Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер



бет3/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
НС инф аурулары

Ажыратпалы диагностикасы лабораториялық бактериологиялық зерттеулерге негізделеді. Іріңді менингиттің диагнозы жедел инфекциялық басталуға, менингеальды синдромға, жұлын-ми сұйықтығының және қан құрамының өзгерістеріне сүйене отырып қойылады. Жұлын-ми сұйықтығының қысымы жоғары, кейде жасыл сары түсті, белок 0,66-1,0г/л дейін, жоғарлайды, нейтрофильді цитоз (1мкл-де 2000-3000 клетка), қант сәл азайған(0,4-0,2 г/л). Қанда нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ (СОЭ) жылдамдаған. Менингококкты менингитті жедел аппендицитпен, менингеальды синдром мен геморрагиялық дақтар геморрагиялық диатезде, суборахноидальды қан құйылу кезінде болады. Бұл кезде жұлын-ми сұйықтығын зерттеудің маңызы зор. Бірінші және екінші реттік іріңді менингиттерді іріңді ошақтары бар аурулардан (мидың абцесі, іріңді отит, мастоидит, гайморит, фронтит) ажырату керек.
Іріңді менингиттің асқынуы ликвордың циркуляциясы және продукциясының бұзылуымен байланысты. Бас сүйек іші қысымының көтерілуі хориоидты өрімнің ликворлық гиперпродукциясымен байланысты. Жұлын-ми сұйықтығының ағуына бөгеттердің пайда болып, нашарлауына да байланысты болады. Осы аталғандар (тыртық, бірігулер) эпилептиформды синдромның дамуына әкеліп соғады.
Іріңді менингиттерді емдеу.
Антибиотиктер, сулфаниламидті препараттар тағайындалады. Пенициллинді бұлшық ет ішіне 400000-500000 кг.салмағына, тәулігіне 24-30 млн-ға тағайындалады.
Левомицетин тобын пневмококкты менингитке, ішек таяқшасымен, сальмонеллалармен, Пфейфер таяқшасымен шақырылатын (дамитын) менингиттер кезінде тағайындайды. Кейде бірнеше антибиотиктер бірге қолданылады (пенициллин тобы, левомицетин, тетраолеан және т.б.). антибиотиктермен емдеудің ұзақтығы клиникалық ағымына байланысты. Науқастардың жалпы жағдайы жақсарып, менигеальды симптомдары жойылып ликвордың құрамы қалпына келген кезде антибиотиктердің дозасын азайтып, шегереді.
Сульфаниламидтер антибиотиктерге қосылып тағайындалады. Сульфаниламидтерден ұзақ әсер ететіндері жақсы эффект береді (сульфадиметоксин, сульфамонометоксин, сульфапиридазин).
Сонымен қатар дезинтоксикациялық, дегидратациялық, десенсибилизациялық препараттар, гамма-глобулин, витамидер тағайындалады. Глюкокортикоидтар ауыр түрде және Уотерхаус-Фредериксен синдромы кезінде қолданылажы. Екінші реттік іріңді менингиттер кезінде негізгі ауруды (іріңді ошақтарды) емдеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет