Дене тəрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау, тамыр соғысын өлшеу, тіркеу хаттамасын жүргізу
Сабақта белсенді, тəртіпті, дене тəрбиесі сабағында орташа үлгіретін бір оқушының тамыр соғуын əрбір 3-5 минут сайын 9- 16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп отырамыз. Тамыр соғысын сол қолдың немесе мойындағы күре тамырдың қан тамырын ортаңғы үш саусақтың ұшымен ақырын басып санау арқылы есептейміз. Тамыр соғысы 10 секунд бойы есептеледі де 6-ға көбейтіліп, бір минуттағы жүрек соғу жүйелігі анықталып отырады. Ол көрсеткіш хаттаманың № 2, № 3 бағанасына жазылады. № 4 «Қимыл-əрекет түрлері» бағанасына тамыр соғысын есептеу алдында оқушының орындаған əрекет түрі жазылады.
Əрбір 3 мин сайын тамыр соғысын өлшеулер орындалып, хаттама толық толтырылып, сабақ біткеннен кейін біз алынған мəліметтер бойынша оқушы ағзасындағы физиологиялық жүктеме өзгерістерінің қисық сызықтары графигін сызамыз.
Осы қисық сызықтарды көру арқылы біз дене тəрбиесі сабағының кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерінде сабақ жүктемесі қалай берілгенін біліуімізге болады. Дұрыс өткізілген сабақтың кіріспе бөлімінде жүктеме біртіндеп көтеріледі, жүрек соғу жиілігі 130 – 140 соғу/минут деңгейінде, кіші жəне орта жүктемеде орындалады.
Дене тəрбиесі сабағын педагогикалық талдау, бағалау
Дене тəрбиесі мұғалңміне педагогикалық талдау жəне бағалау екі түрлі мақсатта қажет болады. Бірінші – өзінің сабақ беруін, қандай дəрежеде бере алатынын бағалау, қандай мəселелерге назарт аудару керек екенін білу. Екінші – əріптестерінің сабақ өткізулері талдау, бағалау.
Қазіргі кезде мектеп мұғалімдері білетін педагогикалық сабақ талдау əдістері бар, ол əдістер көптеген əдебиеттерде жазылған. Біздің ұсынылып отырған дене тəрбиесі сабағының гистограммасы ең бір оңай, дене тəрбиесі сабағының қалай өткенінің тез анықтайтын əдіс.
Сабақты бағалауға қатысқан кезде алдын ала дайындалған гистограммадағы 20 түрлі мəселелерге жауап беріп, баға жазылған бағаналарға «+» қойып отырамыз. Сабақ аяқталғаннан соң «+» бағаларды «балл» деп жазылып тұрған бағанаға 1-5 балл түрінде толтырамыз. Барлық баллдар санын қосып, 20 санына бөлу арқылы сабақтың орта арифметикалық бағасын шығарамыз. Бұл гистограмманың бір тиімділігі барлық мұғалімдерді бір түрлі ортақ мəселе, параметрлер арқылы бағалай аламыз.