Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары


Тақырып№7. Омыртқа бағанының жарақаттары мен хирургиялық аурулары



бет28/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Тақырып№7. Омыртқа бағанының жарақаттары мен хирургиялық аурулары.
Мақсаты
Омыртқа және жамбас сүйектерінің сынығының түсінігін ,себебін, белгісін білу ,бірінші мед .көмек көрсетуді, асқынулардфы тани білу. Тасымалдау мен бекітудың ерекшеліктерін. Емдеу принциптерін, күтімін білу керек.
Дәріс тезистері.
Омыртқа бағанасының жарақаты.
Омыртқа бағанасының жарақаттары жабық (соғып алу, байлам аппаратының соғылуы, сынықтар, буыннан таюлар) және ашық (суық және оқ құралдарымен жарақаттанғанда) болуы мүмкін. Омыртқа жарақаттары басқа мүшелер жарақаттарымен бірге болуы мүмкін.Омыртқа бағанасының сынуларының себебі: тік соққы, баспен немесе аяқпен құлағанда омыртқа денелерінің қатты қысылуынан болады.Омыртқа денелерінің жеке сынулары, қысылған (компрессиялық), иін және жота өсінділерінің сынулары деп бөлінеді. Жеке омыртқаның буыннан таюлар көбінесе омыртқа бағанасының мойын бөлімінде кездеседі. Сынықтар жұлын және жүйке түбірлері жарақатымен болуы мүмкін.Қысылып сынулар. Бұндай сынулар кезінде көбінесе омыртқа денесі (спонгиоз заты) қысылып сынады. Жиі сынатын жерлер: көкірек омыртқаларының төмендегілері және бел омыртқаның жоғарғысы.
Клиникалық белгілер: Жарақаттанған омыртқаның жота өсіндісі маңайындақатты ауыру, жарақаттанған аймақтың томпаюы (бүкір түріндегі өзгеру), арқа бұлшық еттері тартылады. Омыртқа бағанасының осы аймақтақозғалысы мен қызметі бұзылады.
БМК және тасымалдау: Науқасты етбетінен қатты зембілге жатқызу керек. Омыртқаның косымша таюын болдырмау үшін және жұлынның бүтіндігін бұзбау үшін оны ауруханаға алып бару абайлап жүргізіледі. Ауырсыну сезімін басу, жасанды өкпе вентиляциясына дайын болу, шокқа қарсы инфузиялық терапия.
Диагностика. Омыртқа бағанының рентгенографиясы, КТ.
Емі. Анық білініп тұрған омыртқалар денесінің қысылып сынуларында емделудің негізі – қысылған омыртқаны жазу (Реклинация). Реклинация науқас келіп түскенде жасалынады. Науқас екі үстелге етбетінен жатқызылады. Дененің орта бөлімі асылып тұрады. Бірте-бірте болатын реклинацияда науқас шалқасынан қалқанға жатқызылады. Сынған омыртқаның астына құм салынған қапшықтар қойылып омыртқаның сынығын абайлап орнына келтіреді. Кішкене қысылып сынуда реклинацияның қажеті болмайды. Реклинациядан кейін гипс корсеті салынады және функцианалды ем жүргізіледі. Корсет екі екі жарым айға салынады. Бірінші күндері басты, аяқ-қолдың басын ғана қозғалтуға рұқсат. Жеті күннен соң қозғалыстарды күшейтеді. Он сегіз – жиырма тәуіліктен соң науқасты етбетінен жатқызып аяқ-қолын, басын көтертеді (қарлығаш тәрізді қалып). Күніне бес-алты рет 5-10 минуттан, кейін 20-30 минуттан тұруға екі айдан кейін рұқсат, бірақ еңкеюге болмайды. Отыруға төрт айдан кейін рұқсат. Ойылудың алдын алу, тыныс гимнастикасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет