Бақылау сұрақтары:
1.Сөздердің байланысуының аналитикалық және синтетикалық тәсілдері дегеніміз не?
2.Сөздердің өзара жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі, интонация арқылы байланысу ерекшеліктері қандай?
3.Қиыса байланысу формасы және оның ерекшелігі туралы айтыңыз.
6-дәрістің тақырыбы: Матаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі.
Дәрістің мақсаты: Матаса байланысқан сөз тіркестерінің ерекшелігі туралы түсінік беру, байланысудың басқа түрінен айырмашылығын меңгерту.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Матаса байланысқан күрделі сөз тіркестері және олардың ерекшелігі. Бағыныңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері.
2.Басыңқы сыңары күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі
Матасу – анықтауыштық қатынастағы сөзтұлғалардың мағыналық және синтаксистік жағынан үйлесіп келуі. Бұл форманың грамматикалық көрсеткіші – ілік септік пен тәуелдік жалғауы. Бұлардың өзара тығыз байланыста жұмсалатындығын жоғарыда айттық. Мейрамның көзі Ардаққа түсті. Папкасы қолында, жиынға телміре қарап, шеткері тұр (Ғ.Мұстафин) мысалының бірінші сөйлемінде мұндай тұлғаланудан тұрған сөзтіркесімдері берілген. Ал екінші сөйлеміндегі алғашқы сөз (папкасы) ілік жалғаулы сөзтұлғаның контексте жоқ екендігіне қарамастан, оның ойша табылуына көмектеседі. Матасу формасындағы сөзтұлғалар сөйлемішінде орын талғамайды, әрі есім сөз табының кез келгенінен бола береді. Әнеки, солардың бірі – осы үйдің иесі Жәмила апай (К.Сегізбеков). Қараңғы үйдің ішінде ақырын жүріп келе жатқан сұлудың шолпысы сылдырады (М.Әуезов). Күн бүгін тымық, көптің шаңы онша көтерілмей, баяу ұшып басыма қонды (Ғ.Мұстафин).
Матаса байланысқан сөз тіркесі сыңарларының күрделенуі. Бағыныңқы сыңарларының күрделенуі: Зат есім: Жиреншенің атының басы, Заманның ғашықтарының көбі, Шәмшия Игілікованың қабілеті, Ербол ағайдың өлеңі.Сын есім мен зат есім: шыншылдық қабілетінің артуы, узақ ждртуылдың аты. Сан есім мен зат есім: бір-бір үйдің жалғызы. Есімдік пен зат есім: өз елінің тумағы. Кейде осындай құрамды бағыныңқы сыңарлардың негізгі сыңары сын есім, сан есім, есімдік оған түйдектелген басқа сөз таптары арқылы:Әсем екеүміздің кітабымыз, Саят атының бәлсіз, бір мықтының қызы, алты-жеті қыздың улгерімі.Тұрақты тіркес: артығымен орындаудың әсері.Басыңқы сыцардың күрделенуі:Зат есім мен зат есім: Закираның еңбек жолы.Сын есім меи зат есім: Республиканың творчестволық қауымы.Сан есім мен зат есім: баланың бірінші бестігі т.б.Географиялық атаулар мен мекеме, ұйым, көше аттарын айтқанда ілік септіктің көрсеткіші көбіне жасырын келеді. Иелік - меншіктілік мәні көмескіленіп, екі сөз (Каспий теңізі) бір мағыналы атауға айналып, сөйлемнің бір-ақ мүшесі, бір-ақ сыңары болып кетеді.Бір сөздің қайталануы арқылы:Зат есім: түйенің түйесіндей;Сын есім: қызылдың қызылы, әдемінің әдемісі;Сан есім: алпыстың алпысы;Етістік: бағудың да бағуы, күлудің де күлуі;Үстеу: бүгіннің бүгіні.
Достарыңызбен бөлісу: |