Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет16/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Есімді сөз тіркесі мен етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?
2.Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркестері, олардың ерекшелігі қандай?
3.Түйдекті тіркес, атаулы тіркес, шектеулі тіркес дегеніміз не?


5-дәрістің тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері. Қиысу
Дәрістің мақсаты: Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері туралы түсінік беру.Қиыса байланысқанн сөз тіркестері туралы түсінік беру
Қарастырылатын мәселелер:
1.Сөздердің байланысуының аналитикалық және синтетикалық тәсілдері.
2.Сөздердің өзара жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі, интонация арқылы байланысу ерекшеліктері.
3.Қиыса байланысу формасы және оның ерекшелігі туралы көзқарастар мен тұжырымдар.
Аналитикалық тәсіл – қазақ тіл білімінде кең тараған. Синтаксистегі көрінісі – интонация, орын тәртібі, шылау.
Интонация амалының синтаксистік тұлғаларды байланыстырып отырудағы қызметі әлдеқайда кең. Интонациялық қызмет синтаксистік компоненттер арасын, яғни құрмалас сөйлем сыңарларын байланыстыруы айқын ашылған. Сондай-ақ, тең дәрежеде тұрған синтаксистік бірліктер бұл байланыс құралына жиі жүгінеді.
Орын тәртібі амалы да барынша белсенді қызмет атқарады. Орын тәртібінің қазақ тілінде жалғаусыз келетін сөзтұлғалар арасында болатындығы орныққан. Ал жалғаусыз, орын тәртібі амалына бағына байланысқан сөздер тобының орналасу реті тұрақты. Олардың орнын ауыстырып айтуға келмейді.
Шылау амалы. Әдетте, шылаудың екі түрі жеке сөзтұлғаларды байланыстырады. Мұндайда, бір жағынан, тең дәрежедегі тілдік бірліктер, екінші жағынан, бір-біріне бағынышты тілдік бірліктер аралығындағы қызмет ескеріледі. Алғашқы жағдайда жалғаулық шылаулар байланыстырады.
Қиысу – сөйлемдегі предикаттық қатынасты білдіретін негізгі тұлғалардың арасындағы басты байланыс формасы. Мұның өзі орайлас байланыс пен предикаттық қатынас заңдылығына негізделеді. Қиысудың грамматикалық көрсеткіші – жіктік жалғау. Сондықтан да, сөйлемнің баяндауышы бастауыштың жақтық және жекелік не көптік мағынасына үйлесе тұлғаланады. Ол баяндауыштың жіктік жалғауынан көрініс табады дегенді алға тартады ғалымдар2. Мәселен, Сүйіндік Бөжей сөзінен тіксініп қап еді (М.Әуезов) деген сөйлемде Сүйіндік тіксініп қап еді тіркесімінің өзара қиыса байланысқа енуі жіктік жалғаудың нөлдік тұлғасымен байланысып тұр. Сондай-ақ, интонация амалы да қиысу байланыс формасын түзуге әкеледі: Көпшіліктің ішінде қатты өскен атаЖұмық (Қ.Жұмаділов). Бірақ елге қызмет көрсетуді бұлайша тым оңайлату өздері үшін тиімсіз (К.Ахметбеков)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет