ұйымдастыру деп жаттығушылар топтарға бөлініп, берілген
тапсырманы бір «станциядан» келесі «станцияға» шеңбер бойымен ретті ауыса отырып орындауларын айтамыз. Бұл əдіс өткен материалдарды бекіту үшін жəне дене қуаты қасиеттерін дамыту үшін қолданылады.
Сабақта жүктемені мөлшерлеу
Дене тəрбиесі сабағының тығыздығын анықтау
Дене тəрбиесі сабағының тығыздығы, ол оқушыларға мүмкіншілік (болғанынша көбірек жаттығулар орындату, оларды бос, тыныштық күйінде көп болдырмау. Дене тəрбиесі мен спорт тəжірибесінде сабақтың жалпы жəне қозғалтушы тығыздығы болады. Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тəрбие жаттығуларын орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну, сабақ өтер орынды дайындау,шынығу жəне т.б.
Педагогикалық ақталмаған уақытқа жататындар: мұгалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақбос тұрып қалушылықтар, тəртіп бұзуға байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спортзалдан ceбепciз шығуы жəне т.б. Бұл кемшіліктер ұйымдастыру түрінің нашарлығына жатады. Толық дұрыс өткізілген дене тəрбиесі сабағының жалпы тығыздығы 100% болуы керек, сондықтан да уақытты тиімді пайдаланған дұрыс.
Сабақтың жалпы ұзақтығы кезінде дене тəрбиесі жаттығуларын орындауға кеткен уақытты қозғалтушы тығыздық дейміз. Қозғалтушы тығыздық - сабақтың негізгі бip өнімділігін , көрсететін керсеткіш. Біз оның жоғары болуына ұмытыламыз. Қозғалтушы тығыздық жаттықтыру сабақтарында
70-80%, оқу сабақтарында - 60-70% болуы керек. Сабактың қозғалтушы тығыздығын көбейту үшін мұғалімдер түсіндіру мен көрсетуді біріктіреді, жаттығуларды толассыз орындау əдісін, шеңберлі жаттықтыру əдісін қолданады, сыныпты топтарға боледі, барлық оқушы бірден жаттығуға мүмкіншілігі
бар жабдықтарды пайдаланады, сабақта сынып белсенділерін көмекке тартады.
Сабақтың тығыздығын анықтау хаттамасы сынып оқушыларының ішіндегі белсенді, тəртіпті, дене тəрбиесі сабағында орташа үлгіретін оқушының қимыл-əрекеттерiн тіркеу арқылы жүргізіледі. Сабақ тығыздығын анықтауға қатысар алдында біз ақ қағазға толық дұрыстап жазып, сызып, хаттаманы дайындап алуымыз керек. Хаттама жүрізген кезде хаттама жүргізуші жазып, келесі бақылаушы адам секундомерді қоса отырып, бақылаудағы оқушының орындаған барлық ic əрекеттерін жаздырып отырады. 1 бағанаға оқушының əрекеттерінің мазмұны, 2 бағанаға секунд бойынша қимыл-əрекеттердің аяқталған уақыттары жазылып отырылады.
Оқушының мынандай қимыл əрекеттері хаттамаға тіркеледі:
Жаттығуды орындауы. Барлық жаттығуларды орындау уақыттарын секундомермен дəл анықтау. Уақыты 4 бағанада көрсетіледі.
Жаттығуды орындағаннан басқа оқушының тыныштық күйде болу жағдайлары: мұғалімнің көрнекі кұралдарды, жаттығуларды керсетуін бақылау, тыңдау, тынығу, келесі орындалатын тапсырманы тосу, қайта сап кұру, сабақ орнын дайындау т.с.с. Уақыты 3 бағанада көрсетіледі.
Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылмаған ic- əрекеттер; мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кeшігуі, снарядтарга ауысқан кездерде болатын ұзак бос тұрып қалушылықтар, тəртіп бұзуға байланысты үзілістер, құрал- жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спортзалдан себепсіз шығуы жəне т.б. Бұл əрекеттер арқылы уақыттар хаттаманың 5 бағанасында тіркеліп, олар мұғалімнің кінəсінен болған бос уақыттар деп аталады.
Əрбір əрекетке жұмсаған уақыт секундомер бойынша 2 бағанада белгіленген алдынғы көрсеткен уақыттан кейінгі уақытты алу жолы арқылы анықталады. Сабақ аяқталғаннан соң 3, 4 бағаналардағы мақсатқа сəйкес орындалған уақыттар қосылады да, сабақтың жалпы кақытына бөлу, 100 пайызға көбейту арқылы сабақтың жалпы тығыздығы анықталады.
Мақсатқа сəйкес кеткен уақыт 45
Жалпы тығыздық = х 100%= -
х 100 % =
Жалпы сабақ уақыты 45
Біздің үлгі ретінде берілген бұл хаттама бойынша сабақтың жалпы тығыздығы - 100%. Мұғалімнің кінасынан болған бос уақыттар жоқ, сондықтан дұрыс өткізілген дене тəрбиесі сабағы деп есептеледі.
4 бағанадағы жаттығуды орындауға кеткен уақытты сабақтың жалпы уақытына бөлу, 100 пайызға көбейту арқылы сабақтың қозғалтушы тығыздығын анықтаймыз.
Жаттығуды орындауға кеткен уақыт 35
Қозғалтушы тығыздық =
- х 100% = х 100 = 77,7
Жалпы сабақ уақыты 45
Біздің бұл жағдайымызда, хаттама бойынша қозғалтушы тығыздық – 77,7 пайыз. Ереже бойынша қозғалтушы тығыздық 60-70 пайыздан жоғары болуы қажет, сондықтан да 77,7 пайызбен өткізілген сабақтың қозғалтушы тығыздығы өте жақсы деп есептеледі.
Жалпы жəне қозғалтушы тығыздық көрсеткіштерін салыстыра отырып, əрбір мұғалім өз жұмысындағы сабақтың қанша пайыз сапалы өткенін біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |