Жаттықтыру сабақтары үйренген жаттығу техникасын жетілдіруге жəне дене қуаты қасиетін тəрбиелеуге арналған.
Бақылау сабақтары дене қуаты қасиеттерін жəне оқу материалдарын меңгеруді бақылау міндеттерін орындайды. Олар негізінен сынақтар, нормативтер алу түрінде өткізіледі.
- Құрастырылған сабақтар. Дене тəрбиесі тəжірибесінде оқу, жаттықтыру, бақылау сабақтары таза түрде өте сирек өткізіледі. Көбінесе олар құрастырылып, сабақта бірнеше міндеттер қойылып жүргізіледі.
Қолданбалы дене мəдениеті жəне оны ұйымдастыру əдістемесі
Қолданбалы дене мəдениеті (ҚДМ) дегеніміз - дене тəрбиесінің түрлерін, амалдарын, əдістерін бағытты пайдаланған арнайы педагоги калық үрдіс. Қолданбалы дене мəдениеті əскери жəне кəсіптік деп екіге бөлінеді.
Кəсіптік қолданбалы дайындық екі түрде орындалады. Бірінші- жұмыс үрдісі кезінде, екінші - жастарды жұмыс мамандықтарына оқыту кездерінде.
Сабақтың ойдағыдай өтуі мұғалімнің жақсы даярлығына байланысты. Дайындық төмендегідей іс-əрекеттер арқылы орындалады:
Сабақтың міндетін анықтау. Дене тəрбиесі əдістемесінде барлық сабақтардың міндеттері бағытына байланысты білім беру, сауықтыру жəне тəрбиелеу деп үш топқа бөлінеді.
Осы міндеттерді басшылыққа ала отырып əр сабаққа жеке міндеттер қойылады.
Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Мұғалім əр міндетті орындау үшін спорт түрінің негізгі жаттығуларының техниеасын үйретуге, жетілдіруге керек жақындататын, дайындық, бейнелеу жаттығуларын көп білуі қажет. Ол жаттығуларды орындату үшін дене тəрбиесі əдістерін, амалдарын тиімді қолдана білуі шеберлігі мен іскерлігін меңгеруі керек.
Əдістемелік-ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың əрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен əдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын, қозғалыс жолдарын белгілейді. Снарядтарды орнату, жинау жолдарын, сақтандыру əдістерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |