6. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың компенсация процесіне ықпалы (Л.С. Выготский).
Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай, айналасындағы адамдарменде қарым-қатынас жасауын қиындатады. Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметттік өміріндегі мінез-қүлқының ауытқуына экеп соқтырады. Әлеуметттік кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Кезкелген отбасында кеміс балалға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік қүшағында болады. Балаға деген мүндай қамқорлық оған күшті эсер етіп, ол өзін басқа балалрдан бөлексіткендейсезінеді. Дене кемістігі бар бала, сау балаға қарағанда өзіне деген ерекше элеуметтік көзқарасты қажет етеді. В.М. Бехтеревтің пікірінше адам өміріндегі азғантай өзгерістің өзі де элеуметтік тепе-теңдікке күшті эсер етеді. Срндай өзгерістер адамдармен қарым-қатынасты да, оның бағытын да, тіршілік қалпында, жеке тағдырында қайта қүруға мэжбүр етеді. Осы уақытқа дейін ғылыми-педагогикалық эдебиеттерде жэне жалпы түсінік бойынша кеміс балалардың жан дүниесінің сырынзерттеу биологиялық мэселе депсаналып келгені өкінішті-ақ. Адамның кемістігі тек биологиялық түрғыдан іздестіріліп, оның дене қүрылысы мен айналасындағы табиғи нэрселермен қалайша қатынас жасайтындығы зерттелерді. Ал педагогтар үзақ жылдар бойы тэрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын толықтыруға болады деген үшқары пікірді қолдап келді. Мысалы, адамның бір бүйрегін алып тастаса, екінші бүйрегі жүмыс істейді жэне ол екі бүйректің де жүмысын атқарады деп санады. Қысқасын айтқанда дене кемістігіне қатысты психолоиялық, педагогикалық мэселелерге ат үсті қарап, оларға тек медициналық түрғыдан жауап берді. Бүл ретте елеусіз қалған бір жайт бар. Кемістік адамның тек жеке басынақатысты деп санамай, оныэлеуметтік факторретінде қарастырған орынды. Өйткені дүниедегі болмыс пен адамның тіршілігін байланыстырушы әлеметтік орта.
Психолгия мен педагогикада балалардың кемтарлығы жайында мэселені элеуметтік маңызды мэселе ретінде қарастырып, оны эдеттегі екінші кезектегі іс деп санамай, адам тіршілігіндегі басты мэселе ретінде бағалауды қажет етеді. Бүл мэселенің мэн - жайын жете бағалап, оны аса қажетті деп қараған әділетті болмақ. Егер психологиялық түргыдан баланың дене кемістігін элеуметтік сынық деп санайтын ьолсақ, онда педагогикалық түргыдан сол денедегі сынықты орнына салып емдеу деп үғыну керек.
Ең алдымен біздер дене кемістігі жайында ғылымға жат түсініктерден арылуымыз керек. Мүндай түсінік бойынша табиғаттың өзі кеміс мүшенің қызметін организмнің өзге мүшелерінің жетілуіне орай қоса атқарады да, адамның бойындағы кемістікті толықтырады дейді. Бүл биологиялық тэсіл делінеді. Мысалы, соқырддың көзі көрмесе де, ол тіршілік еткен ортасына икемделіп, нэрселердің түр-түсін саусақтармен сипау арқылы танып біледі, ал мылқау адамның дыбысты тілі болмаса да, ол өзгелердің айтқан сөзін еріндерінің қимыл-қозғалысынан түсінеді дейді.
Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы жэне қаптаған Л. Браиль өрпімен жазылған шығыңқы нүктелерді мүқият тануы арқылы эрбір нүктенің орналасу тэртібіне орай бөлек эріпті білдіріп, сол дыбыстардан сөз қүралады. Сөздер сөйлемге айналады. Бүл процесс сау адамдардың Браиль Луи (1809-1852) - элемге эйгілі француздың соқырларды оқыту жөніндегі педагогі. Соқырлар үшін өз атымен белгілі жазу, оқу әдістерін ойлап тапқан. Л.С. Выготский оныңэріптерібойынша оқып үйренудің кэдімгі эріптерден айырмашылығы жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанға үқсас жэне психологиялық жағынан олардың бірінен-бірінің ешқандай айырмашылығы жоқ. Хат танымайтын сауатсыз адамға кітап беті шимай-шатпақ болып көрінеді. Сол сияқты Браиль шрифтары да біздерге түсініксіз. Бүл ретте мэселенің мэні сезім мүшелерінің жақсы жетілуіне орай оның сауаттылығы мен тэжірибесіне байланысты. Браиль нүктелерін шапшаң айырып оларды дүрыс қабылдауына байланысты. Көзі көретін адамдар да соқырлар сияқты тез арада үйренуге болады. Сол сияқты ерінді қимылдатып сөйлеуді де үйрену қиын емес. Саңырау мүндай тэсілді падаланып «көзімен естуді» үйренеді. Мүндай ерекшелік көздің айрықша жаратылуында емес, оның сауаттылығы мен ойлау қабілетінің еріннің қимыл-қозғалысына қарап, оны эрьір затпен салыстыра отырып оқуына икемділігінде.
Достарыңызбен бөлісу: |