Спорттық жаттықтыру сабақтары. Бұл сабақтар балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі, мектептегі спорттық секциялардағы спортшыларды спорт түрлерінен жоғарғы жетістікке жеткізудің арнайы түрі болып табылады.
Қолданбалы дене тəрбиесі сабақтары. Мектептің жоғары сынып оқушыларының, кəсіптік техникалық училище оқушыларының, колледждердің, жоғары оқу орнындағы студентттердің болашақ кəсіптік əрекеті дайындығына негізделген.
Сауықтыру дене тəрбиесі сабақтары. Бұл сабақтарда ауырған немесе жарақат алған адам ағзасы мүшелерінің қызметтері дене тəрбиесі жаттығулары көмегімен қалпына келтіреді.
Əдістемелік сабақтар. Бұл сабақтар дене мəдениеті мен спорт оқу орындарында, арнайы орта, жоғары оқу орындарының дене тəрбиесі кафедраларында, əр түрлі əдістемелік кеңестерде, мамандық жоғарылату институттарында жүргізіледі. Ол əр түрлі сабақтарды оқыту, үйрету, жетілдіру жəне тəжірибе алмасу мақсатында өткізіледі.
Сабақтарды мазмұнына байланысты топтау
Барлық сабақтар мазмұнына байланысты құрама жəне пəндік сабақтар деп екі үлкен топқа болінеді.
Пəндік сабақтардың негізгі бөліміне оқу багдарламасында берілген бip спорт түрінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Мысалы, шаңғы спорты, гимнастика, спорт ойыны волейбол жəне т.с.с.
Құрама сабақтарда, бір сабақтың негізгі бөліміне əр түрлі спорт түрлерінің негізгі жаттығулары кіргізіледі. Бұл сабақтардың бір ерекшеліктері бір спорт түрінің жаттығулары негізгі болып, басқа спорт түрлерінің жаттығулары қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға жəне дене қуаты қасиеттерін дамытуға көмектесетін көмекші болып қатыстырылады.
Сабақтарды міндеттеріне байланысты топтау
Пəндік жəне құрама сабақтар орындайтын міндеттеріне байланысты оқу, жаттықтыру, бақылау, құрастырылған сабақтар деп бөлінеді.
Оқу сабақтарында жаңа оқу материалын үйрену жəне теориялық мағлұматты хабарлауға көп көңіл бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |