Жұмысты орындау және қызмет көрсету сапасын тексеру
7
Сапа жүйесін бағалау
Өтінім декларациясын қарастыру (құжаттармен қоса)
Сапа жүйесін тексеру
Бұл сызба бойынша мекеменің (кәсіпорынның) материалдың-техникалық базасының, қызмет көрсету жағдайының, нормативтік құжаттардың қауіпсіздікталаптарына сәйкестігін атттестациялайды.
4-сызбаны қызмет көрсету саласындағы ірі кәсіпорындарды сертификаттау үшін қолдану ұсынылды.
5-сызба өте қауіпті жұмыстар мен қызметтерді (медициналық, жолаушыларды тасымалдау, т.б.) сертификаттағанда ұсынылады. 5-сызба (және 7-сызба) бойынша сапа жүйесінің юағалауды ИСО 9000 сериялы стандарттары бойынша сапа жүйесін сертификаттайтын сарапшылар жүргізеді.
6 және 7-сызбалар жұмыс пен қызметтің белгіленген талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін өтінім – декларациясын және оған қоса ілістірілетін құжаттарды пайдалануға негізделген. Өнімді 9 және 10-сызбалармен сертификаттаудағы сияқты кәсіпорын бастығы (немесе жеке кәсіпкер) міндетті сертификаттау объектісінің белгіленген талаптарға сәйкестігін мәлімдейді.
6-сызбаны өз елемізде және шетелдерде өзін сапалы жұмыс пен қызметті жүргізе алатындығын көрсете білген шағын кәсіпорындардың жұмыстары мен қызметтерін сертификаттағанда қолданылады.
7-сызбаны дайындаушыда сапа жүйесі бар болғанда қолданалады. Жұмыс жүргізуді, қызмет көрсетуді бағалау жұмыс пен қызметті сапа жүйесінің стандарттарына сәйкестігін дәлелдеу мақсатында кәсіпорынды тексеру түрінде жүргізіледі.
Ерікті сертификаттауда 1-5-сызбалар қолданылады, ал 6 және 7 сызбалар (сәйкестік деклорациясын пайдалануға негізделген) ерікті сертификаттауда қолданылмайды.
Өнімді сертификаттаудағы сияқты барлық сызбаларда белгіленген талаптарға сәйкестікті дәлелдейтін сертификаттау жұмыстарынан тыс алынған үстеме құжаттар пайдалануы мүмкін. Үстеме құжаттар - әлеуметтік зерттеулер нәтижелері, сараптамалық бағалау, өнімді сынау хаттамасы (қызмет көрсетудің нәтижесі ретінде),үкіметтік органдардың қорытындалары. Бұл құжаттар бағалау, тексеру, жұмыс пен қызметті инспекциялық тексеру жұмыстарын қысқартуға негіз болуы мүмкін.
Жұмыстар мен қызметтің нәтижелерін тексеруде әлеуметтік және сараптамалық әдістер кеңінен қолданылады. Мысалы, дүкендерде, қоғамдық тамақтану мекемелерінде қызмет көрсету деңгейін бағалау үшін ол жөнінде тұтынушылардан сұрау жүргізіледі. Жөндеу мекемелерінде тапсырыс берушілердің аты-жөндері жазылған кітаршаның көмегімен тұтынушылардың жөндеу және қызмет көрсету сапасы жөніндегі пікірлерін білдіреді.
Егер жұмыс пен қызметтің нәтижелерін бағалау мамандардың көмегін қажет ететін болса, онда оған тәжірибелі мамандарды – сарапшыларды қатыстырады, ал бағалау жұмыстарының нәтижелерін шығару үшін эксперттік эдістер қолданылады. Мұндай жағдайға жататындар: тамақтану мекемелерінде азық-түліктің сапасын айыру, шаштараздарда жасалынған шаштың сәнділігін бағалау, білім беру саласында сабақты өткізу сапасы және білім беру деңгейін бағалау, т.б.
Жұмыс пен қызметті сертификаттау жүйесінің ерекшелігі – сертификаттау жүйесінің құрылымында (мысалы, бөлшек саудада) сынақ зертханаларының болмауы мүмкін, өйткені нәтижелерді тексеру үшін сынақ жұмыстарының қажеті жоқ. Қажет болған жағдайда сертификаттау органы бұл жұмысқа тіркеуден өткен сынау зертханаларын қатыстыруы мүмкін.