Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу



бет9/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Сүттің майлылығын анықтау.
Сүт майлылығын май өлшегішпен (бутириметр) немесе басқа аспаптармен анықтайды. Бұл әдіс майлы сүттің құрамындағы ақуыздарды қоюландырылған күкірт қышқылымен еріткеннен кейін центрифугалап бөліп алуға арналған.
Аспаптар мен реактивтер. Сүтке арналған май өлшегішпен өлшеу мүмкіндігі 0 - 6 % дейін. Әрбір бөлігінің көрсеткіші 0,1 %, резиналы тығын , 10,77 мл арналған пипетка, 10 мл және 1 мл ерітінді құюға арналған құрал, центрифуга, су ваннасы, май өлшегішке арналған штатив, 100°С - тық термометр, тығыздығы 1,81-1,82 қойылтылған күкірт қышқылы және изоамил спирті қажет.
Анықтау тәсілі. Таза бутириметрге (май өлшегіш) 10 мл қойылтылған күкірт қышқылын (тызыздығы 1,81 - 1,82 г/см3) құямыз. Оның үстіне 10,77 мл сүт құйып, 1 мл изоамил спиртін қосамыз. Бутириметрді тығыздап, резинкамен тығындап температурасы 65 - 75 ° С су ваннасында 5 мин. саламыз, тығын жағын төмен қаратып қоямыз. Айтылған уақыт өткен соң бутириметрді алып 5 мин. центрифугада айналдырамыз. Содан соң қайтадан 5 мин. 65 - 70 °С температурада ұстаймыз. Ваннадағы судың деңгейі бутириметрдегі ерітіндінің деңгейінен жоғары болу керек, әйтпесе салқындаған майдың көлемі көрсеткіштен аз болады.
Су ваннасынан бутириметрді алған соң майдың төмен деңгейін нолге қойып, жоғары деңгейге дейінгі аралықта өлшемді көрсеткен бөлікшенің саны майдың процент өлшемін көрсетеді. Әр бір кішкене бөлім 0,1 процент деп алынады, ал 10 кішкене бөлімі 1 процентке тең. Міндетті түрде екі рет анықтап барып орташа көрсеткішін аламыз.
Дұрыс анықтайтын тәсілдерге жататын факторлар. Дұрыс алынған сүттің орташа үлгісі, күкірт қышқылының тығыздығы ( 1,82 г/см3 жоғары болса ерітінді қарайып кетеді де май мен ерітіндінің шекаралары көрінбейді) мен тазалығы судың температурасы центрифуганың айналу шапшаңдығы. Егер салқын сүтті жақсы араластырылмаса, онда сүттің әр жеріне майлар жиналып қатады да, көрсеткіш не аз не көп болуы мүмкін. Су ваннасының температурасы төмен болса, майдың көлемін кішірейтіп көрсетеді. Центрифуганың айналу шапшаңдылығы аз болса центрден тепкіш күште аз болып, май ерітіндіден шықпай аз процент көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет