стационарлық күйде болады. Суспензиялық әдіспен
өсіру кезінде жасушалар
үнемі еркін қалқып, қоректік ортада суспензия күйінде болады.
Өсіп келе жатқан стационарлық (моноқабатты) жасуша өсінділері алғашқы
(алғашқы-трипсинделген), диплоидты және тұрақты болып бөлінеді.
Алғашқы
немесе
алғашқы-трипсинделген
жасуша
өсінділері
макроорганизмдердің мүшелері мен ұлпаларынан алынатын,
in vitro
жағдайында дара қабатты құрай өсетін жасушалар. Алғашқы-трипсинделген
жасуша өсінділері аз уақыт тіршілік етеді. Бұларды
көбінесе эмбрион немесе
жас малдардың ағзаларынан (бүйрек, өкпе, тері, тимус, тестикула) бөліп алады.
Сойылған сау жануарлардың қажетті органдары мен ұлпаларын 2-3 сағат
аралығында алып, ұсақтап турағаннан кейін трипсин, панкреатин,
коллаген
және басқа да ферменттермен (жиі трипсин қолданылады) өңдейді. Аталмыш
ферменттердің көмегімен жасуша аралық заттары талқандалған жасушалар
суспензиясын қоректік орталары
бар арнайы ыдыстарға ауыстырып, +37ºС
температураға реттелген термостатта өсіреді. Ыдыстың беткейіне бекітілген
жасушалар бөліне бастайды. Жасуша өсінділерінің өсіп дамуы бірнеше сатыға
бөлінеді (21-сурет): адаптация (І), интенсивті өсуі (логарифмдік) (ІІ),
стационарлық (ІІІ) және жасушалардың өлуі (ІV).
Достарыңызбен бөлісу: