Жоспар-конспекті жазу. Сабақтың жоспар-конспектісі жалпы ұстанылған үлгі бойынша, оқушы дəптерінің қос бетіне көлденеңінен жазылады. Жоспардың төрт бағанасы дұрыс, сауатты жазылып, толық толтырылуы керек. Конспектіде көрсетілген жаттығулар, əдістемелік нұсқаулар қысқа, нақты, түсінікті жазылғаны дұрыс.
Қимыл-қозғалыс дайындығы. Мүғалім мектеп багдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйренетін жаттығуларды қайталап, өз мүмкіншілігін əрдайым тексеріп отыруы қажет.
Теориялық жəне сөйлеу дайындығы. Мұғалім оқушыларға берілетін теориялық білімді жақсы білуімен қатар, шешен сөйлей алуы да керек (əңгімені дұрыс жүргізу, баяндау, команда беру, талдау жасау т.б.).
Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. Керек құрал-жабдықтарды дайындау, жаттығуларды үйрету жолдарын техникалық құралдармен жабдықтау, сабақты спорттық снарядтармен толық қамтамасыз ету т.б.
Көмекшілерді даярлау. Төрешілермен, команда капитандарымен, спорт мамандарымен тұрақты жұмыс істеу.
Сабақтан босатылған оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру шаралары. Ол оқушылар мұғалімнің теориялық мəліметтерді баяндауын, əр жаттығудың ағзаға қалай əсері, ойын ережелері, дене қуаты қасиеттерін дамыту əдістемесі туралы түсіндірген сөздерін тындаулары керек.
Мұғалімнің өзінің сыртқы түріне, киім киісіне ұқыпты қарауы.
Оқушылардың қимыл-əрекеттерін ұйьмдастыру əдістері. Оқу барысын басқару қызметін орындай отырып, мұғалім оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына, жаттығу техникасын дұрыс үйренуіне барлық жағдай жасауы керек.
Фронтальдық əдіс. Бұл əдіс кезінде жаттығушылардың бəрі бір мезгілде, бір тапсырманы орындайды.
Күрделі жаттығуларды тереңдете үйренгенде топтық əдіс қолданылады. Бұл кезде барлық жаттығушылар жынысына, дене қуаты дайындығы деңгейіне байланысты бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді.
Оқушылардың тапсырма алып, жеке өз бетімен дербес орындауын дара ұйымдастыру əдісі дейміз. Көбінесе жеке тапсырма дене қуаты дайындығына, денсаулығына байланысты беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |