Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет107/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Өз беттерімен жаттықтыру түрлері студенттердің өз еріктерімен сабақтан бос уақыттарында жүргізіледі. Ол жаттықтырулар спорт ойындары түрлері: волейбол, футбол, баскетбол, хоккей; жүгіру түрлері; атлетикалық гимнастика, гир спорты; ұлттық ойын түрлері болуы мүмкін.

  • Күн тəртібі ішіндегі дене жаттығуларына жататындар: тəнертенгілік гигиеналық гимнастика, күн тəртібіндегі гимнастикалық жатты,улар т.б. қозғалыс түрлері.

  • Көпшілік-сауықтыру жəне спорттық шаралар түріне жататындар:

    спорттық жарыстар, денсаулық топтары, жүгіруді жақсы көрушілер топтары, спорттық мерекелер


    Жоғары оқу орнының дене тəрбиесі кафедрасы мен спорт клубының жұмыстары


    Осы жоғарыда көрсетілген барлық жұмыстарды жоғарғы оқу орнының дене тəрбиесі кафедрасы оқытушылары мен спорт клуб жүргізеді. Дене тəрбиесі кафедрасы оқу сабақтары түрлеріне, сабақтың бағдарлама, оқу жоспары, кестесі арқылы өтуіне жауап береді. Жоғары оқу орнының факультеттерімен оқу жоспары негізіндеоқу кестесін құрастыру, сабақ өткізлетін спортзалдарын белгілеу, сабақтың дұрыс жүргізілуін қадағалау

    • дене тəрбиесі кафедрасының міндеті.



    Арнайы орта оқу орындарының, колледжердің оқушыларының дене тəрбиесі


    Арнайы орта оқу орындарының, колледжердің оқушыларының дене тəрбиесінің мақсаты – дене тəрбиесі жаттығулармен тұрақты шұғылдануға жəне оны кəсіптік,
    əлеуметтік, мəдени-спорттық қызметтерге қолдана білу қабілеттілігіне қалыптастыру.
    Колледждердегі дене тəрбиесі сауықтыру, білім беру, тəрбиелеу жұмыстарын шешуге бағытталып төмендегідей міндеттерді орындайды:

    • дене қуатын жетілдіру, салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігіне деген дұрыс түсінікке тəрбиелеу;

    • дене тəрбиесі мен спорт саласындағы теориялық білім мен іс-тəжиребелік дағды жүйелерін қалыптастыру;

    • келешек мамандардың кəсіптік дайындығына қажет дене қуаты қасиеттерін, психоқозғалыстық қабілеттерін дамыту, дене қуаты дайындықтары деңгейін жоғарылату;





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   128




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет