Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу



бет3/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Сүттің тазалық дәрежесін анықтау.
Сүттің тазалық дәрежесін анықтау әдісі сүттегі механикалық қоспаларын фильтрациямен және сүттің тазалық дәрежесін эталонмен салыстыруға негізделген. Сүттің тазалық дәрежесі- негізгі көрсеткіш, соған байланысты сүтті сортты немесе сортсыз деп квалификацияға бөлуге әсер етеді. Механикалық қоспалардың көп мөлшері сүттің сапасына әсер етеді, өйткені олармен бірге микроорганизмдер енуі мүмкін.
Аппаратура. Сүттің тазалығын тексеруге диаметрі 27-30 мм фильтрі бар арнайы приборлар қолданады. Фильтрлік материал ретінде мақта фильтр немесе фланель қолданады.
Анықтау техникасы. Прибордың сеткасына мақта немесе фланель фильтрін қойып,қақпақпен жабады. Фильтрацияны тездету үшін сүтті 35-40°С-қа қыздырады. Жылы сүттегі май бөлшектер сүттің барлық массасына жайылып, фильтрде қалады, сөйтіп, механикалық қоспаларды аңықтауға кедергі болмайды.Фланель фильтрі арқылы фильтрлеуді қысыммен (резина грушамен) жүргізеді.
Сүттің тазалық дәрежесін анықтау үшін фильтрді эталонмен салыстырады механикалық қоспалар мөлшеріне байланысты сүтті 3 топқа бөледі. Фильрлеу соңында фильтрді қағазға, пергаментке қойып, шаң жоқ жерде кептіреді.
Әр фильтр астында анықтау күнін және сүтті өткізген шаруашылық атын жазады. Сүттің тазалық анықтау нәтижесін сүт тапсырған шаруашылыққа хабарлайды.

Қорытынды. Зерттеу соңында нәтиже бойынша қорытынды жасау керек және бақылау сұрақтарына жауап берген дұрыс. Барлық жұмыс нәтижелерін дәптерге енгізу керек.


Бақылау сұрақтары:



  1. Қауіпсіздік техникасы ережелерін атаңыз?

  2. Сүт үлгілерін консервілеу және анализге дайындау?

  3. Сүттің тазалық дәрежесін анықтау, неше топқа бөлінеді?



Зертханалық жұмыс 2.


Тақырыбы: Өнім құрамындағы ылғалды және құрғақ заттарды анықтау әдістері.


Жұмыстың мақсаты: Сүттің құрамындағы құрғақ затты, ылғалды кептіру және есептеу әдістерімен анықтау.
Сүттің құрамындағы құрғақ затты, ылғалды кептіру және есептеу әдістерімен анықтау зерттелетін өнім үлгісін 102-105 °С температурада тұрақты салмаққа дейін кептіруге және арнайы формуламен есептеуге негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет