Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет37/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Сөйлем сөйлеу мақсатына қарай қалай топтасады?
2.Хабарлы сөйлемдер дегеніміз қандай сөйлемдер?
3.Сұраулы сөйлемдер, оның түрлері, ерекшелігі қандай?


26-дәрістің тақырыбы: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері
Дәрістің мақсаты: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері, олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру
Қарастырылатын мәселелер:
1.Бұйрықты сөйлем
2.Лепті сөйлем, реплика ретіндегі лепті сөйлем
Бұйрықты сөйлемдер біреуді іске қосу, жұмсау үшін айтылған пікірді білдіреді. Бұйрық мағынасы сөйлеу үстінде түрліше реңде болады. Осыған орай бұл сөйлемдер тек бұйрық рай формасын ғана емес, басқа формаларды да қатыстырып жасалады.
1. Бұйрық мағыналы баяндауыштардың ішіндегі негізгі тірек форма – етістіктің жалаң ІІ жақ бұйрық рай тұлғасы. Көп сөзді қайтесің? Одан да тауығыңа ие бол, - деп күзетті Құрманға тапсырды да, Мақпал үйіне қайтты (Қ.Ж.).
2. І жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды – -айын, -ейін, -айық, -ейік формалы етістіктен жасалған баяндауыштар білдіріледі. ІІІ жаққа қатысты бұйрықты білдіру үшін келсін, айтсын тұлғалы бұйрық рай етістіктер баяндауыш ретінде жұмсалады.
3. Ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келгін формалы баяндауыштардың қатысуымен да құралады: Сен ертең келгін.
4. Бұйрықты тұжырымдылау етіп білдіру үшін алсаңшы, алсаңызшы түрінде құралған етістіктер баяндауыш болып жұмсалады.
Егіннің болары болды ғой, онан да шөпті айтсаңшы! (Қ.Ж.) Тұрсаңшы, ауырып жатырсың ба! (Д.Д.)
5. Бұйрықты тұжырымды етіп, үзілді – кесілді айту үшін ІІ жақ бұйрық рай формасына – деген соң – болып құралған баяндауыш жұмсалады. ( ал деген соң ал) Шық деген соң шық! – деп таяғына жармасты. (Б.М.).
Сөйлемдер дүниедегі болмысты, пікірді хабарлап қана қоймай, сондай-ақ сөйлеушінің соған қатысты эмоциясын да білдіреді. Сөйлеушінің эмоциясын қоса білдіретін сөйлемдерді яғни, эмоцияның қатысуына, қатыспауына және эмоцияны білдіретін формалардың көріну, көрінбеуіне негіздеп лепті және лепсіз деп бөлеміз.
1. Субъектіге тән сапаны эмоциялы түрде атау үшін айтса айтқандай, мықты десе мықты тәрізді баяндауыштар қолданылады. Ах, сорлы балам, айтса айтқандай.
2. Субъектіге тән іс – әрекетке ерекше екпін түсіріліп, тұжырымдап айтуда алғаным алған, алғаны алған тәрізді, айтатыным тәрізді құралған баяндауыштар жұмсалады. Әпкем баратыны барады. Ертеңнен қалмайды. Су жаңа дөңгелек осы қалғаны қалған. (Ш.Х)
3. Компонеттері да, де жалғаулықтары арқылы біріккен күрделі баяндауыштар да (алды да кетті) эмоциялық күйді білдіру үшін қызмет етеді. Баяндауыштың бұл түрі ерекше интонациямен айтуға ыңғайлы: сіресіп қалдым – сірестім де қалдым.
4. Эмоциялық баяндауыш сын есім – десеңші, етістік – десеңші болып құралады: күшті десеңші, алады десеңші. Бұл баяндауыштар сұраулы сөз қатысқан лепті сөйлемдер құрамында жұмсалады. Оған не жоқ десеңші.
5. Етістік – дейсің (деймін), есім сөз – деймін болып құралған баяндауыштар да іс – ірекетті эмоциямен атау үшін жасалады: жауды дейсің, ұстамын деймін.
Тілімізде құрылысы жағынан оқшау келетін, құрамындағы сөздерді мүшелік қатынасқа анық даралауға келмейтін сөйлемдер бар. Мысалы, Келгенде қандай, Ол ол ма! Бұл сөйлемдер лексикалық құрамы жағынан мүлде еркін бола алмайды, олардың бір тобы ылғи тұрақты бір сөздерді ғана қатыстырып құралады: Ол ол ма! О несі екен! Алғанда қанадй! Айтқанда қандай! Осы ретпен құралған сөйлемдер фразеологизмге тән сипат береді.
Өйткені, сөйлемнің құрамындағы сөздер еркін тіркеспейді, орнықты болған үлгі бойынша біріктіріледі. Мұндай сөйлемдер реплика ретіндегі лепті сөйлемдер деп аталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет