Т. А. Ботагариев дене шынықтыру жəне спорт теориясы мен əдістемесі



бет79/128
Дата16.09.2024
өлшемі354.47 Kb.
#503656
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128
Ботагариев-Т.А.-Дене-шынықтыру-жəне-спорт-теориясы-мен-əдістемесі

Дайындық тобына денсаулықтары аздап қана нашарлаған жəне дене қуаты дайындығы төмен оқушылар жатқызылады. Олар негізгі топтағылармен бірге дене тəрбиесі сабағына қатыстырылады.
Арнайы дəрігерлік топқа денсаулықтары əлсіз оқушылар жатқызылады да, олар негізгі мектеп бағдарламасымен оқу оқитын дене тəрбиесі сабағынан босатылады. Бұл топтағы оқушылар ауруларының сипатына байланысты осы топта тұрақты жəне уақытша болуы мүмкін.
Арнайы дəрігерлік топтардың негізгі жұмыс міндеттері: денсаулықты нығайту, тыныс алу органдарының жұмыстарын
жақсарту, ағзаны шынықтыру, дене тəрбиесі жаттығулары арқылы дене қуаты жұмыс қабілеттілігін.
Сабақты екі жолмен жүргізуге болады. Бірінші жолы, бірнеше жақын сынып оқушыларын біріктіріп, ауруларына байланысты А, Б, В топтарына бөліп, денсаулықгы нығайту топтарын ұйымдастыру.
Екінші негізгі түрі - дене тəрбиесі сабағы. Дене тəрбиесі сабағы жақын сынып 1-2, 3-4, 5-8, 9-11 оқушыларын біріктіріп, аптасына үш рет, 30-45 минуттан жүргізіледі. Арнайы дəрігерлік топтарына жүгізілетін жылдық оқу мерзімі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең уақыт бірінші тоқсанды, екінші кезең уақыты екінші, үшінші, төртінші тоқсан уақыттарын қамтиды. Бірінші дайындық кезеңінде дене тəрбиесі сабағының уақыты 35 минутқа созылады. Ол 35 минут уакыт берілетін себебі, дене тəрбиесі мүғалімінің оқушыларға жүктемені байқап, азырақ беруі үшін, ауырған ағзаның берген жаттығулар санына, ұзақтығына əсерін байқап, бақылауы үшін беріледі. Екінші негізгі кезеңде сабақтың ұзақтығы - 45 минут. Негізгі қағида - əрбір оқушының ауруын, ауруының ерекшеліктерін, ауру сипатын білу.


Сабақтарды жүйелеу


Сабақтарды дене тəрбиесі бағыты бойынша топтау
Бұл бағытта барлық сабақтар бес топқа бөлінеді:
Жалпы дене қуаты дайындығы сабақтары. Бұл сабақтардың мақсаты - жалпы дене қуатын дамыту, негізгі қимыл əрекетке үйрету, білім беру, тəрбиелеу (əсіресе бала жасынан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет