Тақырып. «Арнайы педагогика» Кіріспе. Арнайы педагогика теориясының жалпы сұрақтары


Психикалық даму бұзылыстарының негізгітүрлері



бет24/68
Дата29.05.2022
өлшемі262.77 Kb.
#458770
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Та ырып. «Арнайы педагогика» Кіріспе. Арнайы педагогика теориясы

8. Психикалық даму бұзылыстарының негізгітүрлері.

Балаларда психикалық дамуы бүзылуының бірнеше түрлері кезднседі. Сондай бүзылыстардың бірі психикалық дамуы тежелген балалар.


Психикалық дамудың тежелу мэселесі дүниежүзілік психологтар мен педагогтардың бірден-бір көкейкесті проблемаларының бірі болып табылады. Олар кемақылдылар қатарына жатпайтын, бірақ білім қорының көлеміне қарай оларды қорытуға жеткілікті икемділіктері болса да алғашқы сыныптарда мектеп бағдарламасын игере алмайды.
Сол жылдары енгізілген міндетті орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін төмендетті. Тіпті кейбіреулері бағдарламаларды игере алмады, білім сапасы төмендей бастады. Осы кезде шет елдерде оқу үлгерімінің сапасы, білім деңгейін көтеру бағытында ғылыми зерттеулер қалыптаса бастады. АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемлекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық,педагогикалық тэсілмен зерттеу арқылы «оқу қабілеті төмен», «оқытуда қиындықтар кездесетін», «педагогикалық дүрыс тэрбие алмаған», «тэртібі бүзылған», «бейімделген», «миында болмашы зақымданулары бар» балалар деген топтар айқындала бастады. Мектеп жасындағы бүл балалардың бәріне тән кемістік үлгермеушілік. Ал оның басты себебі: бастауыш сыныптарда анық байқалатын психикалық эрекеттердің кейбір түрлерінің тежелуі немесе уақытша қалыптасуы. Бүл ауытқулар көбінесе 5-6 жастан 11-12 жас аралығында кездеседі оларды кемақылдылықтың жеңіл түрлері кездесетін балалардан ажырату үшін, Сухарев Г.Е. « психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТБ)» деген терминді енгізді. Бүл
балалардың интеллектуалды дамуының зақымдану дэрежесі - олигофрения мен интеллектісі қалыптыдамыған балалардың арасындағы аралық орынды алады. Психикалық дамудың тежелуі уақытша болуыда мүмкін.
Жалпы мектептегі оқушылар арасында,эдетте мінез - құлқы аумалы төкпелі, морт (психопат) деп аталатын балалар болады. Ондай
психопаттықтың болу себебі - ұрықтың жатырдағы кезеңынде немесе бала өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз эсер етуі болып табылады .
Психопат балаларда жоғары қозғыштық (сезгіштік), кейбір жағдайда қияли өзгерістерге бейімділік жиі байқалады. Сондай-ақ еріктің дамымауы оларға тэн нэрсе, соның салдарынан көңіл -күйдің аумалы-төкпелілігі, бірдеңеге сену тым жоғары болады. Олардың мінез-қүлқы неге болса да себепші күш ретінде қызмет атқарады. Ондай балалардың жүмыс қабілеті төмен, зейінсіз болады, бір нэрсеге ой тоқтата, байыбына жетіп, мектепте берілген тапсырмаларды орындай алмайды. Органикалыц психопатия. Ми қабықшалары мен ми жүйелеріне байланысты органикалық кемшілікпен шарттас психопатияда бала шын мэнісінде жан-жақты дамып, жетілмегендігімен сипатталады. Ондай бала ең алдымен өзі істеген теріс ісіне, орындаған жүмысына дүрыс баға бере алмайды, болмашы түрпайы нэрсеге жиі алданады. Сөйтіп, оның эмоциялық өрісі өздігінше дамиды. Мэселен, аз ғана эмоциялық белгілер сақталып қалғанның өзінде оларда күрделі эмоциялық білім дамымайды, яғни төңірегіндегілерге айыра, анықтап қарау, терең түсіну болмайды; сондықтан олардың эмоциясы әрі түрақсыз, үстірт болады. Оның үстіне мүндай психопаттарда қатты қайғыру, эсерлену болмайды. Сол себепті оларда намыс, реніш-өкпе де, жаны күйзелу де кездеспейді.
Органикалық психопат балалардың интеллекті бүзылмаған: ойлауы, есіне сақтауы, көргенін түсінуі, сөз сөйлеуі жеткілікті дамыған болады. Бірақ оқуды үлгеруі жоғары болмайды, себебі ондай балалар тапсырманы алдын ала ойланбай, дайындықсыз жасайды. Бірдеңеге ой тоқтатып, көңілін аудара алмайды, тапсырманың да кейбірін есіне сақтамайды, қиындықтарды да жеңу қолынан келмейді. Мүндай балалармен жүмыс жасағанда, эсіресе олар жаңадан оқи бастағанда, оқу процесін дүрыс үйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Олар оқу, жазу жэне есептеуде қинала қоймағанмен, жүмыс орындауға нашар тартылады, бастаған ісін аяғына дейін жеткізіп, бітірмейді. Орындаған жағдайда оны үқыпсыз, салақ жасайды. Сондықтан органикалық психопат балаларды оқытқанда олардан үйге берілген тапсырмаларды үқыпты түрде орындауға үйрету қажет. Ол үшін алғаш жеке тапсырмалардан бастап, қиын, күрделісіне қарай бірте-бірте орындатқан дұрыс.
Эпилептік психопатия. Бүл паталогия тұқым қуалаушылыққа байланысты туады. Отбасында, түқымында эпилепсия ауруы болса, міне соған байланысты осы түрі пайда болады. Бұл аурумен ауырған адамдарға тэн: қайғы-қасіретте тұрып қалу (соны қайта ойлай беру,ызақорлық, мейірімсіздік, кекшілдік, күдікшілдік). Бірақ олардың
бойларында жақсы қасиеттері де бар: жақсы жұмыс қабілеті, эр тапсырманы дұрыс, таза ұқыптылықпен орындау, бар ынтасын салып жұмыс істеу, кездескен қиыншылықтарды жеңу. Кішкентай кездерінде бұл балалар өте эсерленгіш келеді. Бір нэрседен эсер алса, ол көпке дейін созылады. Ал мектеп жасына дейінгі бұл балаларға осы эсерленуге қоса тағы да өздерінің қайғы-қасіреттерінде тұрып қалу қосылады. Көп уақытқа дейін ойланып, ұмытпай бір түрлі болып жүреді. Ал мектепке барған соң, бұл балада жағымды, жағымсыз қасиеттер қалыптасады. Бір жағынан олар жұмыскер пысық, екінші жағынан бұл балаларда қаттылық, кекшілдік байқалады. Оларда патологиялық қасиеттер жайлап қалыптасып, дамудың бір деңгейінде пайда болады. Сондықтан, осындай қасиеттерді жою үшін педагогикалық үрдісте дұрыс жолға қойылуы қажет, баланың жақсы, жағымды жақтарына сүйену қажет.
Эпилептоидты психопаттың да өз заңдылығы бар. Оларда өте жас кезінен-ақ ашушаңдық пайда болады. Бұл вегетативтік және қан тамырлары жүйкесі жұмыстарының нашарлығынан да болуы ықтимал. Өйткені олардың жалпы соматикалық күйінде ешқандай ауытқушылық болмайды. Соның өзінде ашушаңдық оған тән қасиет - ол ұзаққа созылады жэне басқа көңіл-күймен оңайлықпен алмаса қоймайды. Мектеп жасына дейін оның мазасыздығы мен ашушаңдығына аффектілік мінез - көңіл - күйдің қиялилануы қосылады.
Эпилептоид балаларға, эсіресе еңбекпен тэрбиелеу де жақсы ықпал етеді. Көңіл-күйі қиялилыққа бейім балаларға барынша қолайлы жағдай туғызу керек. Оның қозып, ашулануын басатын дэрі-дэрмектерді дэрігермен кеңесе отырып беруге болады. Әрине, бэрінен бұрын дәрі ішкізуге жеткізбей тұрып, алдын алған жөн. Бұл үшін педагогдар мен мектеп дэрігері баланың көңіл-күйіне ұдайы көңіл бөліп, бақылап отыруы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет