Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер



бет4/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
НС инф аурулары

Серозды менингит.
Серозды менингит организмге әртүрлі қоздырғыштардың енуінен дамиды. Серозды менингиттер бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Қоздырғыштары болып Коксаки, ЕСНО, полиомиелит, желшешек, эпидемиялық паротит вирустары табылады. Серозды менингит қатерсіз ағымды, бірақ кейде ауыр асқынуларды дамытуы мүмкін. Серозды менингиттің бір түріне туберкулез менигиті жатады. Ол кеш анықталатын, ақыры өлімге әкелетін ауыр ағымды ауру. Жас балаларда көбінесе эпидемиялық паротит, энтеровирустармен шақырылатын серозды менингиттер дамиды. Ал туберкулез менингиті аз кездеседі, кей кезде вакцина егілген кезде пайда болады.
Эпидемиялық паротит вирусы туғызатын менингит
Паротит кезінде дамыған серозды менингит бірінші және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы симптомдары паротит дамыған соң басталады. Серозды менингит сілекей бездерінің ісінуіне дейін немесе 7-10 күн өткен соң, кейде бір мезгілде дамуы мүмкін.
Клиникасы. Серозды менингит жедел басталып, дене қызуы жоғарылап, жалпы милық симптомдары пайда болады. Тексергенде менингеальды синдром анықталады. Интоксикациялық синдром менингиттердегідей болмайды. Кейде ми қабығымен ми заты да зақымдалады. Науқаста менингеальдық синдроммен бірге ми мен жұлынның, бас-ми жүйкелерінің ошақты зақымдалу белгілер анықталады. Сонымен қатар атаксия, бет ассиметриясы, тілдің ауытқуы байұалуы мүмкін. Бас-ми жүйкелерінен VIII жұп жиі зақымдалады. Қабыну процесі жұлынның алдыңғы мүйіздерін жайлап, энцефаломиелиттің клиникалық көрінісін тудырады.
Ликворда лимфоцитарлы плеоцитоз байқалады – 1 мкл-де 500-1000 клетка, белок – 0,49-0,60 г/л дейін жоғарлайды. Сондықтан гипертензиялы синдромға қарсы бағытталған люмбальды пункцияны емдік мақсатпен жүргізеді.
Емдеу. Дезинтоксикациялық, дегидратациялық, десенсибилизациялық, витаминді, қан тамырларын кеңейтетін препараттар қолданылады. Науқас тәуір болған соң гидроцефалия мен бас сүйек іші қысымының жоғарлауының алдын алу үшін дегидратациялық және антигистаминді терапия тағайындалады.
Ажыратпалы диагнозды анамнезіне және эпидемиялық мәліметтеріне, жұлын-ми сұйықтығының зерттеулеріне негізделе жүргізу қажет.
Энцефалиттер
Энцефалит бас миының қабынуы. Энцефалиттер қоздырғыштың тікелей әсерінен пайда болып, нейрондар мен жүйке талшықтарында қабыну өзгерістерімен сипатталады. Кейбір авторлар энцефалиттер тобына ми қантамырлар қабырғаларының инфекциялық, аллергиялық, токсиндік зақымдалуларын да қосады. Мұндай жағдайда, тіндерінде шынайы қабыну процесінің белгілері көбінесе болмайды, ал жүйке клеткаларында гемодинамикның бұзылу салдарларынан екінші реттік дисрофиялық өзгерістер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет