Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі


Спорт негіздерінің теориясы мен əдістері



бет13/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Спорт негіздерінің теориясы мен əдістері





    1. Спорттың мəні мен əлеуметтік қызметі

Қазіргі замандағы спорттың жағдайы мен пайда болуы. Спорт қоғамдық мəдениеттің ажырамас бөлігі ретінде. Спорттың эталондық жəне эвристикалық ролі. Спорттың сауыктыру- рекреативтік қызметі; Спорттың эстетикалық қызметтері; Спорт ойын сауық ретінде; Спорт пен өнердің өзара байланысы.
Спорт кеңейтілген əлеуметтік қатынастар саласы ретінде. Спорт пен саясат. Спорттың қарым-қатынасының (коммуникативтік) маңызы: спорт халыкаралық байланыстар факторы ретінде. Спорттың экономикалық маңызы. Спорттағы кəсіпқойлық пен əуесқойлық. Бұқаралық спорт, жоғарғы көрсеткіштер спорты.
Спортшыны даярлау көп компоненттен түратын үрдіс.
    1. Спорттық жарыстар жүйесі


«Спорттық жарыстар» түсінігі.
Жарыс, спорт өзгешелігінің негізі ретінде. Спорттық жарыстар қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі əр түрлі дəрежедегі жарыстардың реттелген жиынтығы ретінде. Спорттық жарыстар жүйесі мен күнтізбесі; спортшыны даярлау жүйесі. Спорттык жетістіктер-жарыстағы іс-əрекеттің өзіне тəн жəне жиынтық нəтижесі оны өлшеу жəне бағалау критериялары. Спортық жетістіктердің жіктелуі.
    1. Спорттық дайындық жүйесі


Спорттық дайындық жүйесін анықтайтын негізгі компоненттер. Спорттык жарыстар, спорттық жаттығу.
Жарыстар мен спорттық жаттығуды толыктыра түсетін, олардың тиімділігін арттырып, калпына келтіру үрдісін оңтайландыра, жеңілдете түсетін жарыс жəне жаттығудан тыс факторлар. Спортшылар дайындығы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары.

3.4 Спорттық жаттығулар сипаттамасы


Спортшы дайындығының мақсаты, міндеті мен негізгі жақтары. Спорттық жаттығулардың құрылымы мен əдістері. Жүктеме мен демалыс: спорттық жаттығулардағы шаршау, қалпына келу жəне бейімделу. Спорттық жаттығулардың қағидалары мен заңдылықтары. Спорттық дайындықтың жалпы жəне арнайы қағидалары. Максималды мүмкін жетістіктерге бағыттау, тереңдетілген мамандандырылу жəне жекешелендірілу. Спортшынын жалпы жəне арнайы дайындықтарының байланысы.Жаттығу үрдісінің үзілмей жалғасып отыруы. Жаттығу жүктемесінің біртіндеп өсуі мен оның ең жоғарғы шеңберін анықтаудың байланысы. Жүктеме динамикасының бір келкі емес толық болуы. Жаттығу үрдісінің жарыстарға сəйкес циклдығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет