Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Тамшылы гемагглютинация реакциясын қою әдісі



Pdf көрінісі
бет95/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   146
вирус

Тамшылы гемагглютинация реакциясын қою әдісі. Керамикалық 
пластина беткейіне аллантоис сұйықтығын тамызып, оның үстіне белгілі бір 
жануардың 5,0% эритроцит суспензиясының бір тамшысын қосып 
араластырады. Реакция нәтижесін 1-3 минуттан кейін агглютинацияланған 
эритроциттер тұнбасының бар не жоқ екендігін көзбен қарау арқылы 
анықтайды. 
Сабақ жоспарының үлгісі: 1 Білім алушыларға сауалнама жүргізу; 2 
Сабақ 
тақырыбы 
бойынша 
оқытушының 
түсіндіруі; 

Әдістерді 
демонстрациялау (тауық эмбриондарын ашу және вирусы бар материалдарды 
алу әдістері, тамшылы ГАР қою әдісі); 4 Студенттердің өзіндік жұмысы (тауық 
эмбриондарын ашу және вирусы бар материалдарды алу, тамшылы ГАР қою); 5 
Сабақты қорытындылау жүргізіледі. 6 Келесі сабаққа тапсырма беріледі. 
Бақылау 
сұрақтары: 

Тауық 
эмбриондарында 
вирустардың 
репродукциясының нәтижесінде қандай белгілер байқалады? 2 Эмбрион 
құрылымдарында қандай патологиялық-анатомиялық өзгерістердің болуы 
мүмкін? 3 Аллантоис қуысына жұқтырылған тауық эмбрионын ашу әдісі 
қандай? 4 ХАҚ жұқтырылған тауық эмбрионын ашу тәсілі қалай орындалады? 

Вирустың 
гемагглютинациялаушы 
белсенділігі 
деген 
не? 

Гемагглютинациялаушы вирустардың индикациясында қандай реакция 
қолданылады? 


7 тақырып. ЖАСУША ӨСІНДІЛЕРІ және ОЛАРДЫ ВИРУСОЛОГИЯДА 
ҚОЛДАНУ 
 
Сабақтың мақсаты: жасуша өсінділері туралы жалпы мәліметтермен 
және оларды алу, өсіру, сақтау әдістерімен танысу; жасуша өсінділерімен 
жұмыс істеу барысында қолданылатын жабдықтар және ерітінділермен танысу; 
жасуша өсінділерінің кейбір түрлерін микроскопиялау әдістерін меңгеру. 
 
Сабақтың материалдық қамтамасыз етілуі: тауық эмбрионы немесе жас 
жануарлар ағзаларының (бүйрек, өкпе, тері, тимус, тестикула) ұлпалары
қоректік орталар (Игл, 199), тұзды ерітінділер (Эрл, Хенкс), 0,15-0,25%-ды 
трипсин ерітіндісі, 0,02%-ды версен ерітіндісі, ІҚМ қан сарысуы, спирт шамы, 
стерильді саймандар (анатомиялық пинцеттер, көзге арналған қайшылар) 
салынған стерилизаторлар, Петри табақшасы, зертханалық стакандар, колбалар, 
магнитті араластырғыш, араластыруға арналған магнитер, центрифугалық 
стакандар немесе түтіктер, центрифуга, Горяев камерасы, механикалық 
дозаторлар (ұштамаларымен), матрастар, жасуша өсінділеріне арналған 
планшеттер, жарық микроскоп, 70°-ты этил спирті, тоңазытқыш, термостат. 
ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейін вирустарды зерттеу тек зертханалық 
жануарларда жүргізіліп келді. Дегенмен жануарлар вирустардың шектеулі 
санына сезімтал болып шықты. Сондықтан вирустарға сезімтал және әмбебап 
тірі жүйелердің басқа модельдерін іздестіруге әкелді. Мұндай тірі жүйелердің 
бірі болып «жасуша өсінділері» саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет