«Тағамдық биотехнология» пәні бойынша 5В070100 «Биотехнология» мамандығы бойынша зертханалық сабақтарды жүргізу үшін тағайындалған



бет11/36
Дата03.01.2022
өлшемі124.29 Kb.
#451671
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
пищ бт зертх

Қоспаны анықтау.

Дәндегі, жарма және ұндағы қоспалар бөлінеді:

а) ластанған-минералды заттардың (топырақ, құм) елеуіштен 1-1,5 мм саңылау диаметрінен өтетін, жабайы өсімдіктердің және дәнді қоспаарға жатпайтын мәдени өсімдіктердің дәндері басқада мәдени өсімдіктер, зиянкестермен зақымдалған ядросы толығымен желінген.

б) дәнді алынған культураның барлық зақымданған дәндері және басқада культуралардың дәндері.

в) кауіпті қоспа саңылауқұлақтар ( қара күйе, ылғалды қара күйе), улы өсімдіктердің тұқымы. Дәнде және тағамды өңдеуде зиянды қоспалардың бар болуы тұтынушыны токсикозға алып келеді.

Арамшөп пен дәндік қоспаларды анықтау үшін өлшенген 50г дәнді, жарма 25-50 г, бұршақ пен жамбас бұршақ-100 г, жасымақ-200 г алады. Зиянды қоспаларды зерттеу үшін дәндерді 500 г дейін, жарманы 400 дейін көбейтеді. Бұршақ тұқымдарының культураларын улы өсімдіктердің тұқымына тексермейді, себебі оларды бірінші өңдеуде бөлініп кетеді.

Алынған өлшендіні жұқа қабатпен шыныға салады да, астына ақ қағаз төседі. Пинцетпен немесе шпательмен өлшендіні фракцияларға бөледі: таза дән, ластанған, бидайлы және қауіпті. Егер өлшендіде ұсақ бөлігінің мөлшері болса, оны сәйкес келетін диаметрлі саңылауы бар елеуіштен себуге де болады. Оларды елеуіштен өткені мен өтпегендерін жеке ажыратып алады. Әрбір бөлініп алынған фракцияларды технохимиялық таразыда өлшеп, оның жалпы өлшендіге қатысы пайыздық мөлшерін есептейді. Қоспалардың ұнда болуын келесідей зерттейді. Таза, құрғақ пробиркаға 1 г ұнды салып, 6-8 мл хлороформ құйып, пробирканы 30 минутқа жауып қояды. Құм, минералды қоспалар пробирканың түбіне тұнады. Өсімдік тұқымы және кебектер үстіне қалады. Кейін пробиркаға 3-4 мл 96%-дық этил спиртін және қосындыны қайтадан қосады. Қоспаға 3 тамшы 20%-дық күкірт қышқылын қосқаннан кейін, қара күйенің қара бөліктері қызғылт-күлгін түсті сақинамен жиектеледі.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет