Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет26/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Ойық жараның тесілуі - жиі кездесетін асқыну.Әр авторлардың мәліметтері бойынше ойық жараның тесілуі аурудың 5-24% кездеседі. Жараның тесілуі адам өмірінде қездесетін ауыр жағдайларда жиілейді. Көбінесе ұлтабар ішегінің ойық жарасының тесілуін береді.
Ойық жара тесілуінің симптомдары - күтпегенде пайда болатын іштің жоғарғы бөлігінің ауырсынуы, іш бетінің қатаюы, Ең маңызды симптомдар – іштің қатты ауырсынуы, іш бетінің қатаюы және " ойық жаралы анамнез". Ауырсыну өте күшті, жедел пайда болады, науқасты "ішке пышақ салғандай"қатты қыйнайды.Әлбетте ауру адам екі аяғын ішіне тартып, қолдарымен ішін басып бір қырындап жатады, бет пішіні бұзылған "қиналу пішіні", кейбір ауруларда талықсу, шок байқалады. Ауру сезімі әрқашанда кеуде шеміршегі тұсында басталып төменге - оң жамбас, мықын тұсына жайылады. Бұл қарыннан шыққан қышқылдың іштің оң каналымен төмен ағуымен байланысты. Іш бетінің қатаюы - іш нашар қозғалады, ішке дем тарту қиын, іштің беті төмен, тегіс, қатайған, қозғалыссыз "тақтайдай қатты".
Диспепсиялы бұзылыстар - кекіру, лоқсу, құсу байқалады. Анамнезінде бұрын емханада емделгендігі, қанды құсық, "мелена" байқалғандығы анықталса диагноз оңайланады.
Пальпациямен іштің қатайғандығы және Щеткин-Блюмберг симптомы анықталады.
Іш перкуссиясында перфорацияның өте маңызды көріністерінің бірі - бауырды саусақпен перкуссиялағанда шығатын жуан дыбыстың жоғалуы анықталады. Бауыр тұсындағы жуан дыбыстың орнына жіңішке дыбыс естіледі. Бұл өзгерістің негізі келесі механизммен байланысты - қарынның тесігінен шығатын газ көк ет астына, бауырмен іштің алдынғы беті арасына жиналып бауырды айналдыра қоршайды.
АСҚАЗАННЫҢ ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫН ХИРУРГИЯЛЫҚ ТӘСІЛМЕН ЕМДЕУ
Карынның ойық жаралы ауруын операциямен емдеудің қажетті және бір шамалы қажетті деп бөлінеді
Абсолюттік қажеттіліктер- ойық жаралардың жыртылуы, олардың ісікке, стенозды, каллезды түрлеріне шабуы, көрші мүшеге жайылуы (пенетрация). Бұл жағдайдағы ойық жаралар консервативті емге көнбейді және науқас өміріне қауіп туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет