Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет36/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Үндеу амалы ретінде жұмсалатын оқшау сөздер туралы айтыңыз.
2.Қыстырма сөз, сөйлемдердің ерекшелігі қандай?


25-дәрістің тақырыбы: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері
Дәрістің мақсаты: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері, олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1.Сөйлемнің сөйлеу мақсатына сай топтасуы
2.Хабарлы сөйлемдер
3.Сұраулы сөйлемдер
Сөйлем қатынастарды білдіру үшін ғана жұмсалмайды, адамның тіл арқылы қатынас жасауы пікір, ой айтумен қатар, екінші кісіден пікір білу, ақпарат алу үшін сөйлеуіне байланысты хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер деп топталады. Сөйлеудің мақсаттары тілде сөйлемнің формалары арқылы көрінеді. Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауды ма? Жаңбыр жауды дейсің! Бұл сөйлемдер бірдей сөздерден құралғанмен, түрлі көмекші сөздерді қатыстырып, интонациясын өзгертіп тұр. Хабарды, ақпаратты баяндау үшін жұмсалатын конструкциялар хабарлы сөйлем деп аталады. Бір нәрсе туралы хабар алу, білу мақсатында қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер сұрау мағынасына қарай төрт топқа бөлінеді: ашық, альтернативтік, риторикалық, түрткі сұрақты сөйлемдер. Ашық сұрақ: Бұл түрі бір нәрсені білу мақсатында қойылады. Қім? не? Қайда? қандай? неше? не істеді? деген сияқты сұрақ мағыналы сөздер жұмсалады. - Несібелі қайда? -Сағат неше?; Қашан келдің? Альтернативті немесе баламалы сұрақ: Альтернативті сұрақта білуге қажет пікір екі түрлі сұрақ сөздер арқылы сұраулық мағынада айтылып, біреуіне жауап алынады. Альтернативті сұрақта сөйлемдер баяндауыш мүшенің ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе шылауларды үстеу арқылы жасалады. Риторикалық сұраулы сөйлем өзінің сұраулы формасы арқылы хабарды өзі білдіреді. Мысалы, Ереулі атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?!(бітпейді) Хабар ретіндегі пікірдің сұраулы сөйлем формасы арқылы білдірілуі сөзге полемикалық өң береді. Полемикалыққа баяндауыш сөздің болымды, болымсыз формаларының өз бастапқы мағынасына қарсы жұмсалуы себеп болады. Тілімізде сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін де пайдаланылады ...үй құрығыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? (Б.М.) Мұндай сөйлемдер түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет