Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу



бет6/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Зертханалық жұмыс 4.


Тақырыбы: Органолептикалық анықтау әдістері.


Жұмыстың мақсаты: Органолептикалық анықтау әдістері.


Жабдықтар мен материалдар:

  • Сүт (2-3 түрі), кілегей,

  • лабораториялық су моншасы;

  • секундомер механикалық 3-ші класс НТҚ бойынша

  • шыны термометр өлшем бірлігі 0 - 100 °С;

  • кептіргіш шкаф;

  • электроплитка;

  • шыны колбалар сыйымдылығы 100 см3;

  • химиялық стакандар сыйымдылығы 50, 100 см3;

  • өлшегіш цилиндрлер сыйымдылығы 100 см3 по ГОСТ 1770;

  • алюминий фольгасы;

  • дистилденген су.



Үлгіні зерттеуге дайындау.
Қабылдау ережелері. Сүт пен кілегей партиямен қабылданады. Бір шаруашылықтан, бір сорттан, біртекті ыдыста және бір ілеспе құжатпен ресімделген сүт пен кілегей партия деп саналады. Цистерналарда сүтті немесе кілегейді тасымалдау кезінде әрбір цистернаны немесе оның секциясын (бөліктерін) партия деп санайды.
Сүт пен кілегей сапасын физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша және сүт сапасын микробиологиялық көрсеткіштер бойынша бақылау өнімнің әрбір партиясына жасалған біріктірілген сынамаларды талдау жолымен жүзеге асырылады. Цистерналардағы сүттің температурасын әрбір цистернада немесе секцияда (бөлікте) жеке өлшейді.
Физика-химиялық зерттеу жасауға, сүт пен кілегейдің үлгісін ыдысты аударып 3 рет араластырады, немесе басқа құрғақ ыдысқа, кемінде 2 рет аударып араластырады.
Физика-химиялық көрсеткіштерді анықтауда, сүт пен кілегейдің үлгісін (20 ± 2) °С температураға дейін жылытады. Консервіленген үлгі мен кілегей бөлінген үлгіні зерттеу алдында, оларды судың температурасы (48 ± 2) °С-ты су моншасында (35 ± 5) °С температураға дейін жылытып, сосын (20 ± 2) °С температураға дейін салқындатады.



Термин

түсініктеме

Нүктелі іріктеу үлгі

Фляга немес цистернадағы сүт немесе кілігейдің бір бөлігінен бір мезгілде алынған үлгі

Біріккен үлгі

Бір сыймдылыққа салынған нүктелі үлгіден жинақталған үлгі

үлгі

Зерттеуге алынған сүттің немесе кілегейдің белгілі саны

Ыдысты үлгі

Фляга, цистернаның бөлігі



Сүт немесе кілігейден нүктелі үлгі алуда арнайы сүт пен кілегейдің нүктелі іріктеу үлгісін таңдаған кезде, сыйымдылығы 0,50 немесе 0,25 дм3 (литр) болатын ұзартылған тұтқалары бар кружкаларды немесе түтіктің бүкіл ұзындығы бойында ішкі диаметрі 9 мм бар металл немесе пластикалық цилиндрлік түтіктерді пайдаланады.
Органолептикалық көрсеткіштері (иісі мен түсі, ал қайнағаннан кейін дәмі) және қышқылдығы (сүт үшін шектеулі әдіспен, ал кілегей үшін — ГОСТ 3624-92 бойынша титрлеу әдісімен анықталады) бойынша жауап беретін сүт және кілегей партияларынан талаптар немесе техникалық шарт бойынша біріккен үлгі алады. или технических условий, отбирают объединенную пробу. Органолептикалық көрсеткіштері және қышқылдықты партияның әр ыдысынан анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет