияға ұшырауы мүмкін, бұл оның генетикалық аппаратын
өзгеріске ұшыратады. Мысалы, жасушаның дара қабатына дисперсиялаушы
ферменттермен әсер ету нәтижесінде тұрақты жасуша өсінділері алынған.
Тұрақты жасуша өсіндісі – организмнен тыс
жағдайда ұзақ уақыт бойы
өсіп, көбейе беретін қасиеті бар, бір түрден алынған жасушалардың тобы.
Мұндай жасушаларды өсу белсенділігі жоғары алғашқы жасуша өсінділерін,
белгілі бір режимде, бірнеше рет қайтара себінді жасау арқылы бөліп алады.
Тұрақты жасуша өсінділерінің пішіні біркелкі,
гетероплоидты хромосомалар
жиынтығынан тұрады,
in vitro жағдайында бір қалыпты өседі, олардың
кейбіреулерінің онкогендік қасиеттері болады. Соңғы қасиеттерінің болуына
байланысты, оларды вакцина өндірісіне қажетті вирустарды өсіруге
пайдаланбайды. Жасуша өсінділерінің кейбір салыстырмалы қасиеттері 5-
кестеде көрсетілген.
5-кесте. Жасуша өсінділерінің кейбір салыстырмалы қасиеттері
Қасиеттері
Жасуша өсінділері
Алғашқы
Диплоидты
Тұрақты
Шығу тегі
ағзалардан
(органдардан)
субкультурадан
(жасуша линиясы)
диплоидты
жасушадан
Тіршілік циклінің саны
1
50±20
шексіз
Жасуша морфологиясы
ағзаның бастапқы
ұлпасы сияқты
фибробласт тәрізді эпителий тәрізді
Кариотипі
диплоидты
гетероплоидты
Тератогендігі
(туморогендігі)
жоқ
жоқ
болуы мүмкін
Контаминанттардың болуы
мүмкін
жоқ
Тұрақты жасуша өсінділерін жануарлардың сау және ісік ұлпаларынан
алуға болады. Тәжірибеде жиі қолданылатын тұрақты жасуша өсінділеріне Hela
(әйел жатыр мойынының ісік жасушалары), Hep-2 (адам көмейінің
карциомасының жасушасы), KB (ауыз қуысының қатерлі ісік жасушасы), BHK-
21 (жаңа туылған қалта ауыз бүйрегінің жасушасы), TR (сиырдың трахеясының
жасушасы), L (тышқан фибробласттары), шошқа эмбрионы бүйрегі, бұзау
бүйрегі, қой бүйрегі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: