Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Модуль № 5 Жоғары жəне арнайы орта оқу орындарындағы жастардың, ересек пен үлкен жастағы адамдардың дене тəрбиесі



бет106/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Модуль № 5 Жоғары жəне арнайы орта оқу орындарындағы жастардың, ересек пен үлкен жастағы адамдардың дене тəрбиесі




Пререквизиттер (кірісудің сипаттамасы): «педагогика»,
«психология», «жас ерекшеліктер физиология» пəндерден 16-90 жастағы адамдардың дамуы зандылықтары туралы білімдер.
Интегралдық дидактикалық мақсаты: жоғары жəне арнайы орта оқу орындарындағы жастардың, ересек пен үлкен жастағы адамдардың дене тəрбиесі үдерісің жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау.


ОЭ 1


Дəріс № 1

Тақырып: Жоғары жəне арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тəрбиесі


Мақсаты: жоғары жəне арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тəрбиесі ерекшеліктерін анықтау.

Жоспар:


  1. Жоғары оқу орнындағы студенттердің дене тəрбиесі

  2. Арнайы орта оқу орындарының, колледждердің оқушыларының дене тəрбиесі

  3. Кəсіптік техникалық училищелердегі дене тəрбиесі жəне спорттық жұмыстар

  4. Ересек адамдардың дене тəрбиесінің əлеуметтік маңызы мен міндеттері

  5. Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тəрбиесі

  6. Ересек, орта жəне үлкен жастағы адамдармен күнделікті тұрмыс жағдайында сауықтыру жаттықтыруларың ұйымдастыру



Дəрістердің тезистері

    1. Жоғары оқу орнындағы студенттердің дене тəрбиесі


Дене тəрбиесі жұмыстарының мақсаты мен міндеттері, оларды ұйымдастыру
Жоғары оқу орнындағы дене тəрбиесінің мақсаты – жоғарғы дəрежелі мамандардың жан-жақты дайындығына өз үлесін қосу,
жағымды əсер ету, көмектесу. Жоғары оқу орнының оқыту үрдісінде дене тəрбиесі төмендегідей міндеттерді орындайды:

  • Отан қорғауға, еңбек етуге дайындау үшін қажетті өнегелілік, жигерлілік жəне дене қуаты қасиеттеріне студенттерді тəрбиелеу;

  • студенттерді жан жақты, үйлесімді дамыту, денсаулықтарын сақтау жəне нығайту, оқу үрдісі кезінде қажет жұмыс қабілеттіліктерін жоғарылату;

  • жоғары оқу орнының бағдарламасының талаптарына, нормаларына сай дене қуаты дайындығын дамыту жəне Президенттік сынама нормаларына дайындау, тапсырту;

  • келешек мамандықтарының ерекшеліктеріне сай кəсіптік қолданбалы дайындықтан өткізу;

  • студент спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру;

  • дене тəрбиесі жəне спорттық жаттықтыруға қажет дене тəрбиесінің теориясы мен əдістемесінен теориялық білім беру, спорт жарыстарында төрелік етуге, спорт нұсқаушылары ретінде жұмыстар атқара білуге үйрету.

Дене тəрбиесі жұмыстарын орындау жоғары оқу орнының дене тəрбиесі кафедрасы мен спорттық клубка жүктеледі.
Студенттердің дене тəрбиесі жұмыстарының түрлері
Дене тəрбиесі жұмыстарының негізгі түрі – оқу сабақтары болып табылады. Оқу сабақтары барлық мамандықтардың оқу жоспарларына кіргізіліп, оқу үрдісінің 1-2 курстарында жүргізледі. Дене тəрбиесі сабақтары үш түрлі оқу бөлімдерінде жүргізледі. Олар: негізгі дене тəрбиесі сабақтары, спорттық педагогикалық жетілдіру жаттықтырулары, арнайы медициналық топтардағы сабақтар деп бөлінеді.
Негізгі топтардағы дене тəрбиесі сабақтарына дəрігерлік байқаудан өтіп, денсаулықтары тексеріліп, негізгі жəне дайындық топтарына жатқызылған студенттер жіберледі. Дене тəрбиесі сабағы жетісіне екі рет өткізледі. Оқу курстарындағы сабақтар жоғары оқу орындарының мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүргізледі. Бағдарламаның оқу материалы теориялық жəне іс-тəжиребелік деген екі бөлімге бөлінген.
Спорттық педагогикалық жетілдіру жаттықтырулары.
Ол сабақтар түріне студенттердің əр түрлі спорт түрлерінен
жаттықтырулары кіргізледі. Жаттықтырулар студент спортшылардың өздері айналысқан спорт түрлерінің жоғарғы жетістіктерге жетулеріне бағытталған.
Арнайы медициналық топтардағы сабақтар. Арнайы медициналық топтардағы сабақтарға дəрігерлік комиссия денсаулықтары нашар деп таныған, тұрақты немесе уақытша ауыратын студенттерді жібереді. Оларға сабақтар негізгі оқу тобынан бөлек уқыттарда жүргізледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет