Ұсынылатын əдебиеттің тізімі
1. Уанбаев Е.К. Дене мəдениеті жəне спорттың ілімі мен əдіснамасы:Оқу құралы. – 3-ші басылым, өнделіп толықтырылған. - Өскемен: «Либриус» баспасы, 2010. – Б. 182- 188.
СӨЖ
2.1. Тақырыптар бойынша баяндамаларды дайындау: 1 Студент жастардың дене тəрбиесі
2 Арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тəрбиесі
ОЭ 2
Дəріс № 2
Тақырып: Ересек пен үлкен жастағы адамдардың дене тəрбиесі
Мақсаты: ересек пен үлкен жастағы адамдардың дене тəрбиесі ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар:
Ересек адамдардың дене тəрбиесінің əлеуметтік маңызы мен міндеттері
Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тəрбиесі
Ересек орта жəне үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтыруларын ұйымдастыру
Ересек адамдардың дене тəрбиесінің əлеуметтік маңызы мен міндеттері
Біздің мемлекетімізде адамдар жалпы жəне кəсіптік білімді 17-21 жастағы кезінде алады. Оқуларын аяқтаған сон олар əр түрлі ұызметтерге кіріседі. Осы кезенде олардың денсаулықтарына жағымды əсер беретін дене тəрбиесінің маңызы өте зор. Ол төмендегідей мəселелерде айқын көрінеді.
Еңбек етідің қандай түрлерінде болмасын адамдар дене жəне психикалық күштерін жұмсап шаршайды, жұмысқа қабілеттіліктері төмендейді
Көптеген еңбек түрлері арнайы дене қуаты дайындығын керек етеді. Ол дайындықтар арнайы амалдар жəне дене дайындығы əдістерімен іске асырылады.
Қандай сақтанғанымызбен, XXI ғасырдың өзінде көптеген кəсіптік аурулар бар. Дене тəрбиесі амалдары олардың алдын алады, сауықтырады.
Техника дамыған дəуірде көптеген еңбек түрлерінде жұмыс істейтін адамдарда қимыл тапшылығы – гиподинамия бар. Дене тəрбиесі мен спорт жаттығулары ол қимыл тапшылықтарының орнын толтырып, денсаулықты нығайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |